Биологиядан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Биологиядан ашық сабақтар

Қосмекенділердің көптүрлілігі
[ Сайттан жүктеу (187.4Kb) ] 07.04.2015, 14:00

Материалдың жеке номері 1260

Қосмекенділердің көптүрлілігі

загрузка...
Пәні:Биология
Класы: 7 б
Өтілетін күні:23.02.2015
Сабақтың тақырыбы:Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау.
Сабақтың матуралы жалпы мағлұмат беру қсаты: Оқушыларға қосмекенділердің көптүрлілігі,құйрықты,құйрықсыз қосмекенділер,оларды қорғау туралы жалпы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік:.Топпен жұмыстарды ұйымдастыру, оқушылардың қосмекенділер туралы түсініктерін одан әрі дамыту.
Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, сөйлеу дағдысының қалыптасуына ықпал жасау.
Тәрбиелік:Оқушылардың танымдық тапсырмаларды орындауын жүзеге асыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі,тірек-сызбалар, СТО әдісі
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кестелер, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,көңіл-күйін сұрау.Топқа бөлу (3 топ) Сыныпты 3-топқа бөлу 1-топ құйрықты қосмекенділер 2-топ құйрықсыз қосмекенділер 3-топ аяқсыз қосмекенділер
II.Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақ-жауап
-Қосмекенділерді зерттейтін ғылым: (батрахология).
-Қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекенділердің түрлерін атаңдар: (даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, жетісулық бақатіс)
-Мойын омыртқасының саны: (1).
-Жүрегі неше қуысты? (3).
-Қосмекенділерде алғаш рет пайда болған қан айналым шеңбері: (өкпелік немесе кіші)
-Қосмекенділерде алғаш пайда болған құлақ қуысы: (ортаңғы).
-Дернәсілінің атауы: (итшабақ немесе шөмішбалық)
-Миының қай бөлігі жақсы дамыған? (ортаңғы). Артқы аяқтарындағы саусақ саны: (5). Қажетсіз заттарды шығаруға не қатысады? (клоака)
ІІI. Жаңа сабақ
Оқушылар суреттерге қарап отырып жауап береді.
- Төмендегі суретте қандай омыртқалылар көрсетілген?
- Төмендегі суретке қарап не айтуға болады? Қандай ұқсастықтары бар?
Венн диаграммасы: Балық пен бақаның айырмашылығы қандай? Салыстыр.
Сабақтың тақырыбы, мақсаттары айтылады.
Топтық жұмыс постер шығару: өз беттерімен мәтінді оқып танысуға 5 минут, негізгі ойларын плакат бетіне түсіруге 7 мин, қорғауға 8 минут уақыт беріледі.
Бір-біріне сұрақ береді.
1-топ құйрықты қосмекенділер
2-топ құйрықсыз қосмекенділер
3-топ аяқсыз қосмекенділер
Мәтінді өз беттерімен оқиды. Топ болып ақылдасады,талқылайды, не білетіндері жөнінде постерге жазып, бір оқушы қорғайды. Қалған оқушылар екі жұлдыз бір ұсыныс айту арқылы бағалайды.
Ең жақсы постер анықталады.
Қорытынды:Ыстық орындық.
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен,сұрақты мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады.
loading...

Автор: Жанаева Нұргүл Өтегенқызы

Ақтөбе қаласы №41 жалпы білім беретін орта мектеп

Бөлім: Биологиядан ашық сабақтар | Қосты: Жанаева-Нұргүл | Ілмек сөздер: Қосмекенділер класы
Көрсетілім: 1483 | Жүктеулер: 741 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 37
Қонақтар: 37
Тіркелгендер: 0