Физикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Физикадан ашық сабақтар

Электр тогы
[ Сайттан жүктеу (117.8Kb) ] 28.03.2015, 18:03

Материалдың жеке номері 1025

Электр тогы

загрузка...
IV тарау. "Электр құбылыстары"(22 сағат).
"Тұрақты электр тогы"(12 сағат).
Бөлімі Сабақ саны Модульдің мазмұны Уақыты
Кіріспе 1 сабақ Лекция.
Модульдің құрамын түсіндіру. 45 минут

Сөйлесу 2,3 сабақ

§35. Электр тогы. Ток көздері.
§36. Ток күші. Амперметр.
§37. Электр кернеуі. Электр тізбегі. Вольтметр.
N3.З.ж."Электр тізбегін құрау, ток күшін және кернеуді өлшеу" 90 минут


4 сабақ
§38. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі.
N4.З.ж."Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру". 45 минут
5,6 сабақ §39,40. Меншікті кедергі. Асқын өткізгіштік. 90 минут
7,8 сабақ §41. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
N5.З.ж. "Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғап үйрену". 90
минут
9,10 сабақ §42. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.
N6.З.ж."Электр тогының жұмысын және қуатын өлшеу".
§43,44. Электр қыздырғыш құралдар,қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар. 90 минут
Қорытынды 11 сабақ Ауызша сынақ.
Есептер шығару.
Тест сауалнамасы 45 минут
12 сабақ Бақылау жұмысы. 45 минут

Нені үйрену қажет?
• Электр тогы, оның әсерлерін, тудырушы ток көздерін, ток көзін сипаттайын : ток күші, кернеу, кедергі, ток жұмысы, қуаты, жылу мөлшері сияқты физикалық шамаларды оқып үйрену.
• Негізгі ұғымдарды, формулаларды (ток күші, заряд, кернеу, эқк, өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу заңдарын, тізбек бөлігі үшін Ом заңын, меншікті кедергінің, электр тогының жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңын) еске сақтап үйрену.
Нені білуі тиіс?
• "Тұрақты электр тогы" тарауы төңірегінде сөйлей білу, өз ойын жүйелі жеткізе білу.
• Осы тарау бойынша алған теориялық білімдерін, формулаларды еске сақтап, есеп шығаруда, практикада дұрыс және тиімді қолдана білу.

11 сабақ.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың мақсатын, жүру барысын түсіндіру.
III. Сабақтың барысы:
3.1. Ауызша сынақ.
3. 2. Есептер шығару.
3.3. Тест сауалнамасы.
IV. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
V. Үй тапсырмасын беру.

Ауызша сұрақтар.
1. Электр тогы дегеніміз не?
Зарядталған бөлшектердің реттелген бағытталған қозғалысы.
2. Электр қозғаушы күші (ЭҚК) дегеніміз не?
Ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын, бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шаманы айтады.
3. Ток күші деп нені атайды?
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын атайды.
4. Электр кернеуі деп нені атайды?
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы аталады.
5. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.
Тізбектің бөлігіндегі ток күші- осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.
6. Өткізгіштің кедергісі дегеніміз не?
Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал, көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді.
7. Электр тогының жұмысы деген не?
Ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең шама.
8. Электр тогының қуаты деген не?
Жұмыстың орындалу шапшаңдылығын көрсететін физикалық шама.
9. Джоуль-Ленц заңын тұжырымда.
Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады.
10. Қысқа тұйықталу дегеніміз не?
Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталу құбылысын айтады.
loading...

Автор: Касымова Булбулан Касымкызы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Жамбыл атындағы мектеп- гимнази

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Физикадан ашық сабақтар | Қосты: Касымова_Булбулан | Ілмек сөздер: электр
Көрсетілім: 1127 | Жүктеулер: 660 | Рейтинг: 4.0/1
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 87
Қонақтар: 86
Тіркелгендер: 1
Abilkaev_Zhandos