Сайт учителя начальных классов
.
. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Ас-ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат-жұрағатымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып, бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген екен.Бір күні төрт түлік жиналып кеңеседі.Олар «Қайсымыз қандай жерге,қандай кісіге бітсек ,жақсы болар еді?»деген сөзді айтысады.Сиыр айтады екен Мен шөбі қалың жерге барсам, Тұрмысы нашар адамның қолында өмір сүрсем дейді. Яғни сүтімен асырайды. Бітем деген сөз қандай адамның қолында өмір сүруін айтады.
Қой айтады. Жылы жерге, күн суықта ықтауға болатын тау - тасты жерге барсам, еңбекқор адамның қолына барсам дейді. Жылқы айтады. Шөбі шүйгін ен далаға барсам, аттың қадірін білетін ер азаматқа барсам дейді.
Түйе айтады. Мен шөлді жерлерде де жүре аламын. Бұл жерде сор – деген шөл деген мағынаны білдіреді. Өздерің көрген шығарсыңдар, күзде, көктемде далада жаңбырдан кейін кепкен жер аппақ болып қалады. Сол жер сор деп аталады. Және ауқатты, бай адамға барсам дейді.
Түйе төрт түліктің ең ірісі.Оның жүні,еті,сүті пайдалы.Түйе шөлге өте шыдамды.Төлі бота. «көс-көс» деп шақырады.Тү- йе пірі -Ойсылқара.Түйе төлін 12 ай көтереді.Түйе тобын «келе» деп атайды. – Сиыр ірі қара малға жатады.Еті тамақ,сүтінен айран,құрт, ірімшік,май алынады.Сиырды «ахау-ахау» деп шақырады.Сиыр тө — лін 9 ай көтереді.– Жылқы жеті қазынаның бірі.Ол сезімтал,талғампаз жануар.Жылқыда өт болмайды.Жылқыны көлік ретінде пайдала- нады.Жылқы сүтінен қымыз жасайды.Жылқының әбзелдері мыса – лы: ер,ноқта,үзеңгі,қамшы.
– Қой төрт түлік мал ішіндегі ең жуасы.Қой еті,жүні,терісі пайдалы.Жүнінен киіз басады,түрлі киім-кешек тоқиды.Сүйікті шө- бі жусан.Пірі Шопан ата.Қойды «пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

ID: 2104 | Просмотров: 2853