Сайт учителя начальных классов
.
Тақырыбы: "Көктем аруы" қыздар арасында байқау.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Аманова Гүлжан апайға сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1 «А»- Сисенбай Жанерке

ID: 1297 | Просмотров: 1979