Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.
Мақсаты: Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштан жасалған тұрлаулы
мүшелер туралы топтастырылған ұғымды қалыптастыра таныту.
Міндеті: 1. Оқушылардың білім дағдыларын арттыра ауызша және жазбаша
тіл байлығын дамыту. Байланыстырып сөйлеуін жетілдіру.
2. Ой – өрісін дамыту арқылы өз бетімен және шығармашылық
жұмыс жасауға бейімдеу.
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке,
үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ – жауап, талдау – жинақтау, өзіндік, шығармашылық.
Көрнекіліктері: сызба, топтамалар, суреттер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Сабаққа әзірлік.
Психологиялық сәт:
Топқа бөлу:
1 Маша мен аю
2.Шрек пен Фиона
3.Күлше қыз бен ханзада
ІІ. Мотивациялық қозғалыс. (Үй тапсырмасын тексеру)
(балалардың жазған жұмыстарын тексеріп шығу, 2 – 3 балаға оқыту)
ІІІ. Өткенді пысықтау. (Білімдерін тексеру. Тест жұмысы)
1 Сөйлем нені білдіреді?
а) аяқталған ойды білдіреді.
ә) бірінші сөз бас әріптен басталады
2 Мәтін неше түрге бөлінеді?
а) 3
ә) 4
3 Қимыл іс – әрекет иесін білдіретін сөз не ?
а) зат есім
ә) етістік
4 Баяндауыш қай сұраққа жауап береді?
а) кім? не?
ә) не істеді? не қылды? қайтті?
5.Бастауыш та баяндауышта зат есімнен болған жағдайда бастауыштан кейін қандай тыныс белгі қойылады?
а)қос нүкте
ә) сызықша
/мониторинг әдісі/
ІV. Мақсат қою кезеңі. (сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау)
- Балалар, бүгінгі сабағымыз әдеттегіден сәл өзгеше. Барлығымыз жақсы көңіл – күймен сабаққа қатысып, өздеріңнің білімдерің мен тәртіптеріңді көрсете жетістікке жетіңдер. Сабақ соңында кім сабақта белсенді және білімді болған балаға зерек, білімді, талапты, алғыр атағы беріледі. Олай болса барлығымыз білімімізді шыңдап көпке үлгі болуға тырысайық.
V. жаңа сабақ
Бастауыш: Мен сөйлемнің негізгі мүшесі бастауышпын.Сонымен қатар мені сөйлемнен кім?,кімдер?не?,нелер?сұрақтарын қою арқылы таба аласыңдар.Ал кей жағдайда жасырынып қалатын кезім болады.
Баяндауыш: Ал мен сөйлемде бастауыш досымның ісін-қимылын білдіретін сөйлемнің негізгі мүшесі баяндауышпын.Мені сөйлемнен не істеді?,не қылды?,қайтті?деген сұрақтар қою арқылы таба аласыздар.Балалар мен сендерге бір құпия айтайын ба мен көбіне соөйлемнің соңында кездесемін.Естеріңде болсын жарай ма!
Екеуі: Бізде қазақ тілінде сойлемнің тұрлаулы мүшелері деп атайды.
Мұғалім түсіндірмесі:
Сөйлем мүшелері

Тұрлаулы тұрлаусыз

Бастауыш пысықтауыш
Баяндауыш анықтауыш
Толықтауыш
Мыс: Күн салқындады

- Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.
Көркем жазу минуты: Сурет бойынша сөйлем құрау.

А) Оқулықпен жұмыс: Маша:
1-жаттығу
Мәтінді оқы.Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тауып жаз.
Шрек: /тақтамен жұмыс/3-жаттығу Сұрақтарға жауап жаз.Жауабыңдағы бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.
Күлше қыз:
4-жаттығу Қандай сөйем мүшесі жазылмаған?Мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді жаз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Мойнымызды бұрамыз
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып жұмамыз
Онан сон қолды түсіріп
Алақанда соғамыз.
Фиона:
5-жаттығу Өлеңді көшіріп жаз.Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
Бекіту:
Б) Семантикалық карта:
Сөйлем мүшелері Бастауыш Баяндауыш Тұрлаусыз мүше
Дәрігер
адамдарды
емдейді.
Айман
ұқыпты
қыз

«иә», «жоқ»стратегиясы
Тіл-қатынас құралы иә
Бастауыш тұрлаусыз мүше жоқ
Баяндауыш кім?,кімдер? Не?нелер?сұрақтарына жауап береді. жоқ
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз. иә
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. иә
Сұраулы сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады. жоқ

Шығармашылық жұмыс.
Кішкентай бала
Мен кішкентай баламын
Кітап оқи аламын.
Дәптер, қалам, сызғышты
Сөмкеме өзім саламын.
VІІІ. Рефлексия: 1.Мониторинг
2. «бағдаршам»әдісі
Үйге тапсырма: 2 – жаттығу. 78бет.
ІХ. Қорытындылау: - Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай
мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп
айтамыз?
Х. Бағалау
Балаларды мақтап зерек, білімді, алғыр, талапты болған балаларды атап айту.

ID: 2164 | Просмотров: 3599