Экономикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Экономикадан ашық сабақтар

Білім «биржасы»
[ Сайттан жүктеу (70.0Kb) ] 23.05.2015, 11:13

Материалдың жеке номері 1642

Білім «биржасы»

загрузка...
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Алтықарасу мектеп -балабақшасы
физика пәнінің мұғалімі Абуталипова
Гулжазира Наурызбайқызы
Тақырыбы: Білім «биржасы»
Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың экономикалық білімдерін тереңдету.
Дамытушылығы: баланың кәсіптік бейімділігін арттыру, танымын молайту.
Тәрбиелілігі: оқушы бойындағы алғырлық, іскерлік, нақтылық т.с.с. қасиеттерді қалыптастыру. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес.
Әдісі: іскерлік ойын.
Формасы: топпен жұмыс.
Ұраны: Бірлік-ұйымнан, теңге-тиыннан.
Көрнекілігі: конкурс хабарламасы жазылған плакат, үлестірмелі тапсырмалар (логикалық есеп, тест «Иә немесе жоқ », «Экономикалық лингвстика», «Адасқан буындар» ойындары).
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Негізгі бөлім:
Оқушылардан қазіргі уақыттағы ең үлкен армандары сұралды. Олар бір ауыздан ең үлкен армандары жоғары оқу орнына түсу екендігін айтты.
Ендеше, қазір 2015 жыл емес, 2020 жыл. Сендерді қолдарында дипломы бар жоғары білімді маман деп есептейік. Олай болса, сендер үшін қызықты жаңалық қазақстандық әйгелі тауар өндіруші «АВDI company» Алтықарасуда өз филиалын ашпақшы. Компания басшысы-білікті, іскер мамн. Ол үшін бизнес, жұмыс бәрінен де маңызды. Сондықтан да ол бұл филиалдарына компанияның одан әрі гүлденуіне өз үлесін қоса алатын білікті мамандарды қажет етеді.
Компанаия филиалында мынадай бос жұмыс орындарына конкурс жарияланған:
1. Менеджер – 1орын. 5. Хеджер – 1орын.
2. Диллер -1орын. 6. Жарнама агенті – 1орын.
3.Аудитор – 1орын. 7. Маркетинт зерттеушісі – 1орын.
4. Брокер – 1орын. 8. Психолог – 1орын.
Оқушыларға жоғарыда аталған мамандықтар бойынша қосымша мәліметтер берілген карточкалар ұсынылады. Әр топ оқушылар өз таңдаулары бойынша бір мамандықты қалап алғаннаң соң, конкурс бөлімдері
хабарланды.
Конкурс бөлімдері:
1. Тест – білімдерін тексеру.
а) «Экономикалық лингвистика» ойыны.
б) Логикалық есептер.
в) «Адасқан буындар» ойыны.
г) Тест «иә немесе жоқ».
2. Әңгімелесу – жеке дара қабілеттерін бағалау.
а) Офиске келген факсқа жауап беру. («Басқатырғыш» ойыны).
б) Әзіл есеп.
в) Логикалық сұрақтар.
3. Компания менеджерлерінің сайысы.
а) Ситуациядан шығу.
б) Топпен жарнамалық ролик әзірлеу (15 сек).
4. Сабақтың қорытынды бөлім.
5. Бағалау.
1-бөлім.

А) «Экономикалық лингвистика» ойыны.
1. дық+ман+ма = Адамның алған кәсібі арқасында айналысатын іс.(Мамандық)
2. нім+се+хат = біреудің атынан іс-әрекет жасауға сенім білдіретін құжат.(Сенімхат)
3. кир+ бан = банк жұмысын басқарушы. (Банкир)
4. ма+фер = жануарлар мен өсімдіктерді өсіретін орын.( Ферма)
5. Ай+зып =қарыз ақшаның үстіне қосылатын құн.(ПАЙЫЗ)
6. Сыл +ақ = заңды, жеке тұлғалардың мемлекетке төлейтін міндетті төлемдері.(САЛЫҚ)
7. Луъ+бр = белгілі бір елдің ақша бірлігі.(РУБЛЬ)
8. айп+ад =қандай да болса бір істі орындау кезінде түсетін олжа.(Пайда)
9. Сен +ие= екі жақ келсім бойынша белгілі бір уақыт мерзіміне алынған қарзы ақша. (НЕСИЕ)
10. Ет +тон =заттың таза салмағы.(НЕТТО)
Б)Логикалық есептер.
1-топ.
№1. Дастархан басында 7 қыз және әрқайсысының інісі отыр. Барлығы неше адам отыр?
(сегіз)
№2. Қандай цифрдың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (100-жүз).
№3Тауық бір аяғымен тұрғанда 12кг тарса, екі аяғымен тұрғанда қанша тартады? (12кг)
2-топ.
№1. Үш пар ат 30-км-ге шапса, әр ат қанша км шабады? (30 км)
№2Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, үшеуі қаз-қатар.Қанша үйрек ұшып келеді? (3)
№3 4 қойдың неше аяғы бар? (16)

В)«Адасқан буындар» ойыны.
1.қажет ріс
2тұтыну бат
3. са ма
4. қым быс
5. көтер шы
6. та тілік
7.пай нок
8. өнді лық
9.ры ме
10.фир да
11.жұ тал
12.кі ша
13.Капи бек
14.төл да
15.ақ номика
16.ең мыс
17. на ғын
18. сау ріс
19.шы ем
20.Эко рық

Г) Тест «Иә немесе жоқ»
1.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз филиалдарының міндеттемелеріне жауап бермейді.
Иә Жоқ
2.Бизнесте кәсіпкерлерге айналысуға шектеу қойылған кәсіп түрлері бар.
Иә Жоқ
3.Экономикалық белсенді адамдар қатарына жұмыссыздар енеді.
Иә Жоқ
4.Ресурстар шектеулігі адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шектеулігімен түсіндіріледі.
Иә Жоқ
5. Бәсекелестік дегеніміз- пайда үшін күрес
Иә Жоқ
6. Нарықтық жағдайда кәсіпорын, ұйымға жоспар қажет емес.
Иә Жоқ
7. Жанармай стансасы нарықтың бір мысалы.
Иә Жоқ
8. «Соса-Соla» сусыны бағасының төмендеуі сәкесінше «Рерsі-Соlаның» да бағасын да түсіреді.
Иә Жоқ
9.Инфляция кірістің төмендеуіне әсер етпейді.
Иә Жоқ
10.Нарықтық экономикада қандай тауар өндіру керектігін тауар өндірушінің өзі шешеді.
Иә Жоқ
2-бөлім.
а) «Басқатырғыш» ойыны.
Офистеріңізге факс келді делік. Хабарлама анық жазылмаған, бірақ уақыт тығыз. Хабарламаны 3 минуттың ішінде бас офиске жіберу керек.
С Д А Д
А У Д А
Т С О Қ
Ы Қ Ж О

Жауабы: Саудада достық жоқ.
б) Әзіл есеп.
5алманы 5адамға біреуден және бір алма кәрзеңкеде қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады?
в)Логикалық сұрақтар.
1. Сізге мынадай тапсырма берілді: «325 бөлмеге барып, оң жақтағы төменгі жәшіктен «Үкімет және Англядағы солшыл қозғалыстар»деген мақаланы алып келіңіз»
Сұрақ: 1) Мақала оң жақтағы жәшікте ме, әлде сол жақтағы жәшікте ме?
2)Бөлменің нөмірі нешінші: 235, 325 немесе 255 пе?
2. Самал інісіне ет,май,сабын және сіріңке сатып алуды тапсырды. Інісі май, ұн және сіріңке сатып алды.
Сұрақ: 1) Самалдың інісі нені ұмытты?
2) Нені артық сатып алды?
Ситуациялар.
1. Сіз фирма үшін маңызды келісім шартқа отыру мақсатында іскерлік кездесуге келісіп қойдыңыз. Бірақ жолда сіздің құжаттар жинақтамасы бар кейісіңізді қарақшылар ұрлап кетті. Кездесу белгіленген уақыт: . Ал сіздің сағатыңыз көрсетіп тұр. Сіздің әрекетіңіз?
2.Сіз болсаңыз іскерлік кездесуді саябақта құрған дұрыс деп шештіңіз. Межелеген жерге 25м қалғанда сіз орындыққа отырып, дем алып алғанды жөн көрдіңіз. Ал орындық сырланған, сіз болсаңыз киіміңізбен жабысып қалдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?
Қорытындылау.
loading...

Автор: Абуталипова гулжазира Наурызбаевна

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу мектеп-балабақшасы

Бөлім: Экономикадан ашық сабақтар | Қосты: Жазира-Дархан
Көрсетілім: 1296 | Жүктеулер: 618 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 29
Қонақтар: 29
Тіркелгендер: 0