Сайт учителя начальных классов
.
2-сынып Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Үш арыстың үлгілері
Сабақтың мақсаты: —білімдік: Халық ауыз әдебиеті шығармаларын қорытындылап, қазақтың атақты билері туралы білімдерін толықтырып, шешендік сөздердің
мағынасын түсіндіру
дамытушылық: Түсініп оқу, мәнерлеп оқу , рөлге бөліп оқу дағдыларын, сөз қадірін түсіне білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: топта жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, жылдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әйтеке би, Қазыбек би,Төле би суреттері, бүктеме, «Қазақтың билері» слайды, маркер, постер, бағалау тақтасы.
Әдісі: сұрақ -жауап, түсіндіру, ізденушілік, , сайыс, топтық жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа білімді түсіндіру сабағы.
Техникалық жабдықтар: компьютер,.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих., математика
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты топқа бөлу. Қызыл, сары, жасыл түсті таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді.
ІІ.Қызығушылықты ояту
Әдебиеттік оқу пәні бойынша білімдерін қайталау үшін үш топқа «Бәйге» сұрақтары қойылады
І-топ
1.Қазақтың ұлы ақыны \Абай\
2. Әліппенің атасы кім?\Ахмет Байтұрсынов\
3. Қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан ұстаз\Ыбырай \
4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері\Т. Әубакиров
ІІ-топ
1. Қазақтың тұңғыш ғалымы \Шоқан \
2. « Кел ,балалар, оқылық» өлеңінің авторы\Ы.Алтынсарин\
3. Қазақтың геолог ғалымы.\Қаныш Сәтбаев\
4. Аңыз дегеніміз не?
ІІІ-топ
1. Қазақтың үшінші ғарышкерін ата\Айдын Айымбетов\
2. Мысал дегеніміз не?
3. Күй атасы\Құрманғазы\
4. Ақын өз ойын қалй жеткізеді?\өлең-жырмен\
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
— Үйге қандай тапсырма берілді?
1. Өтірік өлеңді әуенмен жатқа айту.
2. Сурет бойынша өтірік өлең құрастыру.
— Қане, кім айтады?
4 оқушы өтірік өлеңді рөлге бөліп жатқа оқиды.
Сурет бойынша шығарған өз өтірік өлеңдерін кім оқиды?
3-4 оқушы оқиды.
— Балалар, өтірік өлең қандай шығармаға түріне жатады?
ІV. Тірек білім.
-Балалар , қандай бөлімді оқып жатырмыз?
Халық ауыз әдебиеті шығармаларына нелер жатады?
Ертегілер неше түрге бөлінеді?
Аңыз дегеніміз не? Ауыз әдебиетінің қай түрімен әлі таныса қойған жоқпыз?
Шешендік сөздер суырып салма ақындықпен туыстас.
— «Суырыпсалма» дегенді қалай түсінеміз?
5. «Орнын тап» ойыны
Әр топ сиқырлы әріптер мен сандар жасырылған конвертті таңдайды. Конверттегі сандарды өсу ретімен орналастырса , әріптерден сөз құралып шығады.
Әр топ Қазыбек, Төле би, Әйтеке сөздерін құрастырады.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз да осы билерге қатысты болады.
- Балалар, бұл есімдер туралы не білеміз?
Билер туралы бірінші сыныптан білетінімізді еске түсіріп, қосымша мәлімет жинап келу оқушыларға тапсырылған болатын. Енді сол оқушыларды тыңдайық.

— Төле би қандай адам болған?
Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздің дулат тайпасының жаныс руынан шыққан. Он бес жасынан ел билігіне араласып ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түскен
— Қазыбек би қандай кісі болған?
Қаз дауысты Қазыбек би-1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Орта жүз арғын тайпасының қара кесек руынан. Ол үш бидің бірі, атақты қоғам қайраткері, әділ би болған
— Әйтеке би қандай болған?
Әйтеке би 1644 жылы туылған. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан .Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Әйтеке би шешен, тапқыр, әділ адам болған.
Қазақтың бұл үш биі – халық қамын ойлаған адамдар болған.
Тілі өткір, сөзге шешен , жұртты тыңдата білетін ақылгөйлер болған
Суреттер , бүктеме бойынша жұмыс.
Сергіту сәті
V. Мағынаны тану
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызда осы үш бидің шешендік сөздер үлгісімен танысамыз.
Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.
Слайдпен жұмыс.
Слайдтағы билердің суреті бойынша оқушылардың пікірлерін тыңдау. Яғни суреттегі билердің жүздерінен ақылдылық, сабырлылық, парасаттылық, әділдік сияқты қасиеттерді байқауға болатынын оқушылар айтады.
Шешендік сөздер – терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы. Ол тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі болып табылады.
Аумалы-төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері, әр елдің, әр ауылдың өз тыңдар ақсақалы болған. Мұндай халық өкілі қазақтан басқа халықта болмаған. Олар қазіргі соттың, прокурордың, әкімнің қызметін бір өзі атқарған. Демек би-шешендер тек қана қазақ халқына тән құбылыс.

Кітаппен жұмыс.
1. Қазақтың майталман үш биі Төле би, Қазыбек, Әйтеке билер көбіне Түркістанда жиі-жиі бас қосып, әңгіме-кеңес өткізіп тұрады екен. Сондай бір кездесудегі сөз үлгілерінен үзінді оқимыз.
2. Мұғалім дауыстап шешендік сөздер үлгілерін оқиды

VІ. Ой толғаныс
- Балалар, осы мәтіндегі үш арысымыз кімдер?
— Неге бұл кісілерді «Үш арыс» деп айтып отыр?
— Төле би не туралы айтқан?
— Пырақ деген сөзді қалай түсінесің?
— Шырақ дегенді қалай түсінесің?
— Осы шешендік сөздерді Қазыбек би қалай жалғастырған екен?
— Бұл шешендік сөздерді қалай түсінесің?
— Қазыбек биге Төле би қандай баға берді?
— Қазыбек би қалай жалғастырды?
— Сөздің кезегі енді кімге тиді, балалар?
— Әйтеке би не айтты?
— Осы батадан не түсіндік?
— Балалар, билердің суреттеріне зер салып қарайықшы. Билердің бейнесінен не байқалады?
 Бүгінгі сабақта «би» деген сөз көбірек айтылды. Осы сөздің мағынасын ашып бере аласыздар ма?
Слайдтан «Би- ел билейтін тарихи тұлға»

Дәптерге жаздыру

Топтастыру стратегиясы.
Әр топқа қағаздар таратылады, оқушылар топ болып әр би туралы өздері түсінген сөздерін жазады , Мысалы: Қазыбек - би, шешен, парасатты, ақылды, әділ, халықтың қамын ойлаған, дана т.б сөздерді жазып, әр топтан бір оқушы тақтаға шығып постер қорғайды.
VІІ. Слайд «Үш би»
Үш би де халық қамын ойлаған, ел бірлігін жақтағын адамдар болған. Үшеуінің жиі-жиі кездесулеріндегі әңгіме арқауы – бүкіл қазақтың басын біріктіру, көп кешікпей жоңғарға қарсы азаттық ұрысқа аттану болатын. Қазір осы кезеңдегі ел өмірінен үзінді көресіздер.
Қазақ тілі тарихын зерттеген Қасым Аманжолов: «Қазақ халқы өз дәуірінде үш жүзге бөлінген тайпалардың бірігуінен қалыптасқан» -деген. Үш би үш елдің, үш жүздің атынан келіп Ұлытау өңірінде үш жүздің басы қосылып, қазақ халқы біріккендігін көрдік. Сол билер бастаған бірліктің, ынтымақтың жалғасы, бейбіт дәуірде өмір сүріп отырмыз. Шешен-билеріміз – ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіргенін даналық сөздер иесі екендіктерін байқадық.
Слайдтан үш биге арналған ескерткіштер суреттерімен таныстыра отырып , халқымыздың, еліміздің тарихында атақты билеріміздің орны ерекше екендігін қазіргі уақытта билердің құрметіне байланысты аудан, көше аттары бар екендігі айтып өтіледі.

Сахналық қойылым, рөлге бөліп оқу
Әр топтан бір оқушы шығып , билердің шешендік сөздерін мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіре отырып, жатқа айтып береді
ІХ. Бағалау
Әр топтың жинаған фишкаларын бір санап аламыз, жеңімпаз топты шапалақ соғу арқылы қошеметтейміз
Келесі кезекте
Әр оқушы дұрыс жауабы үшін алған фишкаларын санаймыз. Ең көп фишка жинаған 2-3 оқушы бағалау тақтасындағы ұшаққа өз парағын, кейінгілері машина тұсына, ал ең аз жинаған оқушы өз қағазын тасбақа суреті жанына іледі.
Ұшаққа мінген оқушыларға қошемет айтылады, ал тасбақаға мінгендерге келесі сабақтарда белсенді болу тілегі айтылады.
Х. Үйге тапсырма
ХІ. Қорытынды.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі шешендік сөздер екен.
Асан қайғы айтқандай күшпен емес, сөзбен де маңызды мәселелер шешіледі екен. Сондықтан сөз мәнін түсініп, сөйлеу мәдениетімізге мән беріп, оған жауапкершілікпен қарап, жөнімен мағыналы сөйлей білуіміз керек.

ID: 2062 | Просмотров: 2728