Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Қайнау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «жылу құбылыстары» тарауындағы қайнау
тақырыбын игеру барысында алған білімдерін тереңдету, бір
жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық талдау және шығармашылық
қабілетін арттыру. Дербес ойлануды, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен ынтымақты жұмыс істеуіне бағыттау, бір-бірімен үйлесімді
қарым-қатынас жасауға, өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.
Құрал жабдық: интерактивті тақта, тест тапсырмалары, эксперименттік
карточкалар, мензурка, стакан, термометр
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтап оқыту әдістемесі, эксперименттік тапсырма, түсіндірмелі сұрақ-
жауап, жаттығу
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, жаратылыстану, математика
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру;
2. Үй тапсырмасын пысықтау;
3. Үй тапсырмасын қорытындылау;
4. Жаңа сабақ;
5. Бекіту;
6. Қорытындылау;
7. Үйге тапсырмасы.
2. Пысықтау сұрақтары:
1. Жылу мөлшері дегеніміз не? (Жылу алмасу кезіндегі дененің ішкі энергиясының өзгеруі)
2. Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері: (Механикалық жұмыс істеу арқылы; Жылу берілу арқылы)
3. Жылу берілудің түрлерін ата: ( жылу өткізгіштік; Конвекция; Сәулелену)
4. Дене қыздырғанда және оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін қалай есептеуге болады?
5. Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қалай анықтаймыз?
6. Булану және конденсация дегеніміз не? (Сұйықтың газ түріндегі күйге айналуы булану деп, газ күйінен сұйық күйге айналуы конденсация деп аталады)

Үй тапсырмасын пысықтау:
1- тапсырма. Мензуркадағы суды темір ыдысқа құйып, қыздырған. Суды қыздырғанда бөлінетін жылу мөлшері қандай?


2-тапсырма. Мензуркадағы бензинді қыздырғыш құралға құйып, жаққан. Егер бензинді жаққанда бөлінген жылу шойын тақтаны қыздыруға кеткен жылуға тең болса, шойын тақтаны қыздырдырғанда температура қаншаға өзгереді?



Жаңа сабақ
Қайнау деп, сұйықтың бүкіл көлемінде өтетін булану процесін айтады.
Қайнау алдында су неге “шуылдайды”?

Кейбір сұйықтардың (қалыпты атмосфералық қысымдағы)
қайнау температурасы
Зат Температурасы 0С Зат Температурасы 0С
Аммиак
Ацетон
Дистильденген су
Көміртегі оксиді
Метил спирті
Озон -33,4
56,5
100,0
-78,48
64,5
-112,0 Скипидар
Сусыз азот қышқылы
Табиғи сүт
Фреон
Этил спирті
Этил эфирі 161,0
86,0
100,2
-29,8
78,3
34,5
Сұйықтарды жоғары температурада қайнатқанда бөлінетін жылу мөлшері:

Меншікті булану жылуы:

“Меншікті булану жылуы” ®– физикалық шама, ол қайнау температурасындағы массасы m сұйықтың кебуі үшін жұмсалатын жылу мөлшерін білдіреді

Сабақты бекіту
Есеп. Суретте кескінделген графикті пайдаланып, қыздырудан буға айналуға дейінгі жылу процестерінің нәтижесінде массасы 800 г мұздың ішкі энергиясының өзгерісін анықтаңдар.


Сабақты қорытындылау
1. Қайнау алдында сұйықта қандай құбылыстар байқалады?
2. Сұйықтың қайнауы қай кезде басталады?
3. Қай кезде тез пісіргіш кастрөлдің қақпағын ашу қауіпсіз?
4. Суық күндері бөлме терезелерінің ішкі жағына неліктен тамшылар жиналады?
5. №304 есеп. Қайнау температурасындағы аммиакты буландыруға 364 кДж энергия жұмсалған. Буалнған аммиактың массасын табыңдар?

Үй тапсырмасы: §18. №303 есеп

Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Макаров жалпы орта білім беретін мектебі



Тақырыбы: «Қайнау»

8 «а» сынып

Өткізген: физика пәні мұғалімі Кайрова Б.Қ.

2014-2015 оқу жылы

ID: 1622 | Просмотров: 2735