Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту.

  • Жүктеулер: 854
  • Көрсетілім: 3558
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 23/Ноя/2015
Бастауыш сынып мұғалімі: Бейбитова Тулпан Маратқызы
Еңбек стажы: 20 жыл
Санаты: І
Мекенжайы: БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі


Математика. 2 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту жөнінде білім беру. 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру. Білімін , ойлау қабілеттерін дамыту. Жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кесте, суреттер( ұлттық музыка аспаптары)
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік
Түрі: жаңа сабақ
Күтілетін нәтиже:
1.Ондықтан аттап жазбаша қосу мен азайту тәсілдерін меңгереді.
2. Ондықтан аттап қосу, азайтуға берілген мысалдарды шығара алады.
3. Екі амалмен шығарылатын есепті шығара алады.
Не арқылы бағаланады:
1.Ондықтан аттап қосу мен азайтуға берілген мысалдарды шығару.
2. Есепті салыстырып, оны шығару. №6
3.Берілген тапсырмаларды толық орындау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сабаққа әзірлік.
Психологиялық дайындық.
Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, достарым,
Бәріңді көрсем қуанам!
Музыка «Аяқпенен топ-топ» әнін тыңдап, қимылмен орындату.
ІІ.Қызығушылықты ояту.
Бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақ шешумен бастайық.

1.Сүйір, тік, доғал - ?
2.Сыйымдылықтың өлшем бірлігі-?
3.100 – 10═ ?

1.Азайту амалының компоненті-?
2.Уақыт бірлігін ата.
3.55+5 -?
4.Барлық қабырғалары тең болатын төртбұрыш-?
5.Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы табылатын-?
6. Уақыт бірлігі-?
7. Массаның ең кіші өлшем бірлігі-?
8. Ең кіші бір таңбалы сан-?
9. 36+4 -?

Қазақ халқының ұлттық аспаптарымен таныса отырып, есептер де шығарамыз.
а) Алғашқы аялдамадағы мысал: Жетіген аспабы туралы түсінік беріледі.
Тез есепте! Математикалық диктант.
1.45 + 32 68 – 23 49 - 21 97 – 45
- 5 ондық, 4 бірліктен тұратын сан;.
- Санау кезінде 99- дан кейін тұратын сан;
- 80 санының алдындағы сан;
- 36 мен 6 сандарының айырмасының мәнін тап.
- Бірінші қосылғыш – 30, екінші қосылғыш – 7. қосындының мәнін тап.
- 7 санын 8 –ге арттыр;
- 18 санын 9-ға кеміт.
ІІІ. Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.

а) Келесі аялдамадағы мысал: ә) Үскірік аспабы туралы түсінік.
№ 1. Ауызша. Қосындылардың мәнін тап.
20 + 30 6 + 4 50 + 10
№2. Түсіндір:
26 + 34 = (20 + 30 ) + (6 + 4) = 60
(26 + 30 ) + 4 (26 + 4) + 30

а) Келесі аялдамадағы мысал: б) Шертер аспабы туралы түсінік.
№ 3
50 – 20 10 – 6 30 + 4
№ 4
60 - 24
60 - 24 = (60- 20 ) - 4 60 - 24 = (60- 4 ) - 20
60 - 24 = (50-20) +(10-4)

а) Келесі аялдамадағы мысал:
Сергіту сәті. Ұлытау тобы. «Жұмыр қылыш» күйі.

а) Келесі аялдамадағы мысал: в) Сазсырнай аспабы туралы түсінік.
№5. Түсіндіре отырып, шығар.
64+16═(60+10)+ (4+6) ═ 80 90-23 37+43
70-24═(60-20)+(10-4)═46 35+35 90-68

Келесі аялдамадағы мысал: г) Домбыра, қобыз аспаптары туралы түсінік беріледі.

№6. Есептерді салыстыр. Не байқадың?
Оқу, талдау
а) Домбыра -40
Қобыз -?, 16-сы кем
Барлығы-?
40 + (40 – 16) = 64 Жауабы: 64 аспап
ә) Қобыз -24
Домбыра- ?, 16-сы артық
Барлығы-?
Шешуі: (24+16)+24═64 аспап

№7. Әр қатардағы сандарды өсу ретімен теріп жаз:
13,17,18,21,25,28,54
12,17,18,21,25,45,52,54,71,81
Салыстыру. Ұқсастығы (барлығы да екі таңбалы сандар),
айырмашылығы (екінші қатардағы сандардың цифрларының орындары ауысқан)

Ойлан тап: Балапанға көмектес:
/8 – 5 / - 3 = 3
/ 8 + 5 / + 10 = 3

ҮІІ . Толғаныс.
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Кел, ойнайық! «Аялдаманы хабарла».
А- 77; А – 11; А – 55; А- 90; А – 33; А – 80; А – 89; (сабақ барысында)

Келесі аялдамадағы мысал:
Ойлан! Жұптас! Есепте!



ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 7 , 147 бет
Бағалау.

Автор: Бейбитова Тулпан Мараткызы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.