Сайт учителя начальных классов
.
ШҚО Аягөз қалалық қазақ мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Лебаева Айгүл Жүнісқанқызы
Қош бол, құтты Әліппем!

Мұғалім: Қадірменді қонақтар,бүгін 1сынып оқушылары алғашқы оқулықтары Әліппемен қоштасқалы отыр. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бір саты көтеріліп ,білімдерін ортаға салмақшы.Бүгінгі таңда балалар есі кіріп ,жауапкершілікті түсінетін нағыз оқушылар .Бұл той барлығымызға ортақ .

1оқушы: Армысыздар,ата-аналар,
Армысыздар ,балалар
Сөзіме құлақ салыңдар
Бір серпіліпқалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз

2оқушы Тәуелсіздік кіндігі
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.

1оқушы: Болашағы елімнің
Басталады біздерден деп,
ортаға 1сынып оқушыларын шақырайық

2оқушы: Қане қарсы алайық! Қасымханова Жазира
Құсаинов Нұрбек
Омарова Сымбат
Болатбек Ернұр
Амирова Жанерке
Қайратұлы Али
Сағидоллаева Балнұр
Тұрсынбеков Нұрлыбек
Қутова Елдана
Сағындық Ерсұлтан
Олжабаева Нұрбибі
Тлеуберлин Ернар
Құралбекова Раяна
Мен Кенжебеков Шерхан
және Аманжолова Наргиз

1 оқушы Үйретіп жазудың да өрнектерін,
Ойымызды әліппемен тербеткенмін.
Зор қуаныш маған да, ұстазға да
Тілін біліп әліппені сөйлеткенім

2 оқушы Қарамаңыз кішкентай бойымызға,
Биіктейді жыл сайын бойымызда,
Біліммен де достасып, еңбекпен де,
Ел алғысын аламыз ер жеткенде.

1оқушы Уа,халайық-халайық
Мұнда назар салайық
Білімді қарсы алайық
Бәріміз қол соғайық
Білім ханшайымын қарсы алайық.
Ортаға Білім ханшайымы шығады.

Білім ханшайымы: Күн нұрындай Біліммін.
Күнімін мол білімнің
Құттықтаймын достарым,
Құтты болсын тойларын!

Балалар мерекелеріңңіз құтты болсын, Мен бұл мереге қуана келіп отырмын. Сендерге қояр бір сұрағым бар 

Айтындаршы!
Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол-сүйікті Әліппе!!!
Білім ханшайымы: Олай болса ортаға ортаға Әліппені шақырайық
Хормен: Әліппе, келіңіз әліппе!!!

Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар қонақтар,
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға!
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Мұғалім: Рахмет,хош келіпсіз әліппе. Ортаға келіп отырыңыз.

Білім ханшайымы: Ал,балалар әліппе жайлы не білесіңдер?
Соны айтып беріндерші.

1оқушы: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.

2оқушы Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе-білім бесігі.

3оқушы Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйретіп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.

4оқушы Әліппем, мнеің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
5оқушы Алтын ұям мектебім,
Біліміңмен көктедім
Саған деген жүректе
Ақ алғысым көп менің.

6оқушы Бүгін титтей баламын,
Әлі-ақ жігіт боламын.
Сонда, мүмкін, мен ғалым,
Әлде банкир болармын.
Ел сыйлайтын мұғалім,
Әлде шахтер болам.

7оқушы Сонда аспаз, не әртіс
Недәрігер болармын.
Әлде, әлде ... Білсеңдер
Жалғыз менің талабым:
Ер жеткенде, ел сенер
Нағыз адам боламын!

8оқушы Кім ұғады оқушының тілігін,
Кім ұғады оқушының жүрегін
Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол-ұстаздар деп білемін

9-оқушы Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді

10-оқушы Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес алыс жол
Тырысып бақ намысқа
Әліппе даңғыл жол ашты
11-оқушы Жанадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет,ұстаз,алғашқы.

12оқушы Бүкіл қазақ баласы әріптелген,
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

13оқушы Апам менің ,әкем де,
Атам менен ағам да.
Шопан, ұшқыш ғалым да.
Небір мықты дарын да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе.

14оқушы Төтеп беріп барлық сынға,
Біз жетеміз не бір шыңға.
Жол табамыз білім алып,
Ант етеміз баршаңызға!

15оқушы Қош бол,ұлы Әліппем!
Білімге жол бастадық.
Қиындығын, қызығын
Осы кезде байқадық...

Хормен: Қощбол, құтты Әліппе-білім 
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.

Ән «Әліппе»

Білім ханшайымы: Балалар ,жаттаған өлеңдерің жақсы екен, әліппені оқып, не үйреніп не білдіңдер? 

Білім ханшайымы: Әліппеден қанша әріп жаздыңдар?

42 әріптелген

Қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс үйрендіңдер?
15 дауысты дыбыс,25 дауыссыз дыбыс

Енді әріптерге кезек берейік

Қ Қайратым-қайсарым
Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздары-ай
Елім-ай деп егілген
Қайратым мен жастар-ай.

А Астана-ел ордам
Отанымның төрінде
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам , бас қалам!

З Зау-зау заңғар заңғарлар,
Замандар бар,заңдар бар
З-да барлық заңдылық
Заңда З мен заң болар!

А Ана тілің арын бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!

Қ Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой,
Қазағымның көңілі.

С Жағасында Ертістің
Семей деген қалам бар
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар

Т Жарақты жаумен жұлқысқан
Қылышты жаумен қырқысқан.
Ең ежелгі астана
Қасиетті Түркістан!

А Піскен алма топ-топ түсті,
Топ-топ түсті , көптеп түсті.

Н АС біткеннің анасы,
Қасиетті нан осы.

Өте жақсы балалар, ал енді қандай сөз шықты? 
Кім оқып береді?

ҚАЗАҚСТАН Ән Менің Отаным
Білім х: Рахмет, балалар Әліппені жақсы меңгеріпсіңдер.

Әліппе Ия, балалар әліппені жақсы меңгеріпсіңдер , ризамын сендерге
Енді сендер Ана тілі оқулығын оқисыңдар.Жақсы оқитындарына мен сенемін

Оқуда зейінді болыңдар,
Еңбекте бейімді болыңдар.
Ақ жол болсын қарақтарым,
Кір шалмасын қабақтарың.
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің беске толсын,
\ Қош сау Болыңыздар! Жас достар!

Әліппе Ана тілі оқулығын тапсырып кетеді

Білім х: Қане, балалар Әліппені қалай үйренгендеріңді тағы бір тексеріп көрейік Ол үшін мен дайындап әкелген тапсырмаларды орындап беріңдер.

1тапсырма Адасқан әріптерді орнына қой.

Р Е Е Ж Е А Қ Л А М Е К М Е Т П А Д Ы Қ А Ш Р Н 
ЕРЕЖЕ ҚАЛАМ МЕКТЕП ҚАРЫНДАШ

2 тапсырма Сөздерге дыбыстық талдау жаса

Мұғалім, оқушы, Отан , АЯГӨЗ, лицей 

Білім х: Рахмет, балалар.
Енді барлық ғылым бастауы-математиканы қалай меңгергендеріңді сынап
көрейін деп логикалық есептер , математикалық жұмбақтар әкелдім, қане шешіп көрелік.

Білім х: Бір дегенің- бесігіңді түзедің
Екі дегенің -егеменді ел дедің
Үш дегенің- ана тілім асылым
Басқа тілден мәртебесің асырдың
Төртіншіңіз төреліктен таймаған
Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған
Бес дегенің-берекелі болғаны
Алты дегенің- ұраның айбынын асырған
Жеті дегенің-ту ұстадың көгілдір
Сегізінші – салт-дәстүрін оралған
Тоғызыншы- атың кетті алысқа
Тоқтар бастап қазақ ұшты ғарышқа
Он дегенің -орындалып арманың
Тәуелсіздік мерекеңді тойладың.

Енді сендер өздерін қандай санамақ білесіңдер?

Бір дегенім-бесік, шықтым содан өсіп,
Екі дегенім- елім, далам,тауым, көлім.
Үш дегенім- үміт үміт артар жігіт.
Төртдегенім- төзім төзе білем өзім.
Бес дегенім- бақыт, бағалайтын уақыт.
Алты дегенім- ақыл ,тыңдағаның мақұл.
Жеті дегенім- жалау, жүректегі алау.
Сегіз дегенім- сөзің, серт беретін кезің
Тоғыз дегенім- тоқтау, елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім-Отан,қорға соны ботам. 

Білім х: Жарайсыңдар, балалар. Енді шапшаң есептеу дағдыларанды тексеріп көрейік Ол үшін Жаңа жыл мерекесіне алынған шыршаны
безендіріп ойыншықтардағы тапсырмаларды орындап шығайық.

Шыршаны ойыншықтармен безендіру

Білім х: Сендер математиканы да жақсы меңгерген екесіңдер,сабақтарынды жақсы оқитын болындар, математиканы 11 жыл
бойы оқисыңдар.
Ән Әліппе
Ьіздің мектепте бірінші кластан бастап ағылшын тілін оқитының білеміз.

Қане, ағылшын сабағына саяхат жасайық.

Оқушылар 1-10-ға дейін санайды
Оқу құралдарын атайды
Өз аттарын айтып таныстырады.

Білім х: Ағылшын тілін бұдан да жақсы меңгеретіңдеріне мен сенемін
Келесі кезекте дүниетану сабағын қалай түсінгендерінді тексеріп көрейік,
Менің сұрақтыма жауап беріп көріңдер

1 Біз қай мемлекетте тұрамыз?
2 Қ Р президенті кім?
3 Неше жыл мезгілі бар?
4 Табиғат нешеге бөлінеді?
5 Сезім мүшелерін ата?
6 Өсімдіктің топтарын ата?

Білім х: Міне балалар, барлақ пәндерден көрсеткен білімдеріне риза болдым Сендер болашақта үш тілді меңгеріп, Қазақстанның туын жоғары көтеріп ұстайтын білімді де дарынды азаматы болатындарына сенемін
Сондықтан сендерге білім сертификатын тапсыруға рұқсат етіңдер

БІЛІМ СЕРТИФИКАТЫ
1в класс оқушыларының әліппені меңгеруіне байланысты әрі қарай
ана тілі, қазақ тілінен дәріс алуға рұқсат етемін
БІЛІМ МАГИСТІРІ:
Ғұлама Данышпанова
2014 жыл

Мұғалім: Білім ханшайымы Біздің балалар сабақты ғана жақсы оқып қоймай өнерлі де
Енді балалардың өнерін тамашалайтың кезек келді

Балалар дайындалғанша бізге ән шашу алып келген 
өнерін тамашалайық

Мұғалім: Бірінші өнерін көрсететің биші қыздарыңыз Аманжолова Наргиз Аққу биімен.

Ән 

Ұлдар тобының орындауындағы биді тамашалайық

Қыздардын орындауында Чунга чанга биі

Ән 

Сағындық Ерсұлтан- Омарова Сымбат
Тұрсынбеков Нұрлыбек -Құралбекова Раяна

Тонго-биін тамашаланыздар

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалар есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

Құттықтау сөз кезегін қонақтарымызға береміз.

Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күннің,әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Осымен біздің Әліппе- білім бастауы атты ертеңгілігіміз аяқталды. Тыңдап, тамашалағандарыңыз үшін рахмет.

ID: 1785 | Просмотров: 1809