Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
[ · Жүктеу () ] 06.11.2015, 10:44

Материалдың жеке номері 2017

TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

загрузка...
TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында «Бесекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылығы жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен болатын.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық-білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемге функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы,олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушлердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар : мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».
Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылық дегеніміз- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы, меңгерген білімін күнделікті тұрмыс тіршілікте өз керегіне жаратып, өмірге дайын болуы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.
Оның бірінші механизмі - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту / МЖБС -мемлекеттік стандарт/ . Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практикалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Олар:
-басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;
-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;
-коммуникативтік /қазақ ,орыс ,ағылшын тілінде ауызша ,жазбаша қарым-қатынас жасау/;
-әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;
-тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;
-азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/
-технологиялық / ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;
Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттілік-
терді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.
Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі - оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған/ Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ, ОЖСБ, ВОУД/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS, PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады.
Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі - ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс.
Бұл үшін мемлекет жаңа әдістемені әзірлеуге кірісті. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылады.
Төртінші механизм - қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады. Қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру бағытындағы тапсырмалар көбіне математика-жаратылыстану бағытында ұсынылып отыр. Сондықтан оқушылардың математика пәнімен қатар,дүниетану пәнінен де логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға сұраныс күшейіп отыр.
Бастауыш сатыда математика пәні ең қиын да, қызықты пәннің бірі. Пәнді жан-жақты меңгерту үшін мұғалімнің білімі терең, жан-жақты дамыған, ойлау құзіреттілігі жоғары деңгейде дамыған, педагогикалық шеберлігі болуы – басты мәселе. Егер мұғалімнің педагогикалық шеберлігі болмаса, жаңа ізденіске талпынбаса оқушы да сол бағытты ұстайды және пәнге деген қызығушылығы болмайды.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Қазақстан оқушылары TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуда.
TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау. TIMSS халықаралық зерттеуі 4 және 8 – сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төртжылдық мерзіммен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізілетін зерттеу. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады. Білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау үшін жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша тестілер мен тестілік тапсырмалар, фондық ақпараттың нақты параметрлері анықталады. 4-ші сынып оқушыларының тестік тапсырмаларының әр варианты 44-50 тапсырмадан тұрады, 8 сынып оқушылары үшін – 55-60 тапсырма қарастырылған. Онда жауаптар әртүрлі болуы мүмкін. Тапсырманы орындау үшін 4-ші сынып оқушыларына 72 минут, 8 сынып оқушыларына 90 минут уақыт бөлінеді. Бағалау диапазоны 0-ден 1000 балл аралығында болады, орташа статистикалық балл 500 баллды құрайды.Тестілеу тапсырмаларын бағалау төрт деңгейде жүзеге асырылады.
TIMSS зерттеуіне оқушыға, мұғалімге , мектеп әкімшілігіне арналған сауалнамалар кіреді. Сауалнаманы толтыру үшін әр адамға 30 минутқа жуық уақыт қажет.
PISA үш жылдық мерзіммен өткізілетін білім беру ұйымдарында 15 жастағы білім алушылардың математикадан сауаттылығын бағалауға арналған халықаралық зерттеу. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы.
PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен өткізіледі (2001, 2006, 2011, 2016) 2015 жылы апробациялық зерттеуі, ал 2016 жылы негізгі зерттеуі өткізіледі. Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды. Әрбір оқушыға екі мәтін және сол мәтіндерге арналған тапсырмалары бар дәптер ұсынылады. Бірінші – көркем әдеби мәтін- қызықты оқиғалар, баяндаулар немесе ертегілер, екінші- ақпараттық (көбіне жануарлар жайлы әңгімелер). Әрбір мәтінге шамамен 12- 15 тапсырма беріледі. Оқушыларға барлық тапсырмаларды орындауға 80 минут беріледі (екі рет 40 минут үзілісімен).Орындалған жұмыстың сандық және сапалық бағалау жүйелері қатар жүреді. PIRLS зерттеуін бағалау 1000 баллдық шкаламен жүзеге асады. Орташа көрсеткіш 500 баллға сәйкес, стандарттық төменгі балл 100. Халықаралық PIRLS зерттеу құралдарына тест тапсырмалары бар дәптерлермен бірге оқушыға , ата- анаға, мұғалімге, мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама кіреді. Сауалнаманы толтыру үшін әр адамға 30 минутқа жуық уақыт қажет.
Зерттеу нәтижелері отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын көрсетіп берген:
Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі;
Оқушылардың математикалық құзыреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі;
Күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану-ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен өз көзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.
Білім беру ұйымдарының оқу процесіндегі жоғарыдағы кемшіліктердің себептері:
оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жеке қызығушылықтарының жеткілікті ескерілмеуі, жеке тұлғаға бағытталған жұмыстардың кемшіліктері;
мұғалімдердің әлеуметтік практиканы қалыптастыратын зерттеу іс-әрекетін, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын технологияларды жақсы меңгере алмауы.
Осындай халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде білім беру сапасын бағалау жүйесін іске асыру бізде де кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Сондықтан әлеуметтік даму деңгейді анықтайтын түрлі зерттеулерге қатысу өзіңді бағалаудың негізгі көзі болып табылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты ету үшін ,
тиімді жұмыс жүйесін құру қажет:
1) әртүрлі оқу пәндерінің тақырыптық материалдарынан тапсырма даярлау керек, оның дұрыс орындалуы білім мазмұнының кіріктірілуін талап етеді;
2) әртүрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, графиктер) қажет;
3) шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануды арттыру керек.

Сонымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша сыныптар мен білім беру деңгейлері арасында оқу пәндері мазмұнының сабақтастығын жүзеге асырудың жолдарын тұжырымдаймыз:
оқушылардың бастауыш сыныпта қалыптасқан функционалдық сауаттылықтар жүйесі келесі сыныптарда да қолданылатынын ескеріп, олардың өзара сабақтастығының сақталуын мұқият қадағалау қажет;
функционалдық сауаттылықтың маңызын түсінген оқушы әрбір пәндегі берілген білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы ретінде қабылдауы тиіс; оқу үдерісін ұйымдастыру, өздік жұмыстар мен іс-әрекеттік, практикалық жұмыстар орындату мұғалімдердің негізгі міндетіне айналуы тиіс; қазіргі 11 жылдық мектептің мұғалімдері өз пәндерінің көмегімен функционалдық сауаттылықтарды біліктілікпен байланыстырып жалпылауға жауапты болуы тиіс; пән мұғалімі жаңадан қосылған функционалдық сауаттылықтардың бұрынғылармен арасындағы байланысын оқу үдерісі кезінде ескертіп отыруы тиіс;
сыныптан сыныпқа көшкен сайын жаңа пәндердегі молая әрі күрделене түсетін функционалдық сауаттылықтар жүйесін меңгеру және оларды тиімді қолдана білу оқушының мектептегі ең басты жетістігі ретінде қабылдануы заңды құбылысқа айналуы тиіс;
молая әрі күрделене түсетін функционалдық сауаттылықтар жүйесін оқушылардың жүйелі түрде жадында ұстауын қадағалап, ұмытылғандарды қайта есіне салып, осыған орай тапсырмаларды орындату ұстаздардың басты міндетіне айналуы тиіс.
«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз.
loading...

Автор: Қуанышева Арайлым Жеңісқызы

Бөлім: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Қосты: Arailum | Ілмек сөздер: PIRLS, баяндама, TIMSS
Көрсетілім: 3786 | Жүктеулер: 695 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 47
Қонақтар: 47
Тіркелгендер: 0