Мерекелік материалдар

  • Жүктеулер: 793
  • Көрсетілім: 1433
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 02/Май/2015
1 қыркүйек – білім күні
Тақырыбы: Алтын ұя, мектебім!
Мақсаты: Жаңа оқу жылына байланысты мерекелік жиынды атап өту,мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді құрметпен қарсы алу.
Көрнекілігі: Әнұран,ту,қоңырау,қанатты сөздер,
1-жүргізуші:
Сәлем саған,сүйікті,
Алтын ұя – мектебім.
Сен әпердің биікті,
Сенен өсіп көктедім!
2-жүргізуші:
Мектеп деген -білім кені,жыр кені,
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені,
Мектеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектеп деген – даналардың мекені.
1-ж: Құрметті ұстаздар мен оқушылар,ата-аналар,қадірлі қонақтар!Жаз жайнатып,күн күлдіріп,үш ай бойы демалып,енді алтын ұя мектебімізбен қайта қауйшқалы тұрмыз.Бүгін мектеп табалдырығын жас бүлдіршіндер алғаш аттағалы тұр.бұл күн олар үшін мереек.
2-ж:
Құшағыңа ендім мектебім,
Балауса балғын кезімде
Келеді өсіп көктегім,
Білімнің қайнар кезінде.
1-ж:
Күмбірлейді туған жердің бел,өрі,
Күмбірлейді қайың,шырша,терегі,
Бал бұлақ та қоңырау болып кеткендей,
Бүгінгі күн білім күні себебі.
2-ж:
Жаз қызығын көп көрдім,
Демалысты өткердім,
Сағынышым көп менің,
Сәлем алтын мектебім. Ән роындау.
1-ж:
Мектеп білім босағасы – бұл бір шың,
Сонда өседі қанат қағып бүлдіршін,

Автор: Нурпейсова Бану Елеусиновна

Жамбылоблысы Байзақ ауданы Түймекент орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.