Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

"Түйе мен тышқан" монғол ертегісі
23.02.2015, 21:30

Материалдың жеке номері 599

"Түйе мен тышқан" монғол ертегісі

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)
Сабақтың мақсаты :
1)Білімділік: Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу.Балаларды талдау ,талқылау, салыстыру және қорытынды жасауға үйрету;
2)Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын байыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3)Тәрбиелік: Еңбекшілдікке , іскерлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:слайдтар, жануарлар суреттері
Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,қазақ тілі.

Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын !
Мақсат қою:
Әрбір адам қандай іске кіріссе де , ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін мынандай мақсаттар қояйық:
тыңдай білу,
салыстыру,
бір жүйеге келтіру ,
талдау,
қорытындылау.
Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме? Ендеше сабаққа жақсы , белсенді қатысайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
- Ал, балалар үйге қандай тапсырма берілді ?
3-4 оқушыға Қ. Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңін жатқа айтқызу,бағалау.
Сөзжұмбақты шешу үшін мына сұрақтарға жауап бер.
1. Қазір қай ай?
2. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны
3. Сертің осы ....жігіт,.....қыз!
4. Біз қандай жанбыз?
5. Соғып тұр ғой туған дала......
6. Жеріміз бар қасиетті .....
ІІІ .Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
- Сөзжұмбақтағы ерекшеленген әріптерді қоссақ қандай сөз шықты?
-Ертегі сөзі шықты
-Ертегі деген –халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
- Ертегінің неші түрі бар?
-Балалар қараңдаршы бізге не келіпті?
-Біздің Отанымыз басқа елдермен достық қарым –қатынастамыз.Сондай дос елдің бірі - Монғолия.Бұл хатты сол елдегі сендермен қатарлас достарың жолдапты.Хатты ашып оқиын.
-Сәлем,достар!Біз Моңғолия елінде тұрамыз.Бізде 2-сыныпта оқимыз.Достар сендерге қызық ертегі жолдап отырмыз.Сендерге ұнайды деген ойдамыз.Ертегі туралы өз ойларыңды күтеміз.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Ой-шақыру.
-Бұл ертегі не жайлы екенін білу үшін мына жұмбақтардың шешуін табайық.
-Қане жұмбақты кім оқиды? (2-оқушыға оқыту.)
1)Жұмбақ шешу.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Түйе
Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан піл қорқады.
Тышқан
2)Мәтінмен жұмыс.
-Балалар,бүгінгі ертегіміздің тақырыбы «Түйе мен тышқан»деп аталады екен.
*Мұғалімнің оқуы.
*Оқушыларға тізбектей оқыту
*Талдау.
–Сонымен ертеде адамдар әр жылды нелердің атымен атауды ұйғарыпты?
-Олар неше жылға атаулар берген?
-Олар қандай атаулар , кәне , кім біледі екен?
-Ал 12-ші жылдың атауына нелер өз аттарын ұсынған?
-Олар бір-бірімен қалай айтысты деп ойлайсыңдар?
-Ал адам мәселені қалай шешіңдер деген?
-Ал түйе мен тышқан не деп келісті?
-Түйе не істеді?
-Ал тышқан ше ?
-Күннің ең алғашқы шапағы таулардың шыңдарына түскенде не болды?
- Неге тышқан бірінші көрді?
-Ал ұтылған түйе не істеді ?
-Содан бері түйе күлді көрсе не істейді екен?
- Сонымен түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?
*Оқушыларға мазмұндату.
-Балалар түйе мен тышқанның іс-әрекеті арқылы ертегі бізге неге үйретіп тұр?
-Ертегінің негізгі ойы- мақтаншақтық жағымсыз қасиет екенін айтады.
*Мәтіннің бөліктерін анықтату.
-Балалар осы мәтіннің бөліктерін анықтайықшы? Басы,негізгі бөлімі,соңы.
- Балалар мәтіннің қандай түрлері бар?
-Балалар осы ертегіде мәтіннің қай түрлері кездесіп тұр?

3)Сергіту сәті: Аққала
4)Дәптермен жұмыс:
Ойын «Сөзді тап»
-Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадыңдар ма?
-Берілген нақыл сөзді аяқта,есіңе сақта.
Бойыңа сенбе ,ойыңа сен.
5)Суретпен жұмыс:
Ойын «Не артық?» Жыл аттарынан артығын тап?
Қазақша жыл санауды оқыту. Тышқан, сиыр, барыс,қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

«Жатқа біл» өлеңін оқыту.
Әр сөздің бірінші әрпі жыл атауына сәйкес келеді.Жазып үйде жаттап алу.

Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап , мойыма,
Талма , именіп ділмардан.

С.Мұқанов
ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі:
6)Топтық жұмыс:

1-топ: Түйе мен тышқанның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасына орналастыру.

2-топ: Жылдан құр қалған түйеге сипаттау мәтінін жазу.

3-топ: Тышқанға бес жолды өлең жазу.

4-топ: Түйе мен тышқан ертегісін сахналау.

V. Қорытындылау.

-Сонымен ,балалар бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер ?
-Балалар , мен сендерге «Тосын сый» жасағым келіп тұр.
-Балалар,алда қандай мереке келе жатыр?
-Шыршаның бойына қазақша жыл атауларын орналастырайық.
1.Тышқан
2.Сиыр
3.Барыс
4.Қоян
5.Ұлу
6.Жылан
7.Жылқы
8.Қой
9.Мешін
10.Тауық
11.Ит
12.Доңыз.
VI. Үй тапсырмасы:
Үйде ертегіні оқып, ертегі бойынша сурет салу.
VIII.Бағалау.
loading...

Автор: Найзатай Нұргүл Тыныштыққызы

Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектеп

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Қосты: Найзатай_Нұргүл | Ілмек сөздер: тышқан, Түйе, ертегі
Көрсетілім: 1408 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 16
Қонақтар: 16
Тіркелгендер: 0