Сайт учителя начальных классов
.
Күні: 17.02.2015 ж. Пәні: ана тілі Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбай «Тасбақаның шөбі»
Мақсаты: 1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсіну.
2. Бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, ырымдарды салыстыру, зерттеу, қолдану, бағалауға машықтандыру.
3. Топта өз ойларын, пікірлерін айта білуге, халқымыздың ырым-тыйым сөздерінің мағынасын ұғынып өсуге тәрбиелеу.
Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:
• Оқушылар өзара бірін-бірі оқытады;
• Өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады;
• Өз ойларын шағын, үлкен топтарда ортаға салып, дәлелдеп үйренеді;
• Топта ұйымдастырған жұмыс нәтижесін көрсете алады.
Қамтылатын модульдер:
1 – модуль - Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2 – модуль - Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ассоциация)
3 – модуль – Бағалау
4 – модуль – АКТ пайдалану (интерактивті тақтамен жұмыс және видео)
Стратегиялар, әдіс-тәсілдер: «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны ашу», «Ой – толғаныс», рефлексия, бағалау
Сабақтың түрі: топтық, жұптық
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Күтілетін нәтиже:
 Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
 Берілген тақырыптың маңынасы мен мазмұнын түсінеді.
 Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
 Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
 Тақырыпты зерделей қарап, өмірде қолдана біледі, тәрбиелік мәнін ұғынады.

ID: 1375 | Просмотров: 2244