Сайт учителя начальных классов
.
Б.Қ.О
Бөкейорда ауд.
Бисен Жаникешев атындағы
ЖОББМ-нің логопед
Диагнозы: С.т. фонетикалық бұзылысы салдарынан оқу ме жазу бұзылысы бар балалар тобы.

Күні:14.03.2014
Сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз-жарым ырыс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқытудың сұрақ-жауап тәсілі арқылы балаларды қарым-қатынасқа түсіру, балаларды екі топқа бөліп, сабақты жарыс түрінде өткізу, балалардың қызығушылығын арттыра отырып, «Жақсы сөз-жарым ырыс»тақырыбы бойынша алған білімдерін кеңейту.
Түзете-дамытушылық:
«Жақсы сөз-жарым ырыс» тақырыбына байланысты көріністерді , сөздерді көру және есту арқылы қабылдау. Сабақ барысында үлгі ретінде көрсетілген жақсы іс-әрекеттер мен сөздерді естеріне сақтау. Мақал-мәтел жарысында, логикалық және рөлдік ойындарында зейінді шоғырландыру, ойлау қабілетін дамыту және диалогтік, монологтік с.т. қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балаларды сөз әдебіне, үлкенді сыйлауға, қол ұшын беру, көмектесе білуге баулу. Жұмбақты шешу арқылы тапқырлыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: карточка, плакаттар, буклеттер.
Сабақ түрі: Топтық
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сұрақ – жауап жарысы
3. Ақыл әліппесі
4. Көрініс
5.Логикалық ойын
6. « Мен қандай болам » ой талқы
7. Қортындылау, бағалау
1. Сабақ барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті
Сәлеметсіздерме балалар Тренинг Балалар, бүгінгі сабағымыз сәтті өту үшін бір-бірімізге шын жүректен жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейік Балалар, айтыңдаршы қандай сезімдесіңдер? Иә, жақсы сөз жан жылытады. Дұрыс айтасыздар, адамдар өзара жымиып, амандасып, немесе жақсы тілектер айтып жатса, әрқашан адам көңіліне жанына асқан жылулық ,мейірім орнайды

Балалар бүгін бізде жарыс сабақ, тақырыбы «Жақсы сөз-жарым ырыс»
Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, топтар жетекшісі өздерін және команда мүшелерін таныстырсын.
Ал, енді бөлімдермен танысайық:
Сәлеметсізбе.«Тілек шоғы»
Балалар қолдарындағы гүл шоқтарын бір - біріне тілек айту арқылы ұсынады.

Жақсы , бақытты сезімдеміз.

Балалар өз ойларын айтады

1. Бөлім « Сұрақ – жауап »

- Ас атасы ?
- Үйге ұя салатын құстың аты ?
- Киіз үйдің тірегі ?
- Қазақтың ұлттық аспабы ?
- Ас үйде қолданылатын зат атауы ?
- Ыстық мезгілді ата ?
- «Кең» сөзінің антонимі ?
- Ұлы ақын ?
- Ең мамыражай мезгіл ?
- Үлкендерді силайтын бала ? - Нан
- Қарлығаш
- Уық
- Домбыра
- Ыдыс
- Жаз
- Тар
- Абай
- Көктем
- Әдепті бала

2. Бөлім « Ақыл әліппесі »

- Қандай ақыл кеңесі мол тақпақтар білесіңдер ?
- Екі топ жарысамыз
- « Тапқыр » тобы
Айдос
- Ата – ананың, тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
Наурызбек
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.
Жанболат
- Кім үлкенді силаса,
Кім үлкенді тыңдаса,
Силы болмақ өзіде.

- Бұл жолы алғыр тобы көп айтты, «тапқыр» тобы қалыспаңдар

«Алғыр» тобы
Айнара
-Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді
Тәртіпсіз бала күйеніш,
Төмендеп басың кетеді
Қарсы ал ерте күн көзін
Төсегіңді жина өзін
Асықпай іш тамақты
Жалама аяқ-табақты
Жанболат
Пышақты ұста оң қолмен ,
Шанышқыны сол қолмен
Нанды үгітпе қадірле,
Қабығымен бәрін же
Саусағыңды сормағын
Салдыр салақ болмағын
Шапхат
Салма аузыңа инені
Үзбе жұлып түймені
Ашуланбай долданып
Жауап бергін ойланып
Құр бекерге қылқима
Болмашы іске бұртима

3. бөлім «Көрініс»
- Жақсы іс әрекеттер және сөздері мен үлгі болар көрініс қойыңдар.

«Тапқыр» тобы
Әдепті бала
Жасқанат-үлкен кісі
Айдос пен Наурызбек –оқушылар
Айдос пен Наурызбек мектепке келе жатқан еді, жер тайғақ болатын көшеде бір үлкен кісі тайып жығылып қалды. Айдос сөмкесін Наурызбекке бере салып үлкен кісіні орнынан көтеріп тұрғызып жіберді.
Наурызбек Айдосқа:
-Айдос, ана кісі әжең бе?
Айдос:
-жоқ әжем емес
-жеңгең бе?
-жоқ, жеңгем емес
-әлде апаң ба? Танимысың?
-Жоқ жәй бір адам . Қарт адамды кездестіріп қалсаң әдепті бол, көмектесуге тырыс.

-Жарайсың екі топта жақсы көрініс көрсетті. «Алғыр» тобы
Тұсаукесер

Жанболат – бала
Айнара-әже
Шапхат –желаяқ аға
Торғын – ана
Анасы:
- Қане әжесі немереңіздің тұсауын кесіп батасын беріңіз
Әжесі: Қане балам келе ғой, тұсауыңды кесейін.
Қаз, қаз балам қаз балам
Аяғыңды бас балам
Тозақтағы оттан сақтасын
Қаңғыған оқтан сақтасын
Адассақ жолға сала көрсін
Сүрінсек қолдап ала көрсін
Кездессе шайтан қаға көрсін
Жақсылармен жолықтырсын
Жамандардан адастырсын
Әже:
- Әже неге ала жіп байладыңыз?
Ала жіп байлағаным ешкімнің ала жібін аттамасын, адал азамат болсын дегенім. Ала жіпті саған қидырғаным сен сияқты жүйрік болсын дегенім.

4. бөлім «Логикалық ойын»
Екі топ бір-бірлеріңе жұмбақ тақпақтар жасырыңдар
«Тапқыр»тобы
Балалар жүр көшеде естіледі шу, айғай.
Сен де шықтың көшеге
Қойып кеттің байқамай
Мұнда не деу керек

Осы келген бетіңде
допты қудың жарыстың
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың
Ұмыттың сен не деуді?

-Мен істеймін

Рұқсат па?

Кешіріңіз

-Сәлеметсізбе

«Алғыр» тобы
Үй артында қоқыста,
Жатқан үйіліп қоқысты
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп
Не дегенің жөн еді?

Әжең сенің түскі асқа
Қасықтарды қойды мол
Жұрттан бұрын ыдысқа
Қолды бұрын салдың сен
Жөн еді не айтқаның?
5 .бөлім Ситуациялық сұрақтар

1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек.?
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
4. Сыныпқа мұғалім келгенде бала не істеу керек?
Жол бере едім

Тыныштық сақтауың керек

Сыпайы сөйлесу керек

Орнынан тұрып амандасу керек

6. Бөлім «Мен қандай болам » ой талқы
-Сендер қандай болғыларың келеді?
Әр топ өз ойларын айтады.
«Тапқыр» тобы
Наурызбек:
Құс ұясын бұзбаймын
Бүлдірмеймін жейдемді
Қабырғамды сызбаймын
Жинап қоям бөлмені
Айдос:
Әп-әдемі шақпақтап
Дәптерді де жинаймын
Бір күн болмай сатпақтап
Киімімді де құртпаймын
Бекзат:
Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен

- Өте жақсы ойлар айттыңдар
- Біз сабақта үгін не істедік?
- Бүгін екі топта сабақта өз өнерлеріңді жақсы көрсеттіңдер
- Енді сабағымызды бәріміз бірге мақал – мәтелмен аяқтайық.

Наурызбек:
Жақсылыққа жақсылық ет қолдан келгенше
Айдос:
1. Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
Бекзат:
1. Ұлық болсаң - кішік бол.
2. Кішіден ізет - үлкеннен құрмет
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, уақыт бөліп келгеніңізге, зейін қойып тыңдағаныңызға рақмет сау болыңыздар
«Алғыр» тобы
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп,
Атқарайық үйдегі жұмысты тең бөлісіп
Айнара
Кел самаурын қайнатып
Дастарханды жайнатып
Отырайық бөлмеде
Гүлдерді де суарып
Жанболат
Еденді де жуайық
Келген кезде жұмыстан
Қалсын анам қуанып

Біз сабақта сұрақтарға жауап бердік
Ойландық
Ойнадық
Жұмбақ шештік

Торғын:
Жақсылық жолға келе жатып
Жаман әдет көрсетпе

Жанболат
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі
Шапхат
Жақсы адам өзінің жыртық тонымен де сыйлы.

Сау болыңыз

ID: 1615 | Просмотров: 5228