Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Малсақ бала
[ Сайттан жүктеу (1.08Mb) ] 23.02.2015, 19:33

Материалдың жеке номері 596

Малсақ бала

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: «Малсақ бала»

Мақсаты: а) Білімділігі:Оқушыларға Ө.Тұрманжановтың
шығармашылығымен таныстыра отырып ,
Малсақ бала өлеңін түсіндіру
ә)Тәрбиелігі:Оқушыларды еңбексүйгіштікке,
қамқоршылдыққа,малды қастерлеуге,
құрметтеуге тәрбиелеу
б)Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын ой¬
қиялын дамыту, сабаққа белсенділігін
арттыру
Көрінекілігі: Интерактивті тақта,слайд, кубик.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: СТО, түсіндіру, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі ,дүниетану
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:
Ал; кәнекей балалар,
Бері қарай қарайық
Қажет құрал кітапты
Алдымызға алайық
Алаңдамай басқаға
Сабаққа назар салайық

- Балалар, қазір бізге қандай сабақ?
- Ана тілі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

- Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді?
- 1.С.Сейфуллиннің «Дала» өлеңін жаттау.
- 2. Ғ. Мүсіреповтің «Көлде» әңгімесін мазмұндау .
- 3. «Көлде» мәтіні бойынша сурет салу.
(Үй тапсырмасы сұралады) І

ІІІ. Жаңа сабақ

- Бүгін, біз Ө.Тұрманжановтың « Малсақ бала» өлеңімен танысамыз.
- Олай болса, бүгінгі күн жадын жазайық .

Сәуірдің он бірі.
Ө .Тұрманжанов. «Малсақ бала»

1.Ө.Тұрманжановтің өмірі мен шығармаларын таныстыру.
Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы , Бөген ауданы , Жалғызағаш ауылында дүниеге келген.
Балалар әдебиетін негізін қалаушы. Оның «Қошан кедей» әңгімелер жинағы, «Таң сыры» өлеңдер жинағы бар. Ө.Тұрманжанов қырыққа жуық кітаптың авторы. Балаларға арналған нақылдары «Асыл сөздер» деп аталатын кітабы бар.

2. Өлеңді оқып, түсіндіру.
(Суреттер слайд мәтін бойынша жүреді.)

3. Есіңе сақта!
- Балалар өлеңде біз бұрын білмейтін сөздер бар.
Малсақ- малды жақсы бағып , малдың жайын жақсы білетін , малжанды , малқұмар.
Күйісте - күйіс қайыратын жан жануардың жеген шөбін шайнауы, бойына сіңіруі .

4. Өлеңді оқыту .
Оқушыларға кезектестіріп оқыту.

5. Ребус шешу.

Шешуі: Мал өсірсең қой өсір ,
Өнімі оның көл көсір .

- Балалар міне, мақалда айтылғандай қойдан алынатын өнімі көп .
Тізбектеп айтсақ ,

Сүтінен қатық Жүнінен киіз , шұлық , қолғап т. б.


Қой



Терісінен мәс, тон Еті бешбармақ

Қазақ ежелден малшаруашылығымен айналысқан. Қазақстанның жері мал шаруашылығына қолайлы . Тараз , Алматы қалаларында жақсы дамыған.
Көп қойды отар - отар немесе қора - қора қой деп атайды. Қойдың жүнін арнайы машинкалармен қырқып , оларды өңдеуге жібереді. Олар жуылып, тазартылады . Фабрикаларға жіберіледі, одан арқан жіп, есіп шығарады.
Қой жүнінен киіз басар,
Арқан есіп, көрпе жасар.
Кисе-киім, жесе- тамақ,
Мал жоқ шығар қойдан асар.
Қазақ халқы қойға байланысты мынадай болжамдарды болжай білген.

Халық болжамдары

Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы ауа райын болжай
білген . Мәселен, өрісте жүрген қойлардың жүнін уыстап көреді.Егер қой жүні құрғақ болса , онда күн ашық болады. Егер жүн дымқылданып тұрса , онда көп кешікпей жаңбыр жауады.

Сонымен қатар ,

Қой атаулары
Қозы, қошақан, көрпеш, көбеген, көпей, марқа, бағлан, тоқты, тұсақ, ісек, құнан, дөнен, азбан, қошқар, саулық, ақауыз қой.
(Оқушылар дәптерге жазып алады.)


6. Оқулықпен жұмыс
Өлең бойынша жоспар құру

Дәптермен жұмыс
1.Атасының баласына берген тапсырмасы.
2. Баласының берген жауабы.
3.Атасының риза болуы .
4. Малсақ бала .

7. Рөлге бөліп оқыту

Кейіпкерлер: Атасы, баласы, автор .
- Балалар осы өлеңдегі атасы , баласы , автор сөздерін өз сөзімізбен айтып көрейікші, яғни қарасөзбен.
1. Атасы: Қой келді . Алдынан шығып түгендеп кел . Бақташыға алғыс айт .
2. Баласы: Бала жүгіріп қозыларына келді. Санап шықты. Қозыларын еркелетіп, шаңдарын қақты.
3. Автор: Бала байқасқасын ертіп малына кетеді. Атасы баласына риза болып қарайды. Кешкі мезгіл.

8. Бес жолды өлең құрау
1. қой
2. семіз, ақ
3. жайылады, жейді, жүгіреді
4. Мына, қойдың семізін-ай!
5. жануар

9. Кубизм стратегиясы
Сипаттау, дәлелдеу, қолдану, салыстыру арқылы қой туралы өз түсініктерін, алған білімдерін жинақтайды.
Сипатта- қой ақ, қара, ала, қоңыр болады. Семіз, арық, үлкен, кіші
қойларда болады.
Дәлелде- қойдың майы адамдарға ем. Тамаққа салқын тигенде,
қойдың тұздалмаған майын қыздырып, тамаққа жағады. Сонда
тамақтың ауырғаны басылады.
Қолдан- оның етін жейміз, сүтін ішеміз, тек қойдың терісінен
былғары киімдер тігіледі.
Салыстыр- қой мен ешкі басқа малдарға қарағанда тез көбейеді
және қой өсімтал мал.

10. Кім білгір?
- Халық ұғымында әр малдың пірі киесі бар. Әр малдың атасы бар. Біз оны білеміз бе?



IV. Сабақты қорыту

Не үйрендік?
- Ө. Тұрманжановтың өмірі мен « Малсақ бала» өлеңі.
- Қойдың бізге беретін өнімі жайында
- Халық болжамдары
- Қой атаулары
- Қойдың жүнінің өңделуі жайында

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

1. « Малсақ бала» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Малға байланысты тыйым сөздер жазып келу.
loading...

Автор: Нургалиева Кызгалдак Избасаровна

Арырау қаласы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Қосты: Нургалиева_К | Ілмек сөздер: төресі, Төрт, түліктің
Көрсетілім: 1241 | Жүктеулер: 581 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 21
Қонақтар: 21
Тіркелгендер: 0