мәтін деген не?

  • Жүктеулер: 739
  • Көрсетілім: 1988
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 16/Ноя/2015
№ 32 ЖББОМ КММ

Тақырыбы : Мәтін деген не?
2 « Ә» сыныбы
Сынып жетекшісі : Узбекова Бекзат Бакытқызы
Почтасы: zhasiko.n@mail.ru

Қарағанды қаласы 2012 жыл
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мәтін деген не?
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің табиғатын, жасалу жолын, байланысын меңгерту. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, ой қозғау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жана сабақ
-Балалар, бізге Жұмбақбай ата қонаққа келді. Қоржынында сендерге әкелген жұмбағы бар. Ол кісінің тапсырмасын дұрыс шешсек, бізге үлкен тақырыпты сыйға тартпақшы. Қане бәріміз ойланайық.
1. Ұшқаны қызық жалпылдақ,
Өзі сондай қарқылдақ. (Қарға )
2. Қозғалмастан бір елі,
Өне бойы жүреді. (Сағат )
3. Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас. (Жұлдыз )
Сөзжұмбақты шешсек бүгінгі тақырыбымыздың атын табамыз
1.Білім алатын орын? мектеп
2.Әкенің шешесің кім дейміз? әже
3.Адамға сойлеу үшін не керек? тіл
4.Кіші бауырды кім дейміз? іні
5.Заттың санын табу үшін қойылатын сұрақ? неше

Тақтамен жұмыс
-Бағанда берілген сөзді оқу арқылы мәтінді табу.
Ара- жәндік
Оқушы құстың суретін салды
Апам тон тікті
Ара – бал беретін жәндік.
Ол гүл шырынымен қоректенеді
Балды омартаға жинайды
-Бағандағы сөздерді анықтау. Екінші бағандағы сөйлемдер бір – бірімен өзара байланыста құралған. Мұндай сойлемдер тобын мәтін дейміз.
Кітаппен жұмыс.
1-жаттығу ауызша
-Қай санның тұсындағы жазылғандардан толық мәлімет алуға болады.
1.О
2.Отан
3.Отан оттанда ыстық
-Төртінші тапсырмада не туралы айтылған?
-Олай болса, ол мәтін деп аталады. Мәтіннің ережесін оқимыз.
Дәптермен жұмыс
2-жаттығу
Мәтінді кошіріп жазып, неше сөйлемнен құралғанын анықтау. 7-сөйлем бар.
Сергіту сәті. Сұр қоян.
3-жаттығу. Шығармашылық жұмыс.
-Мәтін не туралы айтылған?
-Мәтінге ат қою. Екі дос.
Мәтіннің мазмұнына қарай сурет салу.
Қорытынды.
Тірек сөздер арқылы көше тақырыбына мәтін құрастыру.
Көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяу адамдар жүретін жол.
Бекіту сұрақтары.
1.Жазбаша не ауызша ойды жеткізуді не дейміз?
2.Мәтін неше сойлемдерден құралады?
3.Мәтіндегі сойлемдер қалай орналасады?
Бағалау
Үйге тапсырма.
4-жаттығу, ереже жаттау.

Автор: Узбекова Бекзат Бакыткызы

қарағанды қаласы № 32 ЖББОМ КММ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.