Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Сезім мүшелері
[ Сайттан жүктеу (18.7Kb) · Жүктеу () ] 04.03.2015, 00:31

Материалдың жеке номері 756

Сезім мүшелері

загрузка...
Қайыпова Шолпан Алпысбайқызы,
№148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы: Сезім мүшелері

Сабақ мақсаты:
1. Сезім мүшелерінің атқаратын қызметі, олардың маңызы жайында түсінік қалыптастыру. Сезім мүшелерін қалай сақтау керектігін үйрету.
2. Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: көрнекілік, топтық, сұрақ – жауап т.б.
Сабақ көрнекілігі: сезім мүшелерінің макеттері, жұмбақ шешу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, бүгінгі ауа райы қандай? Ал енді, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып сабағымызды бастайық.
–Деніміз сау болсын!
–Жақсы баға алайық!
–Ұйымшыл болайық т. б.
Балалар, мен сендерге жұмбақ алып келдім. Сабағымызды жұмбақ шешуден бастайық. Бәріміз мына жұмбақтарды шешіп көрейік ( көз, құлақ, мұрын, тіл, тері туралы жұмбақтар жасырамын) Тақтада жұмбақтардың шешуі жазылып тұрады. Бұл жазулар нені білдіреді?Біз бұларды сезім мүшелері дейміз.
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)
Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (Тіл)
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.(Құлақ)

Көрші отырған көршілер
Бірін бірі көрмейді.
Қара түнек қос үңгір
Діңгегі асу бермейді.(Көз бен мұрын)

Олай болса,балалар, біз бүгін адамның сезім мүшелері туралы айтамыз. Бұларды айтпас бұрын сезім мүшелерінің айтысын тыңдап көрелік!
Ал енді осы көріністен қорытынды жасайық. Көзбен көреміз,құлақпен естиміз, мұрынмен әртүрлі иістерді ажыратамыз,тілмен дәмді сеземіз.
Осы бір ғажайып қабілеттер бізге бес сезім мүшесі арқылы беріледі.
Олар: (интерактивті тақтаға жазып қоямын)
- көз–көру мүшесі;
- құлақ –есту мүшесі;
- мұрын –иіс сезу мүшесі;
- тіл–дәм сезу мүшесі;
- тері–ыстық пен суықты сезетін сипап сезу мүшесі;
Осы бес сезім мүшесі арқылы біз өзімізді, қоршаған әлемді танып білеміз.
Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Сезім мүшелері
Оқушыларды топтарға бөлемін.Сұрақтарға жауап беру арқылы топтардың аттары анықталады.
Сұрақ - жауап
- Сезім мүшелеріне нелер жатады?
- Көз қандай мүше?(көру) Оның қызметі
- Құлақ қандай мүше?(есту)Оның қызметі
- Тіл қандай мүше?(сөйлеу және дәм сезу)Оның қызметі
- Мұрын қандай мүше?(иіс сезу)Оның қызметі

- Екі қолың не үшін қажет? - Елге көмек беру үшін
- Екі көзің не үшін қажет? - Жақсыларды көру үшін
- Екі құлағың не үшін қажет? - Ақыл - кеңес тыңдау үшін
- Екі аяғың не үшін қажет? - Шетте жүрсең, елге қайтып оралу үшін керек.
Әр топқа дайындалатын сұрақтар мен тапсырмалар беремін.
1- топ «Құлақ – есту мүшесі»
1.Құлақ туралы не білеміз? Оның қызметін айт.
2.Адам құлағына зиянды заттарды ата.
3.Құлақты қалай күту керек?
4.Құлақ туралы мақал- мәтел ойлап айт.
1. Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
Құлағы жоқ,көзі саудың ақылы озады
2. Саусағы ұзын – бишi болар,
Құлағы үлкен – күйшi болар.
3. Ел құлағы- елу
4.Ақпа құлаққа айтқан сөз –ағып кеткен сумен тең.
5.Құлақ туралы санбллютень газетін шығар
«Құлағың сау болсын десең»
6.Ертегі, сөзжұмбақ,көрініс құрастыр
2-топ «Көз – көру мүшесі»
1.Көз туралы не білеміз? Оның қызметі туралы айт.
2.Көзге зиянды заттарды ата.
3.Көзді қалай күту керек? Қандай жаттығулар жасауға болады?
4.Көз туралы мақал- мәтел ойлап айт.
1. Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
Құлағы жоқ,көзі саудың ақылы озады
2. Көбікті толқын санама.
3.Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.
4.Ортада мұрын болмаса екі көз бірін- бірі жейді. 5.Көзің ауырса, қолыңды тый
Көз туралы санбллютень газетін шығар
«Көзің сау болсын десең...»
3-топ «Мұрын–иіс сезу мүшесі»
1.Мұрын туралы не білеміз? Оның қызметі туралы айт.
2.Мұрынға әсер ететін зиянды иістерді ата.
3.Мұрынды қалай күту керек?
4.Мұрын туралы қандай мақал- мәтел білеміз?
1.Ортада мұрын болмаса екі көз бірін- бірі жейді
2.Мұрныңды кез келген жерге тықпа
5.Мұрын туралы санбллютень газетін шығар.
«Мұрның сау болсын десең...»
4-топ «Тіл – дәм сезу мүшесі»
1.Тіл туралы не білеміз? Оның қызметі туралы айт.
2.Тілге зиян келтіретін заттарды ата.
3.Тілді қалай күту керек? Тіл мүкістігіне байланысты қандай жаттығулар жасалады? Бұл іспен логопед мамандары айналысады.
4.Тіл туралы қандай мақал- мәтел білеміз?
1.Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.
2.Тіл–достықтың алтын көпірі.
3.Тіл сүйексіз болады.
5.Тіл туралы санбллютень газетін шығар.
«Тілің сау болсын десең...»
Сабақты қорыту
Әр топтың « денің сау болын десең...» деген санллютень газетін шығару арқылы сабақты қорытамын.
Бағалау
Кім көп ұпай жинаса сол оқушы –
Болашақ профессор
Болашақ ғылым докторы
Болашақ ғылым кандидаты
Болашақ магистрант деген бағалармен бағаланады.
Денсаулық туралы видеоролик көрсетіледі.
Соңы
loading...

Автор: Қайыпова Шолпан Алпысбайқызы

№148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Қосты: zhetkenshekmen | Ілмек сөздер: Мұрын, сезім, мүшелері, иіс
Көрсетілім: 1261 | Жүктеулер: 1571 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 43
Қонақтар: 43
Тіркелгендер: 0