Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов.Қоян.
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға автор туралы түсінік беріп,қоян туралы түсініктерін кеңейту. 2.Жан-жануар,аңдарға қамқор бола білуге,оларды күтіп-бағуға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.3.Ойлау қабілетін,қоғамдық жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: автор суреті, қоянның суреті, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланысы:дүниетану,бейнелеу өнері,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып,кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу,сынып тазалығын көзден өткізу.
Психологиялық дайындық
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Балалар,бүгін бізде ерекше сабақ.Себебі бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Біз сол қонақтардың көңілін көтеріп,сабаққа жақсы қатысып отыруымыз керек.Ендеше бар білгенімізді ортаға салайық,сонда ғана қонақтар бізге риза болып отырады.
Мен сабаққа өте жақсы қатысып отырған оқушыға көңілдерің ақ қардай аппақ пәк таза болсын деп қармен яғни «5» бағасымен,жақсы қатысып отырсыңдар әр қашан алға қарай ұмтылып,қояндай секіріп жетістіктерге жете беруіңізді тілеп қоянмен «4» деген бағамен бағалаймын.»Осы сабақта еш біреуіміз 3-2 бағасын алуға жол бермеуге тырысайық жарайма.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тапсырма: М. Жұмабаевтың «Аққала» өлеңінің «Қарды соғып төртбұрыш»деген жолынан бастап жаттап келу.
Үй тапсырмасын оқушылар айтып береді.
Үй тапсырмасын бекіту.
1.Омбы қар дегеніміз не?
2.Өлеңде қандай қыстың бейнесі суреттелген.(пікірін айту)
3.Сурет бойынша әңгіме құрау.(ауызша)
Сергіту сәті: Сұр қоян.
Жаңа тақырып
Сурет бойынша жұмыс.Оқушылар суреттерге зер салып,5 түрлі айырмашылықты табу керек.Берілген сұрақтарға жауап береді.
Суретте көрсетілген сауысқан мен қоян туралы оқушылар өз білген,естігендерін әңгімелейді.Автормен таныстыру М.Дулатов туралы түсінік беру.Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.Мәтінде қоян туралы айтылған.Қоян үлкен қалың қардың үстімен секіріп жүріп,үлкен жолдан өтіп,күзді күні егін соққан жерге бармақшы болады.Ол жолда екі қоянға кездесіп,олармен біраз ойнап алады.Ол қырманға келіп кетеді.Осылай жүріп қоян түннің жартысын алады.Сөйтіп сол жерде өзінің жолдастарына кездесіп,олармен бірге бидай мен сұлының дәнін жеп келеді. Бір мезгілде күншығыстан бозарып таң көрінеді. Ол жүгіріп ініне келіп екі құлағын арқасына салып,ұйқыға кетеді.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар мәтінді тізбектей оқып шығады.
Дептермен жұмыс. Оқушылар дәптерлеріне күн жадын, тақырыпты жазады.
Топтық жұмыс.
1-топ Мәтінге байланысты сурет салу.
2-топ Қоянды сипаттап әңгімелеу.
3-топ Қоян туралы бір шумақ өлең айту.
Бекіту.Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекітемін.
1. Оқиға жылдың қай мезгілінде болған?
2. Қоян қайда бет алды?
3. Қоян жолда кімдерді көреді және нелермен кездеседі?
4. Қоян түннің жартысын қалай өткізеді?
Бағалау.Мақтап, мадақтау арқылы бағалаймын.
Үйге тапсырма беру.
Үйде мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеп беру және аңдардаң қысқы тіршілігі туралы мәлімет жинақтау.

ID: 1460 | Просмотров: 4086