Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

«Сый, тый» сөздерінің жазылуы.
[ Сайттан жүктеу (236.5Kb) ] 09.11.2015, 21:02

Материалдың жеке номері 2053

«Сый, тый» сөздерінің жазылуы.

загрузка...
Қазақ тілі 19.09.2015жыл. 2- сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сый, тый» сөздерінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сый, тый және бұлардан тараған сөздерге (ый) жазылатынын түсіндіру.

Сабақтың міндеті: Оқушыларға сый, тый және бұлардан тараған сөздерге (ый) жазылатынын түсіндіру. Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтағы әдіс – тәсілдер: талдау, топтастыру, әңгімелеу, сұрақ – жауап .
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық
Күтілетін нәтиже: Сауатты жазуға үйренеді. Жаттығулар орындайды.Өз бетінше
оқи алуға машықтанады. Бір- біріне көмектеседі, есте сақтау қабілеті артады.
Оқыту әдістері: Топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың жоспары.
Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Білім
4-мин
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
а/.Сәлемдесу
- Балалар, сендердің үйлеріңе қонақ келе ме?
- Сендер қонаққа бардыңдар ма?
- Қонақты қалай күту керек?
Оларға сый-сияпат, құрмет көрсетуіміз керек.
Ендеше, біз бүгінгі қонағымызға қандай сый-сияпат көрсетеміз. Бұл кісілерді жақсылап күтуіміз керек.
- Ол үшін сендер не істеулерің керек?
- Сабаққа жақсы қатысып, жақсы оқуымыз керек.
- Жарайсыңдар.«Сыйласаң сыйлы боларсың» деген сөз бар.

ә/. «Ең жақсы тілек»
Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар жапсырады.

Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.

-Балалар сәлемдесу мәтініне сәйкес қимылдарды жасайды.
-Түстер арқылы топқа бөлу.

Түсіну
10 мин
Сабақтың мақсатын талдау қызығушылығын ояту
«9 алмаз» - Сөздер жазылған қима қағаздарды үлестіремін
«Қазақстан», «Бірлік», «Ана тілі»
Дауысты, дауыссыз, жіңішке дауысты, жіңішке дауысты, дауыссыз, дауыссыз, дауыссыз
- й мен и қандай дыбыстар?
-У дыбысы қай кезде дауысты және қай кезде дауыссыз болады?
- и әрпі қай жерде жазылады?
- й әрпі қай сөздерде жазылады?
- й, и, у дыбыстары кездесетін сөздерді атаңдар.
«Жалғыстыр» ойынын
ойнаймыз.
* Не істеуге болмайды?
1.Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

2.Кішкене баланы жылатуға болмайды.
3. Құстарды атуға болмайды.

4.Сабақтан кешігуге болмайды
5.Сыныпта айғайлауға
болмайды.

Сұрақтарға жауап береді.
дауыссыз,дауыссыз,
дауыссыз, дауыссыз,
дауыссыз, дауыссыз,
дауысты, дауысты, дауысты
Оқушыларға кеспе сөздер үлестіріледі. Сол сөздерді кестелерге талдап, орнына қарай төменнен жоғары қарай орналастырады.-Ережелерді айтады.

Қолдану
5мин
Жаңа сабақ
1.қызығушылығын ояту
2.ой қозғау
3.мағынаны ажырату
Мақсаты: Й, и, әріптері туралы түсінік беру.
Жаңа сабақ: «Сый – тый және бұлардан тараған сөздерге тек -ый жазылады.
лық
лы
ым
ла

Оқушыларға мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап беру.

Талдау
10 мин
Жаңа сабақты бекіту

Кітаппен жұмыс.
Өз бетімен жұмыс.

53 – жаттығу. Көшіріп жазу, жазылуын есте сақтау.

Сый, сыйлық, сыйла, сыйды.
Тый, тыйым, тыйылды.

54 – жаттығу. Сыйла, сыйды, тыйым сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
(Үлкен кісінің , киімнің, малдың суреті)
55 – жаттығу. Көп нүктенің орнына и мен ый-дың тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Неліктен солай жазғаныңды дәлелде.

«Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасына сұрақтарды лақтыру

Дәптермен жұмыс.
Жаттығумен жұмыс.
Сергіту сәті
Кім? Не? – деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Орындық, көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз, мектеп, күз.
(15 сөз)

Жинақтау
10 мин
Қорыту Сабақты бекіту
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Тый, сый сөздерінен таралған сөздердіқай топ кебірек жазатынын анықтау үшін жарыс ұйымдастыру. Ол үшін «топтастыру» стратегиясы пайдаланылады.


.
Ж аңа жыл. Елдің барлығы мәз- мейрам, бірін-бірі құттықтап, сыйлықтар сыйлауда. Даладан сырғанақ теуіп келіп, бөлмеме кірсем төсегімнің үстінде әдемі оралған қорап тұр. Тәрбиешімнің үйретуі бойынша қорапты ашпай ары итеріп қойдым. Бірақ екі көзім, ойым сонда болды, бұл кімнен келді деген. Мүмкін атам мен апам келген болар -деп іштей қуанып, бір жағынан өзімді кінәләп қоямын, осынша уақытқа дейін ойнамай ертерек қайтпағаныма. Шамалыдан соң тамаққа түстік, көзіммен тәрбиешімді іздеп қоямын. Мереке болғасын ертерек қайтып кеткенін білдім, аяғында шыдамай ашсам, ішінде: Сайын Мұратбековтың кітабы, жылы жемпір, бір хат бар. Хатты алып оқуға кірістім: «Амансың ба балақай? Қалың қалай? Сабақтарың қалай? Жаңа жыл мерекеңмен!.. қысылған кезіңде Мария тәрбиешіңе айтып маған хабарласуыңа болады. Сәлемнен: Н ағаң.»

Тосын сый. Менің анамның туған күні жақындап келе жатыр. Менің анам әдемі және жақсы. Оған лайықты тосын сый жасағым келіп, бүкіл дүкендерді аралап шықтым. Әдемі кружка сатып алдым, оның түсі қызыл аппақ гүлдер салынған. Қонақтар келер алдында, анама тосын сый жасадым. Ол қатты куанып қалды. Қонақтардан көптеген түрлі сыйлықтар түсті. Қонақтар қайтқан соң, менің тосын сыйым өте керемет, ең күштісі деп анам мені мақтап, құшақтап алды. Мен де қуанып қалдым.

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.



Бағалау
6 мин

1.Сабақ барысында оқушы көзқарасы
2.Өзара бағалау Сендерге сабақ ұнаса не ұнамаса, оны жүрекшеге салып, тақтаға іліндер. Көңіл күйдің көтеріңкі екенін білдіретін жүрекшелер көп болса, сабақта соғұрлым тиімді.
Үйге тапсырмасын беру: 56 – жаттығу. . «Менің сыйлығым» тақырыбына шығарма жазу.
Күнделіктеріне жазып беру.
Бағалау. Топтағы балалар өз пікірлерін жүрекшелерге жазып, тақтаға іледі.

Рефлексия

Ойтүйін
loading...

Автор: Молдахметова Алма Сариевна

Жамбыл мектеп - гимназиясы

Бөлім: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 1075 | Жүктеулер: 449 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 4
Қонақтар: 4
Тіркелгендер: 0