Су. Судың қасиеттері.

  • Жүктеулер: 819
  • Көрсетілім: 2024
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 21/Ноя/2015
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Судың қасиеттерін меңгерту. Суды тиімді пайдалану үнемдеу.
Білімділік: Оқушыларды судың қандай болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу
Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар, кітапша, мультимедия т.б.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру, миға шабуыл
Түрі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Оқушыларды психологиялық дайындау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ.Практикалық жұмыс: (Тәжірибе жасау)
ҮІ. Бекіту
ҮІІ. Қорытынды
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
ІХ.Бағалау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
Табиғат-біздің анамыз, Жер байлығы көп екен,
Табиғатқа баламыз. Меңгеруді қалайды.
Табиғатты қорғайтын, Осының бәрін меңгерткен,
Біз әдепті баламыз. Дүниетану сабағы.
ІІ Оқушыларды психологиялық дайындау
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу
І ТОП: «Ауа» және ІІ ТОП: «Су»
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақты бастамас бұрын видеороликті тамашалайық. Бұдан не ұқтық? Яғни бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы осы су туралы болмақ.
Тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет. Ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.
Сұрақ: Қатты қапырық ыстықта шөлдеген адамға не керек?
«Су – өмір нәрі» деп халық бекер айтпаған болар. Сусыз тіршілік жоқ.Адам, өсімдік, жануардың барлығы сусыз тіршілік ете алмайды.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Адам су ішпей 6-7 күнге шыдауы мүмкін.
Сұрақ: Кейде судың түсін ақ дейді. Солай ма? Оны білу үшін қазір бірнеше тәжірибе жасап көрелік.
ІҮ.Практикалық жұмыс: (Тәжірибе жасау)
Практикалық жұмыс №1
● Бір шыны ыдысқа сүт, екінші ыдысқа су құямыз. Енді екеуін салыстырайықщы. Не байқадыңдар? Сүт – ақ, ал су – қандай? (яғни түссіз)
● Қызыл, жасыл, сары, ақ қағаздардан жолақ дайында. Осы қағаз түстері мен судың түсін салыстыр. Суды қазыл, сары, жасыл ақ деп айтуға бола ма? Болмайды.
● Судың түсі болмайды. СУ – ТҮССІЗ!

Практикалық жұмыс №2
●Су - мөлдір. Оны да қазір анықтап көрейік. Екі стақанның біреуіне сүт, біреуіне су құямыз.Осы екі ыдыстың ішіне қасық салайық. Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге? Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар?
● Су - мөлдір. Бірақ ол үнемі мөлдір болып көріне бермейді. Кейбір қалдықтардың салдарынан ластанады. Таза судың түсі болмайды!
Практикалық жұмыс №3
● Үстелдің үстіне қант, тұз, лимон қоямын. Енді, қант, тұз, лимонның дәмі қандай? Енді судың дәмін байқа. Оны тәтті, ащы, қышқыл деп айтуға бола ма? Болмайды.
● ТАЗА СУДЫҢ ДӘМІ БОЛМАЙДЫ!!!
Практикалық жұмыс №4
● Анаң тамақ дайындап жатқан кезде сен астың иісін сезесің. Гүлдер мен иіс судан да жағымды иіс шығады. Суды искеп көрейікші. Ал судың иіcі бар ма? Иісі жоқ.
● ТАЗА СУДЫҢ ИІСІ БОЛМАЙДЫ. СУ-ИІССІЗ!!!
Практикалық жұмыс №5
● Кесеге, шыныға, стақанға су құямыз.Енді осы ыдыстағы судың пішініне қарайықшы.
- Су қандай пішінге ие болды?
- Сендер әрбір ыдыстағы судың сол ыдыстың пішініне ие болғанын көрдіңдер.
● Олай болса, Суда тұрақты пішіні болмайды. Ол қандай ыдысқа құйылса, сондай пішінге ие болады.
Қорытынды :Сонымен осы тәжірибе жасау арқылы біз судың қандай қасиеттерін білдік?
• Судың нақты пішіні болмайды
• Судың түсі болмайды. Су-түссіз
• Су-мөлдір
• Су дәмсіз
• Су иіссіз
Міне, бұлардың бәрі судың өзіне тән қасиеттері.
Практикалық жұмыс №6
.● Біреуіне су құйылған екіншісі бос екі стакан ал. Бос стақанға бірінші стақандағы суды құямыз. Бірінші стақаннан екіншісіне су құйылады. Яғни, су ағады.
● Суды кез келген тегіс нәрсеге құйып көрейікші.Ол жан-жағына аға бастайды, себебі ол қандай? (сұйық) Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орнында дымқыл, сулы із қалды.Су жұғады екен.Бірақ артынша ол да жоқ болады. Кеуіп кетеді.Кез келген затты суға малып алсаң ол да су-су болып шығады.Су жабысқақ
Ү. Ой толғаныс (Логикалық тапсырма)
♦ Аналарың кір киімді жуады. Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді.Ойланыңдаршы!Оның бойындағы су қайда кетті?
/Күн көзі жылуынан су буға айналды. Бу ауаға араласты.
♦Жазда шомылып рахаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресіңдер?Қыста оаның үстінде конькимен сырғанайсыңдар. Енді, бұл мұз қайдан келді?
/Қысқы суық, аязда су қатып,мұзға айналады./
♦ Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Түйелердің біреуі өзеннен әрең шықты. Ол қай түйе? Неліктен олай ойлайсың?
ҮІ. Бекіту
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тірлік тәмам, бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң, ұмытамыз қадірін,-дей отырып сабағымызды бекітейік
«Су» туралы қандай өлең, мақал, нақыл сөздер білеміз (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
ҮІІ. Қорытынды
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.
Судың біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін-дей келе сабағымызды қорытындылаймыз
А) –Сонымен, балалар, су туралы көп мағлұмат алдық. Мынадай нақыл сөздер бар:
• Суды босқа төкпе!
• Сумен ойнама!
• Бұлақ көрсең көзін аш.
• Судай таза бол.
• Судан таза, сүттен ақ.
Ә)
▪ Пішіні жоқ
▪ Түссіз
▪ Мөлдір
▪ Дәмі жоқ
▪ Иісі жоқ
▪ Ағады
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1) «Су қалай ластанады?» эссе жазып келу
2) Оқулықтың 27 бетін оқу, әңгімелеу
ІХ.Бағалау: Оқушылардың білімдеріне қарай бағалау

Автор: Саменова Лаура Сейтахметовна

ШҚО Семей қаласы №44 мектеп

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 1

avatar
жақсы екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.