Сайт учителя начальных классов
.
Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылықтық ө -

Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылықтық ө

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 1146 | Просмотров: 3386 | Размер: 50.1 Kb | Автор: Замара
Биология. Петровка жалпы білім беру орта мектебінің биология пәні мұғалімі Елюбаева З.Р . Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылықтық өсімдіктер.
№ 28 зертханалық жұмыс. Жуа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің
құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Жуа тұқымдастарының гүлі мен жемісінің құрылысын білу,
осы тұқымдас өкілдерімен танысу
Міндеті:
Білімділігі: басқа тұқымдастармен салыстыра білуге, айырмашылық, ұқсастықтарын
айыра білуге үйрену.
Дамытушылығы: қосымша мәліметтермен таныса отырып, танымдық, шығармашы
лық қабілеттерінің артуына мүмкіндік туғызу. Өз ойын жеткізе білуге үйрену.
Тәрбиелілігі: оқушыларды өсімдіктер әлемін сақтау, қорғауға тәрбиелеу, пайдасын
біле отырып, олардың түрлерін көбейтуге өз үлесін қосу.
Күтілетін нәтиже:
-басқа тұқымдастармен салыстыра біледі, айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуге үйренеді;
-қосымша мәліметтермен таныса отырып, танымдық, шығармашылық қабілеттерін артады, өз ойын жеткізе білуге үйренеді;
-өсімдіктер әлемін сақтауға, қорғауға тәрбиеленеді, пайдасын біле отырып, олардың түрлерін көбейтуге өз үлесін қосады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «ой-шақыру», «миға шабуыл», «иесін тап» ойыны, «қызығушылықты ояту», «сұрақтар шеңбері», «жұптық әңгіме»
Сабақтың түрі: топтық, жұптық
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1.Сәлемдесу. Психологиялық ахуал туғызу
2. Сыныпты сабаққа дайындау. Тұқымдастарға байланысты шағын топтарға бөлу.
ІІ сыныптың білім деңгейін анықтау
Мына сөйлемдерді оқып қай тұқымдас өкілі екенін анықтаңыз
1. Қызғалдақ туысы (тюльпан — Tulipa). Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. Қызғалдақтар шөлдi, жартылай шөлдi және далалы аймактарда кең таралған өсiмдiктер. Кейбiр түрлерi сиректеу орманды жерлерде де кездеседi.
Қызғалдақ гүлдерi жалғыздан болады. Гүл серiгi қарапайым, бос орналасады. Күлте жапырақшалары екi шеңбер түзiп орналасады. Сырткы шеңбердi 3 күлте, iшкi шеңбердi 3 күлте құрайды. Олардың барлығының мөлшерi бiрдей және қанық боялған. Аталықтарының саны 6, ол екi шеңбер түзiп орналасады. Гүлдiң ортасын үлкен аналық алып тұрады. Ол мойны қысқа, үш телiмдi аналықтың аузымен аяқталады.
Қызғалдақ жемiстерi — құрғақ, көп тұкымды қауашақтар. Тұқымының
эндоспермi ұрықты қоршап тұрады. Гүлiнiң формуласы:
*♀♂ К3+3 А3+3 Ж(3)
2. Гладиолус туысы (шпажник — Gladiolus). Гладиолустар сән болып гүлдейтiн түйнектi пиязшықты өсiмдiктер. Күлте жапырақшалары ашық түске (ақ, қызыл, сары) боялған болады. Дүние жүзi бойынша 250 түрi белгiлi. Ал қазақстанда 2 түрi кезедеседi: қатпар гладиолусы (шпажник черопитчатый – Gladiolus imbricatum) және будан гладиолусы (шпажник гибридный – Gladiolus hibiridus). Оның бiрiншiсi сирек кезедесетiн түр ретiнде Қазақстан қызыл кiтабына енген.
3. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге тән белгілерді тап.
4. Күнбағысқа тән белгілерді тап.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы — жуа (Allіum). Олар — көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі майда, ақ, қызғылт сары, жасыл, т.б. түсті. Жемісі — үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мысылы, Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді.Тамыры - тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.
Гүлі - қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар, олар екі шеңберле орналасады. Аталығы - 6, бұлар да екі шеңберлі. Аналығы - 1. Жемісі - қауашақ немесе жидек. Өсімдік бунақденелілер арқылы тозаңданады. Гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж(3) (қазжуаның формуласы).
Сергіту сәті:
Бекіту: зертханалық жұмыс. Жуа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Зертханалық жұмысты орындау
Рефлексия: Бүгінгі сабақта қандай өсімдіктермен таныстық?
Нені білгің келеді?
Үйге тапсырма: жұмбақтар құру, сөзжұмбақ жасау, Пияздың емдік қасиеті туралы хабарлама жазып келу

Мына сөйлемдерді оқып қай тұқымдас өкілі екенін анықтаңыз
1................ туысы (тюльпан — Tulipa). Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. ................. шөлдi, жартылай шөлдi және далалы аймактарда кең таралған өсiмдiктер. Кейбiр түрлерi сиректеу орманды жерлерде де кездеседi.
................ гүлдерi жалғыздан болады. Гүл серiгi қарапайым, бос орналасады. Күлте жапырақшалары екi шеңбер түзiп орналасады. Сырткы шеңбердi 3 күлте, iшкi шеңбердi 3 күлте құрайды. Олардың барлығының мөлшерi бiрдей және қанық боялған. Аталықтарының саны 6, ол екi шеңбер түзiп орналасады. Гүлдiң ортасын үлкен аналық алып тұрады. Ол мойны қысқа, үш телiмдi аналықтың аузымен аяқталады.
...................... жемiстерi — құрғақ, көп тұкымды қауашақтар. Тұқымының
эндоспермi ұрықты қоршап тұрады. Гүлiнiң формуласы:
*♀♂ К3+3 А3+3 Ж(3)

2. ................. туысы (шпажник — Gladiolus). ............... сән болып гүлдейтiн түйнектi пиязшықты өсiмдiктер. Күлте жапырақшалары ашық түске (ақ, қызыл, сары) боялған болады. Дүние жүзi бойынша 250 түрi белгiлi. Ал қазақстанда 2 түрi кезедеседi: қатпар ............. (шпажник черопитчатый – Gladiolus imbricatum) және будан .............. (шпажник гибридный – Gladiolus hibiridus). Оның бiрiншiсi сирек кезедесетiн түр ретiнде Қазақстан қызыл кiтабына енген.

ID: 861 | Просмотров: 3386