Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің үлгісі, жанры-аңызбен таныстыра отырып , қомағайлық, тойымсыздықтың ұятқа қалдырып, азапқа түсіретінін, қанағатшыл, байсалдылық бақытқа жеткізетінін түсіндіру.
2. Аңызды дұрыс түсініп, түсінгенін баяндай білуге баулу.
3. Топтық жұмысқа, шығармашылыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұны бойынша суреттер, төрт түлік малдардың беипердесі, үлестірмелі қағаздар т.б.
Сабақтың түрі: проблемалық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
- Ойға толып санамыз,
Бестік баға аламыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.
- Өте жақсы балалар, бүгінгі сабағымызды бір үйдің баласындай татулықта өткіземіз деген сенімдемін.
- Олай болса үйге қандай тапсырма берілді, өтіп жатқан бөлім қалай аталады? Осы сұраққа жауап алу мақсатында үш топқа мынандай шығармашылық – топтық тапсырмалар беремін. Сабақ барысында мына «Мен білдім!» күн шұғыласына әр топ мүшелерінің жауаптары үшін әрбір күн шұғыласын толықтыру үшін ұпай ретінде парақтарды жинау керек. Сабақ соңында күн шұғыласын толық толтырған топ 1 орын, яғни «5» деген бағаны ұтып алады, толық ұпай жинамаған топ «4» деген бағаны еншілейді.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау,қайталау
І топ:
- «Атадан қалған асыл мұра» бөлімінде халық ауыз әдебиетінің қандай жанрымен таныстыңдар? Халық әдебиетінің қандай үлгілері бар екен, және барлығаның ортақ белгілері қандай, қалай жетті?

ІІ топ:
- Халық ауыз әдебиетінің – ертегілер жанры туралы нені білдіңдер? Қандай ертегілер оқыдыңдар? Қайсысы көп ұнайды?

ID: 1496 | Просмотров: 2413