Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Ж.Әбдірашев «Отан», жаттығу жұмысы
1.Сабақтың мақсаты: өлеңнің мазмұнымен таныстырып, «Отан» сөзінің мағынасын
ашу.Тасымал туралы алған білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылығы: өлеңнің мазмұнын талдау арқылы оқушылардың ойлау,ойын тұжырымдау қабілетін,мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.Сауатты, көркем жазуға төселдіру.
3.Тәрбиелілігі:Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуді үйрету.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топтастыру стратегиясы,ойын талдау,сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу.
Көрнекілігі:ойын плакаты,қима материалдар,слайдтар,асық, «Отан-отбасы»слайды,қоржын,мадақтау белгілері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
1.сәлемдесу,танысу
2.сыныпты екі топқа бөліп отырғызу
II.Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын сұрап болған соң:
- Балалар, өткен сабақта тасымал туралы өткен болатынсыңдар. Мен сіздерге еске түсіру үшін қайталау сұрақтарын қоямын.
- Сөздерді қандай жағдайда тасымалдаймыз?
-Тасымалдау кезінде қандай тыныс белгіні пайдаланамыз?
III. Жаңа сабақ
-Оқушылар,бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз.Бірінші топ «Атамекен», екінші топ «Туған ел» деп аталады.(топ аттарын партаға қою)
-Тақтаға, дәптерге күннің жадын, тақырыпты жаздыру.
-Көркем жазу. Мұғалім тақтаға, ал оқушылар дәптерлеріне жазады.
«Отан отбасынан басталады»
- Бүгінгі жаңа сабағымызда Ж.Әбдірашевтің «Отан» танысып,тасымалға байланысты жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
1.Оқулықпен жұмыс.
- 69- жаттығу тақтаға және дәптерге орындалады.
«Атамекен» тобының оқушыларына «Теледидар» сөзін ауызша шапалақтау арқылы буынға бөлдіру.
-Осы сөзде неше буын бар?
-«Туған ел» тобына «Кітапхана» сөзін шапалақтау арқылы буынға бөлдіру.
Дайын үлгіні тақтаға орналастыру. Әр топ өздеріне тиісті сөздердің басқаша тасымалдануын дәптерге, тақтаға жазады.
Те-ле-ди-дар Кі-тап-ха-на
1)те-ледидар 1)кі-тапхана
2)теле-дидар 2)кітап-хана
3)теледи-дар 3)кітапха-на
2. «Сиқырлы асық» ойыны арқылы 70-жаттығуды орндау.
Әр топтан екі бала шығып қоржыннан асық алады. Асық нөміріне сәйкес сөздерді буынға бөліп жазады. Екінші, үшінші оқушылар осы сөздің тасымалдануын жазады.
3. Сергіту сәті.
Күн жылуын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
4. – Балалар, оқулығымыздың 83-бетінде «Отан» деген өлең берілген. Бұл өлеңнің авторы – Жарасқан Әбдірашев атамыз. Ол – қазақ халқының ақыны. Атамыз балаларға арнап көптеген өлеңдер жазған.
5. Мұғалім «Отан» өлеңін жатқа оқиды.
- Қане, «Атамекен» тобынан өлеңді кім мәнерлеп оқып береді?
- «Туған ел» тобынан өлеңнің жалғасын кім оқиды?
6. – Балалар, көркем жазуда жазған мақалды еске түсірейікші.
- Дұрыс айтасыңдар, осы өлеңде Отанның отбасынан басталатындығы туралы айтылған. Демек, Отан – отбасы.
- Біз оқыған өлеңде қандай отбасы мүшелері бар екен?
Балалар жауап берген соң слайдта отбасы мүшелерінің суреті топтастыру стратегиясына сәйкес «Отан – отбасы» сөзінің айналасына топтастырылады. (ата,әже,ана,әке,бала)
Осы көрсетілген слайд бойынша сұрақтар беріледі:
- Суретте кімдер берілген?
- Ата, әже, ана, әкелеріңізді сіздер жақсы көресіздер ме?
- Олар сіздерді еркелете ме?
- Еркелеткенде сіздерге қандай жылы сөздер айтады?
Бұдан кейін балаларға «Отан» өлеңін түсіндіру мақсатында тағы да бірнеше сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар жауап беріп жатқанда слайдтан Отанға байланысты суреттер көрініс табады.
- Балалар, біздің Отанымыз қай ел?
- Қазақстан.
- Елордамыз қай қала?
- Астана.
- Елбасымыз кім?
- Н.Ә. Назарбаев.
- Ел рәміздерін білесіңдер ме?
- Ту, елтаңба, әнұран.
- Дұрыс айтасыздар, біз елбасымызбен, елордамызбен, рәміздерімізбен мақтанамыз.
- Сіздердің ата-аналарыңыз ер-азамат атанғандарыңызды қалайды. Ол үшін бізге жақсы қасиеттер керек.
VII. Бекіту
- Ендеше, бір тамаша ойын ойнайық.
Тақтада «Өмір» әмбебап дүкені плакаты, бала суреті ілініп тұрады. Плакатта жақсы және жаман қасиеттер орналасқан. Оқушылар осы қасиеттердің ішінен өздеріне қажеттісін алып, бала суретінің айналасыны жабыстырады.
- Мына «Өмір» атты әмбебап дүкенде адамға қажетті барлық нәрселер табылады екен. Тіпті адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер де бар. Бір қызығы мұндағы заттар тегін берілетін көрінеді.Ендеше,осы қасиеттерден сіздер де құр қалмай өздеріңізге қажеттісін ғана алыңыздар.
(алынған сөздер мен қалған сөздер бойынша қорытындылау)
-Балалар,дүкеннен мына қасиеттерді неге алмадыңыздар?
-Міне, балалар,сіздер Отанын қорғайтын жақсы азамат болып өсулеріңіз үшін осы қасиеттер қажет.Елбасымыздың «Жас ұрпақ-келешектің қожасы» деген сөзі бар.Сол айтқандай,еліміздің ертеңі сіздерсіздер.Жақсы ұрпақ,Отанына қызмет ететін азамат болып өсу үшін осы қасиеттерді бойларыңа жинауларыңыз керек.
VIII.Мадақтау
-Қане, балалар,қай топтың бәйтерегі көп екен?Жеңіске жеткен топты анықтау.
IX. Үйге тапсырма
71-жаттығу. «Отан» өлеңін жаттау

«Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені»КММ-сі
Сыныбы: 1 «а»
Сынып жетекшісі:Қайболдиева Гүлнара Сағынғалиқызы

ID: 1683 | Просмотров: 2850