Уақытты өлшеу.Сағат

  • Жүктеулер: 814
  • Көрсетілім: 2081
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 04/Ноя/2015
Пәні: математика
Тақырыбы:Уақытты өлшеу.Сағат.
Мақсаты:Уақытты өлшеуге ,уақыт бірліктерін есте сақтауға үйрету.
Міндеттері:
1.Білімділік:Жыл мезгілдерін,ай аттарын,апта күндерін,сағатты ажырата білуге үйрету.
2.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін,санау ретін,уақыт бірліктерін ажырата білу қасиеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды уақытты үнемді,ұтымды пайдалана білуге,күн режимін сақтауға,табиғатты аялауға,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың типі:ойын сабағы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру,ойын,жұмбақ
жасыру.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,бейнелеу өнері,қазақ тілі,ана тілі.
Технология:СТО технологиясының элементтері:
ой қозғау,ассоциация
Көрнекіліктер:кеспе қағаздар, суреттер

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мен оң қолымды жайып,жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын.ал сіздер оң қолдарыңмен,жүректеріндегі қуаныштарын: «апайлар,сіздергі сыйлаймыз!»-дейді.
Балалар,қазір қандай сабақ?
-Математика
-Ендеше мен бұл сабақты мына өлең жолдарымен бастағым келіп отыр.
-Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
2.Өткенді пысықтау.
Бұл бөлімде мен сендермен ойын ойнатқым келіп тұрмын.
«Қалған санды тап!» ойыны
10....30....50........80 90....
100....80 70....50........20....

3.Негізгі бөлім.
-Балалар,бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Бүгін біз ғарыш әлеміне саяхат жасамақшымыз. Немен барамыз ол жерге?
-Балалар мына суреттерге назар аударайықшы, нелерді көріп тұрмыз?
-Зымырандарды,ендеше 2 топқа бөлініп,зымырандарға отырып алып ,саяхаттайық.
-Балалар біз ғарыш әлеміндеміз,ең бірінші ғаламшарға келіп тоқтайық. Мына ғаламшардан келесі ғаламшарға өту үшін мынандай кедергі бар екен. Яғни біз тапсырма орындауымыз керек.
Ол бізді мына тапсырманы орындамай басқа ғаламшарға жібермейди екен.
Жұмбақ шешу.

Уақытты өлшеп, сынап,
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда...? Сағат

-Ендеше бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: Уақытты өлшеу.Сағат.
Балалар біз уақытты қалай өлшейміз?
Мен сендерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? көктем
Көктем мезгілінің қай айы? сәуір
Сәуір айының нешесі? 15
Бүгін қай күн? дүйсенбі
7 күнді атап шығу Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.
Мәлімет беру: Жыл мезгілдері
Ай аттары
Апта күндері
Сағат тілдері
1 ғаламшар № 1 есеп. Юпитер. Гүл күлтелерін бояу.
Қыс айларын-көк,
Көктем айларын-жасыл,
Жаз айларын-қызыл,
Күз айларын-сары түспен бояу.
Жақсы балалар,бұл тапсырманы жасап болсақ, барлығын дұрыс орындаған оқушыға бұл ғаламшардың өз бағасы бар екен. Сол сыйды сабақтың соңына дейін көп қылып жинаған оқушы жақсы бағаланады.
2 ғаламшардың тарсырмасы.2 жаттығу. Сатурн.
Сағат тілдерінің суреттерін аяқтап салу керек.
Сағат-4. Сағат-10. Сағат-3.
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Сағатқа қарап ап,
Жаттығу оңай-ақ.
3 ғаламшар. Мәтін есеп.№3 Уран.
Шартын талдау.
1 бала оқиды,2 қатардан басқа бала оқиды.
Есеп не туралы?
Алматыдан Таразға дейінгі қашықтықты көліктермен жүріп өту туралы.
Шарты: Пойыз-10 сағ.
Автобус-?, 2 сағ. кем
-Балалар, пойыз тез жүре ме,әлде автобус тез бе?
-Пойыз
-Яғни кем дегенде қандай амалды қолданамыз,аз ба, көп пе?
-Аз.
Сұрағы: Автобус қанша сағатта жетеді?
Шешуі:10-2= 8 /сағ/
Жауабы:автобус 8 сағ. жүреді.

«Кім тез?» ойыны.
Фигуралардың орналасу ретін сақтап,бос жерге фигураларды орналастыру.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Саусақтармен санайық.
Ондықтардан 10 болса,
Нешеу соны табайық! /100/
4 ғаламшар.Уақытқа есептеу. Нептун.
9-6=3 9-7=2
5-4=1 6-4=2
8+2=10 8-5=3
5 ғаламшар.Марс.
«Кім мерген?» ойыны
Дүйсенбі 6
Сейсенбі 2
Сәрсенбі 5
Бейсенбі 3
Жұма 4
Сенбі 7
Жексенбі 1

6 ғаламшар.№ 5 тапсырма.Плутон
Оң жақтағы фигуралардың сол жақтағы фигуралардан қандай айырмашылығы бар? Тағы бір фигурадан сал.



7 ғаламшар
Қорытындылау. Шолпан
Балалар ,міне біздер ғарыш әлеміне саяхат жасап келдік .Сіздерге ұнады ма?
Класымызға оралайық та бүгінгі алған әсерлерімізді еске түсірейік.
Жыл мезгілдері.
Ай аттары.
Апта күндері.
8 ғаламшар.Меркурий
Үйге тапсырма. Апта күндеріне байланысты тақпақ жаттап келу.
9 ғаламшар. Жер
Көп парақша жинаған балалар жақсы бағаланады.

Автор: Умербекова Гульнара Айжарыковна

Ақтөбе облысы,Алға ауданы, Қарақұдық орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.