Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Келер шақ
[ Сайттан жүктеу (58.9Kb) ] 29.03.2015, 11:56

Материалдың жеке номері 1039

Келер шақ

загрузка...
Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Гайсина Д.С.
Күні: 23. 02. 15 ж 90-сабақ Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ
Сабақтың мақсаты: Етістіктің келер шағын түсіне отырып, өмірде қолдана біліді пысықтау
Күтілетін нәтижелер: 1. Етістіктің келер шағын мәтіннен таба алады
2. Етістіктің келер шағын қатыстырып сөйлем құра біледі
3. Сөйлемнен етістіктің шақтарын ажыратады
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту, қалай оқу керегін үйрену, топтық, жұптық әңгіме.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: шығармашылық тапсырмалар, төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар
Акт-ны қолдану: таныстырылым, интербелсенді тақтамен жұмыс
Пайдаланылған дерек көздер:
4 сынып Қазақ тілі «Алматыкітап», 2011, Қазақ тілі дидактикалық материалдар, әдістемелік құралдар, интернет көздері
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
7 мин Оқушыларды етістіктің шақтарына байланысты топқа бөлу
1-топ: Осы шақ
2-топ: Өткен шақ
3-топ: Келер шақ
Өткен тақырып пысықталады. Оқушыларға сқрақтар жазылған үлестірмелі қағаздарды жауаптарымен үлестіріліп беріледі. Оқушылар үлестірмелі қағаздарды таңдай отырып етістіктің шақтарына байланысты топқа бөлінеді.
Балалар 3 топқа бөлінді

Оқушылар қолдарындағы сұрақтарды оқиды, қай оқушыда сол сұрақтың жауабы болса сол тұрып жауабын айтады.
Тұсауке
сер Интербелсенді тақтадан етістіктің шақтарына байланысты суреттер көрсетіледі.
«Миға шабуыл» әдісі
-Мына суреттерге назар аударайықшы
-Не байқадыңдар?
-Бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма?


Етістіктерді үш шақта жаз, жекеше көпше түрде жіктеп жаз
1-топ: шынық
2-топ: көтер
3-топ: ойнайды

Оқушылар берілген суреттерге әуелі жеке сөйлем құрап, ең үздік сөйлем ұсынылады
Мыс:
Ерте кезде батыр аталарымыз еліміздің азаттығы, тыныштығы үшін сырт жаулармен күресіп, қазақ елін аман сақтап қалды.
Асан ерте мектепке келіп, сабаққа дайындалып отыр.

Негізгі бөлім

(10-мин)

Қортын
ды Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс.
1-топ. 1-жаттығу.
Тапсырма.
1. Мәтінді түсініп оқы
2. Мәтіннен келер шақ етістіктері кездесетін сөйлемдерді көшіріп жаз.
3. Етістіктердің қай жақта, қай шақта тұрғанын айт
4. Қоңырланады сөзін жекеше, көпше түрде жіктеп жаз

2-топ. 4 – жаттығу.
Тапсырма:
1. Сөйлемді көшіріп жазып, етістіктердің астын сыз
2. Етістіктің қай жақта, қай шақта тұрғанын айт. Оларға сұрақ қой.
3. Табылар сөзін жекеше көпше түрде жіктеп жаз.

3-топ. 6 – жаттығу.
Тапсырма:
1. Сөйлемдерді оқы.
2. Сөйлемдерді ретімен орналастырып мәтін құрастыр. Мәтін не туралы?
3. Мәтіннен етістіктерді тауып, олардың қай шақта тұрғанын анықта.

Сергіту сәті
Әр топ өз топ аттарын сәйкес келетін етістіктің шақтарын қимылмен көрсетеді

Шығармашылық тапсырмалар
1-топ. Осы шақ етістіктеріне он сөз жазады. 5 сөзге сөйлем құрайды

2-топ. Бардым, көрдім, сыздым, шықтым, білдім сөздерін жекеше және көпше түрде жіктеп жаз.

3-топ. «Мен не істеймін?» сұрағына жауап жазу
Айтамын , көремін сөздерін жекеше көпше түрде жіктеп жазу

Сабақты бекіту
4. Семантикалық карточкамен жұмыс

Мысалдар Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Оқып отыр
Жайғасып отырмақпыз
Ауылға барды
Астанаға барамыз
Шешендігімен елге танылды
Теледидардан жаңалықтар тыңдаймын
Сабақ жазып отыр
Қазақтар атамекенге оралып жатыр
Барып келді
Салып жатыр
Ойнап жүр
Сұрақ қиын болды

Топшамалармен жұмыс. Қызықты тапсырмалар
1.Дара етістікті күрделі етістікке айналдырып жаз.
Оқыды, еріді, суыды, сөйледі, шақырды, отырды.

2.Тиісті күрделі етістіктерді қолданып, сөйлемді толықтыр.
1.Айнұр шашын................... .
2.Жапырақтар сарғайып .............. .
3.Алмас сабақ .................... .
4.Балалар суда ................... .
5.Жарас домбыра .............. .
2.Қызықты тапсырмалар.
1.Мына сан есімдер қай мақалда қолданылатын еді?
а) алтау, төртеу. (Алтау ала болса ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса төбедегі келеді).
ә) алтау, біреу. (Ағайын – алтау, ана - біреу).
б) қырық, бір. (Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ).
в) бір, мың. (Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар).

2.Бөлек жазылса, сын есім мен географиялық термин. Бірге жазылса, республикамыздағы бір қала.
Ақ+төбе, Ақ+тау.
Бағалау: өзін –өзі бағалау, бас бармақ

Үйге тапсырма: «Болашақтағы менің ауылым» эссе


Оқушылар берілген жаттығуларды топта орындайды
Жауабы:
Егер үйрек сүңгіп кетсе, судың астынан қайда бара жатқаны көрінеді. Ол сайда жуа мен жидек өседі. Жуа мамырдың аяғында піседі. Піскен кезде сабағының басы қоңырланады да, бүршік атады.
Келер шақ, 3 жақта айтылып тұр

Жауабы:
Қарайсың (не істейсің? 2жақ), жеткізеді (не істейді? 3 жақ), табылар (не істейді? 3 жақ), көрінеді (не істейді? 3 жақ), салады (не істейді? 3 жақ), жасайды (не істейді? 3 жақ)

Мәтін орман өрті туралы.
1. Орман өрті адамдардың кесірінен болады.
2. Тоғай мен орманда балалар мен ересектер алау жағады. Кейде жаққан алауларын сөндіруді ұмытып кетеді.
3. Сөндірілмеген алаудың ұшқыны өрт қаупін туғызады.
4. Өрттен өсімдік, құс және аңдар зардап шегеді.
5. Орманды өрттен сақтаңдар!

Әр топ берілген тапсырмалар бойынша жұмыстанады.

Семантикалық картаны толтырады

-Күнделіктерін ашып, жазады
-бағаларын күнделіктеріне қойдыртады


Сабақтың табыс критерииі
Оқушының аты-жөні:
№ Критерийлер Ұпай
1 Ережелерді білемін. 0 1 2 3
2 Етістіктің шақтарын түсіндім 0 1 2 3
3 Етістіктің шақтарын орнымен қолдана аламын 0 1 2 3
4 Етістіктің шақтарын сөйлемнен таба аламын және ажырата білемін 0 1 2 3
5 Етістіктің шақтарына сөйлем құрастыра аламын 0 1 2 3
6 Тұжырым жасай аламын 0 1 2 3
Жалпы ұпай саны:
16-18ұпай «5» Сен керемет орындадың!
13-15ұпай «4» Сен жақсы жұмыстандың!
11-12ұпай «3» Сен жарадың!
loading...

Автор: Кадырманова Гулден

БҚО,Ақжайық ауд.Есенсай ауылы.Есенсай жалпы орта білім беретін мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Қосты: Байыржановна_Гулден | Ілмек сөздер: Балалар
Көрсетілім: 1449 | Жүктеулер: 618 | Рейтинг: 1.0/1
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 9
Қонақтар: 9
Тіркелгендер: 0