«Жануарлар қалай қоректенеді?»

  • Жүктеулер: 769
  • Көрсетілім: 2083
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 30/Апр/2015
Сабақ жоспары

Сыныбы: 2

Тақырыбы: Жануарлар қалай қоректенеді?
Мақсаты:
1. Оқушыларға жануарлардың қорек тауып жеуге қалай бейімделетіндігі туралы түсінік беру.
2. Қоршаған әлемді тани білуге деген ынталарын дамыту.
3. Тіршілік атаулыға қамқорлықпен қарауға баулу.
Әдістері: «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар, видеоролик
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Сабақтың байланысы: бейнелеу өнері, ана тілі
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
(Бүгінгі сабақтың ерекшелігіне тоқталу)
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
Өткен сабақтан алған білімдерін пысықтау.
Ой шақыру.
Балалар, қажеттілік дегеннің не екенін еске түсіріп көрейік. Әр топ жануарларға керек қажеттіліктерді интерактивті тақтадан тауып сәйкестендіреді.
Әр топтан бір бала шығып, әр қажеттілік туралы түсінік береді.
Жан-жануардың әрқайсысы әртүрлі қоректенеді. Біреуі өсімдікпен, енді біреуі жәндіктермен, етпен де қоректенетін жануарлар туралы біз білеміз. Енді осы жануарларды қоректенуге байланысты қандай топтарға болады.
(Әр топ сызбаға түсіреді, неліктен осы топтарға жататынын дәлелдейді.)
Мағынаны ашу.
Жануарлардың қоректенуі туралы мұғалімнің түсіндірмесі.

Тоқылдақ Құмырсқа

зиянды орман зиянкестерді зиянды
жәндіктерді дәрігері құртады жәндік-
жейді терді
жейді
Аю Бұлан Түлкі

жеміс- бал шөп ағаш тышқан құс
жидек балық қабығы
«Тізбе құр» ойыны
Берілген сурет жиынтықтарынан (жәндік, жануар, құс) қоректенуі тізбегін жасап, тапсырманың дұрыс орындалғанын дәлелдеу керек.
Проблемалы сұрақ
Егер осы тізбектен бір өсімдік немесе жануар жоғалатын болса, онда басқа жануарлар да өмір сүре алмайды, себебі келесі буын қорексіз қалады.



Бидай Тышқан Жылан Бүркіт
Үйеңкі Қоңыз Тоқылдақ
Қоректену тізбегі өсімдіктерден басталады, бұл бірінші буын, екінші буыны өсімдік қоректі жануарлар, үшінші буын жәндік қоректі жан-жануарлар.
Барлық өсімдіктер мен хайуанаттар өзара байланысты.
Постер әдісі
Постер әдісі бойынша әр топ өздері қалаған бір жануардың, жәндіктің, құстың суретін салады. Сыртқы түрі қандай, қайда мекендейді, немен қоректенетінін қағаз бетіне түсіреді. Әр топтан бір оқушы шығарған газеттерін қорғап шығу керек.
Сергіту сәті.
Қызығушылығын ояту. «Иә-жоқ» ойыны қойылған сұрақтарға қимылмен жауап береді.
1. Аю жеміс-жидек жейді.
2. Киік ет жейді.
3. Қоян тонын ауыстырады.
4. Түлкі қыста ұйықтайды.
5. Бақа қосмекендіге жатады.
6. Қасқыр суда тіршілік етеді.
7. Балық сусыз өмір сүре алмайды.
Сабақты қорытындылау.
«Бес жолды өлең құрастыру»
1. Зат есім (1)
2. Етістік (2)
3. Сын есім (3)
4. Сөйлем (4 сөзден)
5. Мәндес сөз (1)
Үйге тапсырма беру.
Жануарлардың қоректенуі туралы қызықты мәліметтер оқып келу.
Бағалау.
Топбасшысы әр топқа берілген қима суреттер арқылы өз тобындағы оқушыларды бағалайды

Автор: Оспанова Гүлзира Серікқызы

Алматы облысы, Алматы қаласы №148 мектеп-гимнази

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.