Жақсы мінез жинайық бойымызға , жақсы істер болсын әр кез ойымызда

  • Жүктеулер: 586
  • Көрсетілім: 1128
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 30/Апр/2015
Тақырыбы: Жақсы мінез жинайық бойымызға, Жақсы істер болсын әр кез ойымызда.
Мақсаты: Оқушылардың бойына жақсы мінез, қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу. Жағымды ойларға бейімдеу, айналадағыларды дұрыс көре білуге үйрету. Ұлттар арасындағы достықты дәріптеп, қазақ хандығын құрған хандармен, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің батырлығын үлгі ету.
Көрнекілігі: қазақ хандары мен соғыс ардагерлері суреттері, жақсы мінездер жазылған парақшалар, слайдтар.
Барысы: Өмір – өзен жүзіп өтем демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз, дегендей адамның жан дүниесі ізгілікке, адамгершілікке толы болса өмір – өзенен жүзіп өту немесе өмір сүрудің қиын сәттері біршама аздау болады.
Адам бақыты өмір сүру үшін ең әуелі рухани саулығына көңіл бөлуі тиіс. Рухани саулыққа көңіл қойылған жағдайда адам елмен сыйласымды, ойлау қабілеті жоғары, шама – шарқын білетін, ақылмен іс – істейтін, өте сезімтал, ұстамды да байсалды, жауапкершілігіне ұқыптылықпен қарайтын, адамдармен тез тіл табыса алатын, табиғатты сүйетін жан болады.
Оқушы: сыпайы, инабатты адамдарды барлығы жақсы көреді.
Дұрыс айтасың, ендеше, біз балаларымыздың бойына жақсы мінездер жинайық.
Ал біздің балалар қайда?
Видеоролик көрсетіледі. Онда балалар бір - бірімен ойнап жүріп, төбелесіп қалады.
- Неге төбелесіп жатсыңдар?
- Өзі Нұрдәулетті ұрайын деп жатыр.
- Мен ұрайын деп жатқан жоқпын.
Ендеше, Думан сенің досыңды қорғағаның дұрыс екен. Бірақ, біреуін қорғаймын деп, екіншісін ұрғаның не?
Адам бойында жақсы мінез қасиеттері болады. Сол мінезді бойымызға көбірек жиып алмасақ, еркіндігіміз еркелікке, өжеттілігіміз дөрекілікке айналып кетеді.
- Ал қыздар қайда?
- Қыздарды шақырады.
- Қыздар ұрысып жатқаны видеодан көрсетіледі.
- Сендер неге ұрысып жатсыңдар?

Автор: Түктібаева Жанат

Шымкент қаласы,№70С.Бекбосынов жалпы орта мектеп

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.