Сайт учителя начальных классов
.
Тақырыбы: Пайдалы қазбалар
Мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың еліміздегі, өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы және оларды өндіру жолдары мен пайдасы туралы білімдерін пысықтау.
Дамытушылық:Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтіп, ойларын тұжырымдай білуге дағдыландыру. Оқулықпен, интерактивті тақтамаен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік:Қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау, табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты қоғам талаптарына сай, ақпаратты технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті, болашақ өмірге бейімдеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.
Қолданылатын жаңа технология: СТО жобасы
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: талдау-жинақтау, топтау, 5 жолды өлең, тест
Сабақты ұйымдастыру формасы: топтық
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: сызбалар, флипчарт, ТСО, карточкалар,
ҚР картасы

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютер, проектр, интерактивті тақта, маркерлер

Сабақтың құрлымы:
• Ұйымдастыру кезеңі .Психологиялық дайындық.
• Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білім, білік дағдыларын тексеру.
• Ой қозғау.
• Топқа бөлу.
• Мағынаны тану.
• Сергіту сәті. Сен білесің бе?
• Ой түйіндеу. Картамен жұмыс.
• Ой толғаныс.
• Сабақты қорыту.
• Үйге тапсырма.
• Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1,2 флипчарт
Психологиялық дайындық.
Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.

ID: 1175 | Просмотров: 2059