Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

[С]-[Ш] дыбысы. Дауыссызды дифференсациялау.
[ Сайттан жүктеу (41.5Kb) ] 19.05.2015, 15:14

Материалдың жеке номері 1616

[С]-[Ш] дыбысы. Дауыссызды дифференсациялау.

загрузка...
Абдолова Индира Қайратқызы.
Б.Қ.О
Бөкейорда ауд.
Бисен Жаникешев атындағы
ЖОББМ-нің логопед
Диагнозы: С.т. фонетикалық бұзылысы салдарынан оқу ме жазу бұзылысы бар балалар тобы.

Сабақтың тақырыбы: [С]-[Ш] дыбысы.
Дауыссызды дифференсациялау.
 Түзете-дамытушылық мақсаты:
Дыбысты буын, сөз, сөйлем ішінде барлық, позиияда, пароним сөздерде ажырату, өзге дыбыстармен айтылу,жазылун салыстыру арқылы ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілетін дамыту. Фонематикалқ қабілетін дамыту, дұрыс айтуға машықтандыру. Сөз қорын молайту. Дыбысты ауада, құмда және дәптерге жазу арқылы ұсақ оторикасын дамыту. Дыбыстарды белгілі пәнде сабақ ретінде ғана емес, күнделікті адамдармен қарм-қатынас жасауда дұрыс айтуға бағыттау, тұрмыстық зат атауларын үйрету.
 Білімділік мақсаты:
Дыбыстардың жазылу, оқылуын үйрету. Дыбыстың қатаң дауыссыз
екенін түсіндіру, буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс жазылуы мен айтылуын қадағалау.
 Тәрбиелік мақсаты:
Партада дұрыс отыруға, қаламды, дәптерді таза ұқыпты ұстауға, көркем таза жазуға, ұжыммен бірігіп жұмыс жасауға баулу.
Көрнекіліктер: Карточка, түрлі түсті қарындаш, кеспе дыбыстар, қима мәтіндер, суреттер, айна, тіл жаттығулары мен тыныс жаттығуларына арналған құралдар, құм т.б.
Сөздік жұмыс: Теңізші, сауыншы, құрылысшы, сатушы, аспазшы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, ӘТБ.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың типі: Аралас ойын түрі.
Сабақтың кезектілігі:
Ұйымдасытру кезеңі.-1 мин
Тыныспен жұмыс-1 мин
Фонематикалық жаттығу-3 мин
Тіл жаттығулары – 10 мин
Дыбыс шырайын таныстыру-5мин
Дыбысты буын, сөз, сөйлемде машықтандыру-10 мин
Жаңылтпаш 3 мин
«Қай үйшік?» 3 мин
Сұрақ-жауап 2мин
Ұсақ моторикалық жаттығу 2 мин
Мәтінмен жұмыс 5 мин
Сабақты қорытындылау

Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім іс-әрекеті. Оқушылар іс-әрекеті.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Кеше қай күн болды?
- Ертең қай күн?
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілінің айларын ата
- Қыс мезгіліне тән ауа-райы құбылыстарын ата. - Бүгін аптаның бесінші күні жұма
- Кеше аптаның төртінші күні бейсенбі
- Ертең сенбі
- Қыс мезгілі : желтоқсан, қаңтар, ақпан,
- Салқын, суық, боран, қар жауады, мұз қатады, терезе аяз тұрады.

II.Тыныспен жұмыс.
Денемізді тік ұстап, иығымызды көтермейміз, ұртымызды ауаға толырмай үреміз.
Дөңгелек жарылғанда қандай дыбыс шығады?
Жылан қалай дыбыс шығарады?
----------------------------------------------------

Ш-ш-ш-ш-ш-ш-шш-ш-ш—ш-ш-ш-ш-ш
С-с-с-с-с-с-с—сс-с-с—с—с—с-с-с-с-с

III. Фонематикалық қабылдауын дамыту.
Суреттерді ата.
Қайшы, ағаш, шалғы, самаурын, сағат, күшік, соқа, арыстан, суыр.
1«ш» дыбысы бар сөздерді ата
2 «с» дыбысы бар сөздерді ата
3сөздерді буынға бөл қанша дауысты, қанша буын бар?
4 с және ш дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан?
- Басында, ортасында, соңында.
IV.Тіл жаттығулары.
«Қақпа» «Бегемот» - дауысымыз, сөйлген сөзіміз анық, дұрыс шығуы үшін, өзгелерге түсінікті болуы үшін ауызмызды кең ашып, тілдерімізді тез қимылдатып сөйлеуіміз керек. Ол үшін ең алдымен «Қақпа» жаттығуын жасайық, ауызымызды кең ашып 5 ке дейін санағанша ұстаймыз.
«Бегемот»
-балалар, бегемотты көргендерің бар ма? Бегемот балалар, ауызын ашқанда, тек астыңғы жағы қимылдады екен, ол үшін астыңғы жағымызды ашып, «а» дбысын дбыстап ұстап тұрамыз да қайта жабамыз.
«Жымию».
-Балалар адам өзі тартымды болуы үшін, өзгелерді өзіне тарту үшін жымия білуі керек және әрқашан айналасына шуағын шашып жүруі тиіс.
«Ине»
- Тілімізді ине тәрізді ұштап 5 ке дейін санағанша ұстап тұрамыз.
«Кесе»
Тілімізді құдды кесе тәрізді иіп ұстап тұрамыз
Қақпа-кесе-жымию-ине жаттығуларын бірінен соң бірін орындаймыз.

Кесені сол қалпы ішке ендіріп, «С» дыбысын дыбыстайық.

Шыраймен жұмыс.

«С» дыбысы – тіс арасы жақын орналасқан, ерін езу тартқан күйде; Тіл ұшы астыңғы тіске тиеді, тіл арқасы дөңестелген. Дауыс байламдарында діріл жоқ.
С-қатаң, дауыссыз.
«Ш» дыбысы – ерніміздөңгеленіп алдыға шығады, тіл ұшы үстіңгі тіл иектеріне жақын орналасқан. Тіл жаны азу тістрге бекіген.Тіл арқасы дөңестелген. Тіл формасы кесе тәрізді.
[с]-[ш]
Сым-шым
Сан-шан
Сана-шана
Сала-шала
Саға-шаға
Сай –шай
Сал – шал
Асық – ашық
Қасық –қашық

Қай үйшік?
loading...

Автор: Абдолова Индира

БҚО.Б.Жаникешев атындағы ЖББОМ логопеді

Бөлім: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Қосты: abdolova89
Көрсетілім: 1261 | Жүктеулер: 527 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 15
Қонақтар: 15
Тіркелгендер: 0