Сайт учителя начальных классов
.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Алтықарасу мектеп-балабақша-
сының физика пәнінің мұғалімі
Абуталипова Гулжазира Наурызбаевна

Сабақ тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.
Мақсаты:білімділік: а) дыбыс толқындары туралы түсінік беру
ә) дыбыстың сипаттамаларын, музыкалық дыбыстарды
қарапайым мысалдар арқылы түсіндіру.
тәрбиелік: ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу. Домбыраның құрылысымен танысу. Этнопедагогикалық тәрбие беру.
дамытушылық: пәнге деген ынтасымен қабілетін дамыту,
білімділік танымдарынөмірмен байланыстыра
отырып арттыру.
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, демонстрациялау.
Көрнекілік құралдар: слайдтар, домбыра, камертон,
графопроектор.
Пән аралық байланыс: тарих, этнопедагогика, қазақ тілі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
1.1. оқушылардың құрал – жабдықтарын алғызу
1.2. зейінін сабаққа аудару
1.3. оқушыларды психологиялық дайындау
1.4. Оқушыларға өзіндік бағалауды түсіндіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 25 – жаттығудың № 3
2. сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін тексеру.
ІІІ. Өткенді еске түсіру.
IV. Жаңа сабақты меңгеру.
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Қорыту.
VII. Үйге тапсырма
VIII. Бағалау
І І. 1. Берілгені Талдау Шешуі
υ=20м∕с м/с *0,5с = 1 м
T=0,5 c
λ = ?
ІІІ. Өткенді еске түсіру физикалық диктант
Физикалық диктант, 5 минут
1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
7. Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.
8. .
ІІІ. Жаңа білімді меңгеруге даярлық
«Қос ішек» аңызы.
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарнын ақтарып алып тастайды.
Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт аң аулауға ұрымтал жер еді ғой деп баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді.
Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» деп ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.
Домбыра құрылысы.
Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық –аспап.
IV. Жаңа сабақ
Статистикалық тепе-теңдік.
А) Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда барлық бөліктері өзара тепе-теңдікте тұрады.
Егер домбыра ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз.
1. Тепе-теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырдық.
2. Ішектің тербелісі ауа арқылы, біздің құлағымызға жетеді.
3. Біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да күрделі тербеліске ұшырайды.
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады.
Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц –ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп аталады.
Жиілігі 20000 Гц тен жоғары толқындар – ультрадыбыстар
Жиілігі 16 Гц –тен төмен толқындар инфрадыбыстар деп аталады.
102 сурет. Мысал келтіру
Сонымен ауада тарайтын дыбыс толқындары бойлық толқындар болып табылады№ Дыбыс барлық ортада тарала алады. Қарапайым бақылаулар дыбыс әр түрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралатынын көрсетеді.
1 кесте. Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы. Найзағайдың суретті.
Жарықтың ауада таралу жылдамдығы 300000км/с
Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 330м/с
Музыкалық дыбыстар – камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары.
Дыбысты сипаттайтын физикалық шамалар

Дыбыс қаттылығы тонның биіктігі тембр
Дыбыс қатылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.
Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу әр түрлі жиіліктігі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы
V. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.
5.1. Тест жұмысы, 5 минут
1. Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш
С) камертон Д) генератор
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр Б) герц
С) метр/секунд Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 330м/с Б) 50м/с
С) 1480м/с Д)5600м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А) 100дБ Б) 50-60дБ
С) 120дБ Д) 10дБ
5.2. Есептер шығару, 8 минут
26 – жаттығу № 2, 3
2. Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.
3. Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер.
Есептер шығару.
1. Толқын ұзындығы 2м, бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды 0,2с. Толқын қандай жылдамдықпен тарайды?
2. Бөлшектердің толқындағы тербеліс жиілігі 0,6Гц, толқынның таралу жылдамдығы 12м/с. Толқын ұзындығын табыңдар.
VI.Сабақты бекіту
Домбырамен күйсандықтан бір нота орындату.
Сұрақ: Осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме?
Жауабы: Бұл аспаптардың жиілігі де бірдей, бірақ тембірі әртүрлі болады. Біз тембіріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз. Дыбыс тембірі бойынша дыбыс көзі анықталады.
VI. Үйге тапсырма беру.
§ 31,32
26 – жаттығу № 4,5
VII.
Оқушыларды бағалау.
№ Үй тапсырмасы Тест Есеп Бекіту Жалпы балы
есеп физ диктант №1 №2
бал 5 8 7 5 5 5 35


Бағалау.
35 – 29 – “5”
28 – 20 – “4”
19 – 15 – “3”

ID: 1644 | Просмотров: 3704