Жұрнақ пен жалғау

  • Жүктеулер: 702
  • Көрсетілім: 1333
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 09/Апр/2015
Күні: 09. 02. 2015 жыл Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 2 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбір сөзге алдымен жұрнақ, соңынан жалғау жалғанатынын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақта қолданылатын әдістер:СТО модулінің: ой-қозғау, миға шабуыл, семмантикалық карта құрастыру әдістері. Дарынды және талантты балаларды оқыту модулінің деңгейлік тапсырмалар беру әдісі. АКТҚ модулі: сергіту сәті. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің қалыптастырушы бағалау әдісі. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің диалогтік оқыту әдісі.

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
Шаттық шеңберін құру.
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан-жағыма қарап ап,
Аздап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Партаға дұрыс отырғызу, зейінін сабаққа аудару.

Мақсат қою кезеңі
Бүгінгі сабағымызда қосымшаның түрлері, олардың ерекшеліктері туралы үйренгенімізді пысықтап, түбір сөзге қандай ретпен жалғанатыны туралы үйренетін боламыз.
Күн ретін жазу. Көркем жазу сәті. Жж әрпі.
Сөздік диктант: Жетіген,жағажай, жұмыс, Жамбыл, әже, көжек,

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі). Көркем жазу жазамыз. Жазуымыз әдемі болуы үшін, денемізді тік ұстаймыз. Шынтағымыз дәптердің үстінде болу керек, дәптерді сәл қиғаштап қояйық.(Әдемі, таза жазған оқушыларды мадақтаймын.)

Автор: Жуманазарова Торегул Абылазизовна

Алматы облысы Іле ауданы Төле би ауылы №37 толық емес орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.