Сайт учителя начальных классов
.
"Заттар. Денелер. Табиғат құбылыстары" Дүниетану, 3-сынып -

"Заттар. Денелер. Табиғат құбылыстары" Дүниетану, 3-сынып

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 1660 | Просмотров: 17056 | Размер: 524.0 Kb | Автор: Кайыргалиев_Берик
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы Ақсай қаласы
«№6 ЖОББМ» КММ

Кембридж әдісі бойынша өтілген ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Сыныбы: 3 «Б»
Пәні: Дүниетану
Бастауыш сынып мұғалімі: Кайыргалиев Берик Сатыбалдиевич

Сабақтың тақырыбы Денелер. Заттар. Табиғат құбылыстары.
Сабақтың жалпы мақсаты Балалардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету; заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыра білуге оқыту; табиғат құбылыстары туралы білімін толықтыру және жүйелендіру.
Әдіс-тәсілдер Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны,
Күтілетін нәтижесі Оқушыларда табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы түсінік қалыптасады. Тірі және өлі табиғат денелерінің айырмашылығын біледі. Әрбір түрдің суретін салып немесе танып біледі. Дана мен заттың тәуелділігін анықтайды. Дене, зат және табиғаи құбылыстардың өөзгеруі кезіндегі өзара байланысты анықтайды. Түйінді ой қорытынды жасайды.

Түйінді идея Нақты ойлау арқылы ой қорыту
№ Уа-қыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер, көрнекілік-тер

1 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру «Ең жақсы тілек»
Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар жапсырады. Стикерлер
плакат

2 2 мин Топқа бөлу
Оқушыларды топқа бөлу арқылы алдағы сабақтың не туралы болатынын пайымдату, назарларын жаңа сабаққа қарай бағыттау Суреттер арқылы топқа бөлу
1. Денелер
2. Заттар
3. Табиғат құбылыстары Оқушылардың аты-жөндері қима қағазда жазылып тұрады және есімдерінің артында әр түрлі заттар, денелер, табиғат құбылыстарының суреті болады. Оқушылар сол суреттер арқылы арқылы топқа бөлінеді Суреттер, топ аттары жазылған парақшалар
3 1 мин Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру

№ Аты-жөні Үй тапсырмасы
Миға шабуыл Оқулық-пен жұмыс «Тапқыр болсаң, тауып көр» Өрмекшінің торы Нақты жауап
1 ұпай 4 ұпай 4 ұпай 3 ұпай 1 ұпай 2 ұпай
слайд
4 1 мин Үй тапсырмасын тексеру
Қарама - қарсы сұрақтар:
1. Бұрынғы уақыттарда жүргізілген бақылаулар мен тәжірибелерді жазып алу үшін нені жетілдіру қажет болды? Өз білімін
2. Әсіресе нені үйрену қажет? Жаза, оқи білуге, математикалық есептеу әдістерін
3. Бүгінгі күнге дейін жеткен қандай жұмыстарын білеміз? Тасқа салған суреттер, зерделеу жұмыстары
4. Бақылау құралының негізгісі не? Көз
5. Түрлі тәжірибелерді жасаған кезде кімдер аспаптарды қолдана білді? Адамдар
6. Күннің шығуы мен батуына қарай нені анықтады? Уақыт
7. Бара - бара не ойлап тапты? Сағат
8. Қандай белгілер бойынша бақылап - сағатты айыруға тырысты? Табиғи өсімдіктерде кездесетін
9. Қандай сағатты ойлап тапты? Су, құм, күн, гүл сағаттар
10. Уақыт бірліктерін ата
11. 1 сағ -? Мин
12. 1мин -? Сек
13. Күн мен түннің ауысуына негіздеп нені анықтаймыз? Тәулік, жұма, ай, жыл
14. 1 тәул -? Сағ
15. 1 жұма -? Күн 7күн
16. 1ай -? жұма 4ж
17. 1жыл -? Ай
18. 1 жыл --? Күн
19. Ұзындық өлшем бірліктерін ата
20. Салмақ өлшем бірліктерін ата
21. Заттың салмағын анықтау үшін нені пайдаланылған? Таразы
22. Ұзындық өлшемдері арқылы адамдар нені анықтайды? Табиғат денелерінің мөлшерін, бір - бірінің арақашықтығын
23. Бақылау құралының негізгісі не? Көз
24. Қандай сағатты ойлап тапты? Су, құм, күн, гүл сағаттар Оқушылар сұрақтарға жеке, ұжыммен жауап береді. Бір-бірін бағалайды .слайд
4 5 мин Жаңа сабақтың ашылуы
І.Білу. «Миға шабуыл» әдісі
Табиғат құбылыстары туралы бейнеролик.
1. Балалар, сендер бейнероликтен не тамашаладыңыздар?
2. Алдарындағы суреттер бойынша жұмыстану Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша сұрақтарға жауап береді, қорытынды жасайды Плакаттар,
маркерлер
Слайд
5 5 мин ІІ. Түсіну.
«Жүреміз, ойланамыз» әдісі
4. Оқулықпен жұмыс.
1 топ: Денелер табиғи және жасанды дене екендігі жайлы оқиды. Суретті қарап, өлі және тірі табиғи денелерді ата.
2 - топ: Денелердің заттардан тұаратын бөлігін оқиды. Суреттердегі жасанды денелерді анықтап, оларды дәптеріңе жаз.
3 - топ: Табиғат құбылыстары туралы айтылған бөлімді оқиды.Суретте қандай табиғат құбылыстары бейнеленген? Бұл құбылыстарды қай жыл мезгілінде байқайтыныңды әңгімеле. Оқушылар топ болып тақырыпты оқиды, өз пікірлерін айтады. Дене туралы білімдерінің қай дәрежеде екенін көрсетеді. Слайдта көрсетілген табиғи, жасанды денелерді ажырату.
Слайд

6. 13 мин ІІІ. Қолдану.
«Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны
(топтық жұмыс)
1-топ:
Қандай денелер табиғи, ал қайсысын жасанды екенін ажыратып жазу.
2-топ:
Денелердің қандай заттан тұрғанын анықтау.
3-топ:
Табиғат құбылыстарын топтастыру
(Әр топ жұмбақ құрастырады, бір-біріне жасырады) Топтық жұмыс
Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды, топтың пікірлерін ортаға салады.Плакатқа табиғат құбылыстарын топтастырады. Үлестірме қағаздар
Слайд

Кеспе суреттер
Слайд
7 2 мин Сергіту сәті
«Кел, билейік!» Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен жасайды Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету
7. 5 мин ІV. Талдау
«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша қорытынды жасау
1. Адам қайда өмір сүреді?
2. Дене деген не?
3. Денелер нешеге бөлінеді?
4. Қандай денелер жасанды деп аталады?
5. Табиғи денелерді ата?
6. Табиғат денелер нешеге бөлінеді?
7. Тірі денелер жиынтығын не дейді?
8. Өлі табиғатқа нелер жатады?
9. Тірі табиғатқа нелер жатады?
10. Тірі және өлі денелердің арасында қандай айырмашылық бар?
11. Табиғи және жасанды денелер неден тұрады?
12. Кез - келген дене неден тұрады?
13. Заттарды бір - бірінен қалай айыруға болады?
14. Тірі дененің құрамы қандай болады?
15. Табиғи құбылыстар дегеніміз не?
16. Қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады?
17. Күз мезгілінде қандай құбылыстар болады?
18. Жаз мезгілінде қандай құбылыстар болады?
19. Көктем мезгілінде қандай құбылыстар болады?
20. Жылдың неше мезгілі бар?
21. Жауын - шашын қай мезгілде көп болады?
22. Көлік қандай денеге жатады?
23. Өсімдік қандай табиғатқа жатады?
24. Адам қандай табиғатқа жатады? Жеке жұмыс
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайды
Әр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады.
Тоқыма жіп
8. 5 мин V. Жинақтау
«Нақты жауап» айдары:
Денелер, заттар, табиғат құбылыстары туралы нақты идея туралы түйінді идея.
1. Адам қоршаған ортада өмір сүреді.+
2. Адамды қоршаған ортаны дене дейміз -
3. Күн, ай, жұлдыз, бұлт табиғи денелер.+
4. Тас, аң, құс жасанды денелер.-
5. Табиғи денелер екіге бөлінеді.+
6. Тірі денелер жиынтығы өлі табиғат дейді.-
7. Өлі табиғатқа ауа, тас, құм, су жатады.+
8. Тірі және өлі табиғаттың арасында айырмашылық болмайды.-
9. Айналадағы жасанды денелерді ұстап білуге болады.+
10. Табиғи және жасанды денелер заттан тұрады.+
11. Кез - келген дене тастан тұрады.-
12. Затты бір - бірінен қасиеті жағынан айыруға болады.+
13. Тірі дененің құрамы жұмсақ болады.-
14. Табиғаттағы өзгерістерді табиғат құбылысы дейміз.+
15. Қыс айында жаңбыр жауады., топырақ борайды.-
16. Күз айында жауын - шашын болады.+
17. Адам табиғат құбылыстарын өзіне бағындыра алады.-
18. Адам жауын - шашынды өз игіліктеріне бағындыра алады.+
19. Жаз айында қар жауады.-
20. Көктем мезгілінде қар еріп, жер көгереді.+
21. Жылдың үш мезгілі бар.-
22. Көлік жасанды денеге жатады.+
23. Өсімдік өлі табиғатқа жатады.-
24. Адам тірі табиғатқа жатады.+ Берілген сөйлемдер нақты жауап болса, қолдарын шапалақтайды, ал егер нақты жауап болмаса, аяқтарын топ-топ ететеді.
9. 3 мин VІ. Бағалау

1. Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті ме?
2. Түсінбеген, сендерге қиындық тудырған сұрақтар бар ма?

Бағалау парақшасын тексеру.
№ Аты-жөні Үй тапсырмасы
Миға шабуыл Оқулық-пен жұмыс «Тапқыр болсаң, тауып көр» Өрмекшінің торы Нақты жауап
1 ұпай 4 ұпай 4 ұпай 3 ұпай 1 ұпай 2 ұпай

Оқушылар смайликтерді көтеру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды
-мен көп нәрсені үйрендім
- мен аз нәрсе үйрендім
-мен ештеңе үйренбедім
Бағалау шкаласы
«5»-12-15 ұпай
«4»- 9-12 ұпай
«3»-5-8 ұпай
10. 2 мин «Не үйрендім?, Не үйренгім келеді?» кері байланыс жасау
Үйге тапсырма
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.Кез келген денені алып зерттеу. Зерттеу жұмысын дәптерге түсіру Оқушылар тақырыпты түсінгендері немесе түсінбеген сұрақтары жайлы стикерге жазады.

ID: 2246 | Просмотров: 17056