О дыбысы мен әрпі.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1429
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 28/Фев/2015
Ұйымдастыру оқу іс әрекет түрі: Қатынас.
Тақырыбы: О дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: 1. О әрпімен оқушыларды таныстыру. Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау, о дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жұмбақ.
Көрнекілік: Мазмұнды суреттер, әліппе,
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Қолданылған иновациялық технология: Ойын технологиясы, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Психологиялық сәт.
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын сыйлайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу сыйлайық
Балалар шеңбер болып шаттық шеңберге тұрады. Алақандарын ашады, қолмен күн жасайды, таза ауаны жұтады.
Балаларды үш топқа бөлемін. 1. топ. Қарлығаш. 2. топ. Балапан. 3. топ. Күншуақ.
Балалар бір жылда неше мезгіл болады? Аттарын атайықшы? Қазір жылдың қай мезгілі? Бір аптада неше күн болады?
Өткен сабақты қорыту.
- Біз өткен сабағымызда қандай әріппен таныстық?
- Й дыбысымен таныстық.
- Й дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?
- ай, айна, айран, шай, т.б. сөздер.
-Осы сөздерге кім сөйлем құрайды?
Ізденуші – ұйымдастырушы:
- Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.
- «Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?
- Ал, балалар, ол баққа мен «Білім» көлігімен барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?
- Онда қарап отырмайық.
Ал, балалар, ойнайық
Ойнайық та ойлайық
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық
Ендеше мен жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдаңдар.
«Оюда» бармын
«Допта» бармын
«Түнде» жоқпын
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
-Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «О» дыбысы мен әрпі. Мінеки мынау о дыбысының баспа түрі.
Қанеки бәріміз о деп айтайықшы. Балалармен бірнеше рет қайталаймын.
- О дыбысы айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
- Дауысты дыбыс.
- Мінеки мына слайдтан нені көріп отырсыңдар?
- Орындықты.
- Орындық деген сөзде о дыбысы бар ма?
- Сөздің қай жерінде?
- Жарайсыңдар енді осы сөзге кім сөйлем құрайды?
- Мен орындыққа отырдым. Әкем орындық сатып әкелді. Орындықтың түсі қызыл.
- Ал, мынау ненің суреті?
- Балалардың.
- Балалар не істеп жатыр?
- Доппен ойнап жүр.
- Осы доп деген сөзде о дыбысы бар ма?
- Бар.
- Сөздің қай жерінде кездеседі о дыбысы?
- Ортасында.
- Жарайсыңдар, бойымызды сергітіп алайық.
Оң қолымда - бес саусақ, сол қолымда бес саусақ
Алақанды ашамыз, бесті беске қосамыз
Кел, санайық ал мұны, нешеу болды барлығы?
Оң қолымда - бес саусақ, сол қолымда - бес саусақ
Жасырып ем бесеуін, қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы, нешеу еді барлығы (он)
Балалар, әріптер бағында келе жатқанымызда алдымыздан қасқыр шықты. Қасқыр қайда баратынымызды сұрады. Біз «әріптер бағына» баратынымызды айттық. Егер менің тапсырмамды орындасаңдар мен сендерге жол көрсетіп жіберемін.
Қасқырдың тапсырмасы. Оқулықтағы үзік сызықтарды қосуымыз керек.
- Одан әрі жүріп келе жатқанда алдымыздан түлкі кездесті
- Егер оқулықтың осы бетіндегі «ою» сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана.
- Осылай түлкінің тапсырмасын да орындап тастадық.
- Баққа жақындағанда қарауылдың арпылдап иті шықты. Ол буындарды толықтырып оқып беруді бұйырды. (Балалар жарыса оқиды).
- Ойын. « Күн мен түн»
- Осылай білім көлігімен баққа да келдік. Бақта неше түрлі аңдар, құстар, жәндіктер тіршілік етеді екен.
- Бақта көптеген құстар ән салып сайрайды. Олардың дауысын ажырату үшін мына тапсырманы орындайық.
- Сөздерді оқып, дыбыстық талдау жасау.
- Отан, тон тоғай.
- Бақта келе жатқанымызда алдымыздан жылан шықты. Жыланды көріп балалар қорқып кетті. Жылан қандай дыбыс шығарады?
- Ыс, ыс ыс деген дыбыс шығарады екен. Олай болса жыланның тапсырмасы дәптермен жұмыс. О әрпін жазу.
- Балалар қолдарын ауада жаттықтырып алады.
- Бақтан сыныбымызға келе жатқанымызда бір дыбыс естілді. Ол ненің даусы деп ойлайсыңдар? Масаның.
- Маса қандай дыбыс шығарады?
- Ыз,ыз,ыз
- Масаның тапсырмасы Отан тақырыбы төңірегінде әңгімелесу. Оны мына өлең шумағымен пысықтай түсу.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, қолдайды
Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап қорғайды
Отан деген - атамекен
Отан деген - туған жер
Отан - ана, Отан - пана
Қазақстан - туған ел.
- Сыныбымызға келіп, үш топқа үш түрлі тапсырма беремін.
- 1. топ ермексаздан о әрпін мүсіндейді.
- 2. топ о әрпін жапсырады.
- 3. топ о әрпін бояйды.
Қорыту.
Балалардың еңбектерін мақтау.

Автор: Орынбаева Қырмызы Ахметовна

Маңғыстау обл. Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы №5 жалпы білім беру мектебі

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.