Сайт учителя начальных классов
.
Бекітемін: ______________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Бесімбаева Ж.Ө.
Сыныбы: 2 «А» Уақыты: 01. 09. 2015 ж Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы Менің Отаным - Қазақстан
Сабақтың мақсаты Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері 1 . Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

2. Оқушылардың ойлау қабілетін, білім - білік дағдыларын, танымдық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту

3. Туған елін,жерін сүйе білуге және оны мақтан етуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері 1. Қазақтан Республикасы жөнінде білімдерін толықтырады
2.Тақырыпқа жаңа мәліметтер қосады
3. Қоршаған ортамен,өмірмен байланыс жасайды
4. Оқуға деген қызығушылығы оянады,сабақты зейінмен тыңдайды.
Қамтылатын модульдер 1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл
( диалогтік оқыту, топқа бөлу)
2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3-модуль: Бағалау ( формативті)
7-модуль: Көшбасшылық
5 – модуль: АКТ
Көрнекі құралдар Слайд, бейнебаян, тірек сызба, А3 қағаздар мен қарындаштар мен маркерлер
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, дүниетану, өмірмен байланыс
Қадамдар 1. Ұйымдастыру кезең
2. Жаңа білімді меңгерту
3. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары
5. Рефлексия

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
І – кезең «Қызығушылықты ояту»
1. Ұйымдастыру 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды және олардың оқу құралдарын түгендеу
3. Зейіндерін сабаққа аудару
Оқушылар мұғаліммен амандасып, оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін сабаққа аударады
Психологиялық дайындық
Оқушыларды шаттық шеңберіне шығарып жаңа оқу жылының алғашқы күнінде бір – біріне арнап жақсы тілектер тілеуді ұсынамын
Оқушылар ортаға шаттық шеңберіне шығып жаңа оқу жылына бір – біріне сәттілік тілейді

Ой қозғау Оқушыларға интерактивті тақтадан бейнебаян тамашалауды ұсынамын Бейнебаянды тамашалай отырып алғашқы сабағымыздың тақырыбын айқындайды
Топқа бөлу Оқушыларға қоржын ішінен қағаз қиындысын таңдауды ұсынамын. Мемлекеттік рәміздердің аттарына байланысты топқа бөлінеді
1. Ту
2. Елтаңба
3. Әнұран
Топтық жұмыс
Кластер әдісі Әр топ өз топтарының аттарын қорғауды тапсырамын Топ мүшелері берілген тапсырманы кластер әдісі арқылы қорғап шығады

Миға шабуыл
Сұрақ – жауап әдісі Әр топқа сұрақтар қоямын Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бұрыннан білетін білімдерін жадында қайта жаңғыртады
Сергіту сәті «Туған жер» әніне билеуді ұсынамын Би билеп бой сергітеді
ІІ – кезең
«Мағынаны тану»

Мәтінмен жұмыс


Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.

- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.


Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтар алады

«Ассосация» әдісі «Қазақстан» сөзіне ассосация құруды тапсырамын Қазіргі Қазақстан мен Болашақ елімізді көз алдарына қалай елестететіндерін қағаз бетіне түсіреді
Қорытындыллау
Ән: «Көк тудың желбірегені» Оқушыларға «Көк тудың желбірегені» әнін хормен орындауды ұсынамын Оқушылар әнді бірге хормен орындайды

ID: 1830 | Просмотров: 1918