Сайт учителя начальных классов
.
Тақырыбы: Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев
Мақсаты: Оқушыны Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, жыл мезгілдеріне байланысты мына «туады, шығады, түседі, келеді» сөздердің қандай мағынасы барлығы жайлы түсіндіру, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу. Әңгіме не жайлы деп ойлайсың? Ақын неге нанды қадірле, сақта, баспа деп жатыр? Сенің көз қарасың.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, нансыз тіршілік бар ма? Сенің ой қорытындың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, неше жыл мезгілі бар? Олар қандай? Кәзір қандай жыл мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Суреттер топтамасымен жұмыс. Әңгімелеу. Қандай жұмбақ, өлең, ертегі білесіңдер? Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып көрелік. Не жайлы жырлайды екен?! оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Бөлімдерге бөлу. Әр бөлімде не жайлы екенін анықтау. (көктем, жаз, күз, қыс). Сөздік жұмыс. Ақырап – қазан айының ескіше аты.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Жылмезгілдеріне сәйкес айтылған сөз тіркестерін үлгілік кесте бойынша дәптеріңе жазып, неліктен олай айтылатынын дәлелде.

ID: 1473 | Просмотров: 2534