Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

«Күз» нәтиже сабақ
27.11.2015, 21:57

Материалдың жеке номері 2207

«Күз» нәтиже сабақ

загрузка...
Алматы облысы, Ескелді ауданы
«Ескелді ауданы әкімдігінің Байысов
атындағы орта мектебі МДШО» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Қияқбекова Салтанат Талқыбайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Күз» нәтиже сабақ

Сабақтың мақсаты:

1. Әр оқушының білім сапасын оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы арттыру. Тақырыпты шынайы өмірмен ұштастыру.
2. Күз мезгілінің өзіндік ерекшеліктерінің барын, пайдасын, маңызын айтып түсіндіру.
3. Есте сақтау қабілетін дамыту. Сауатты оқуға, жазуға баулу.

Көрнекілік: Компьютерлер, интерактивтік тақта, электрондық оқулық, суреттер

Пәнаралық байланыс: Информатика

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу

Үй тапсырмасын тексеру
Күзгі киімдерді атап, түстерін қосып сөз тіркестерін жасау.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты
- 3 модуль - «Күз» тақырыбындағы нәтиже сабағын өткіземіз.
- Алдымызға қандай мақсат, міндеттер қоямыз? Бүгін сабақта не істейміз?

Ой толғау

Берілген сөздерден «Күз» тақырыбына байланысты сөздерді теру



Жаңбыр, қар, көкөніс, қыркүйек, асхана, шаңғы, жапырақ, жеміс-жидек, құстар.

Электрондық оқулықпен жұмыс
Сөздікпен жұмыс
1. Сөздерді тыңдау, қайталау.
Жемістер – алма, алмұрт, шие
Жидектер – таңқұрай, қарақат, жүзім
Көкөністер – картоп, қызанақ, сәбіз.

2. Естіген сөзді суреттен көрсету – оқылым
/жеміс-жидектер, көкөністер/

3. «Бақша» атты мәтінді тыңдау, оқу.
Мынау – бақша. Бақшада жеміс-жидек, көкөніс өседі. Жеміс ағашта өседі. Көкөніс жерде өседі. Ал жидек бұтада өседі. Күзде жеміс-жидек піседі.

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Жеміс қайда өседі?
- Көкөніс қайда өседі?
- Жидек қайда өседі?
- Жеміс-жидек қашан піседі?

Дәптермен жұмыс. /интерактивті тақта/
Көн нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді жаз.
1. ... келді .
2. Күзде ... піседі.
3. Балалар жылы ... киеді.
4. Құстар жылы жаққа ... кетеді..
Керекті сөздер: жемістер, күз, киім, ұшып.

Сергіту сәті
Бір, екі, үш деп,
Орнымыздан тұрамыз.
Құстар болып ұшамыз,
Төрт, бес, алты, жеті, сегіз деп,
Қайта келіп қонамыз.

«Қойылым»
- Біздің сабағымызға қонақтар келді. Олардың жұмбақтарын шешіп кім екендігін білеміз.

Көктемде көбелек-гүл боп қонамын,
Күзде қып-қызыл доп боп толамын.
/алма/

Жасыл шатыр астында,
Кететіндей үзіліп,
Тұр көп маржан тасындай.
Мойыл моншақ тізіліп.
/жүзім/

Құм ішінде басы,
Төбесінде шашы.
/сәбіз/

Сырты жылтыр, бұдыр жоқ,
Іші шырын қызыл доп.
/қызанақ/

Көкөністер мен жеміс-жидектердің арасында «кім пайдалы?» дау туындайды. Осы туындаған дауды «Күз» шешеді.

Ойын «Күзгі киім»
Қыздар қызды киіндіреді, ұлдар ұлды киіндіреді.




Қорытынды
1. Оқушылардың сабақта алған білімдерін тексеру

Нәтиже – тест 1 /компьютерде/
1. Алма ....... өседі?
А. жерде Ә. бұтада
Б. ағашта В. үйде

2. Бұтада не өседі?
А. алмұрт Ә. таңқұрай
Б. қызанақ В. сәбіз

3. Бақшада не өседі?
А. жүзім Ә. сәбіз
Б. шие В. қарақат

4. Жидекті тап.
А. қызанақ Ә. алмұрт
Б. алма В. қарақат

5. Жемісті тап.
А. алма Ә. сәбіз
Б. таңқұрай В. қарақат

6. Жеміс-жидек қашан піседі?
А. қыста Б. жазда
В. күзде Г. көктемде

7. Көкөністі тап.
А. жүзім Ә. шие
Б. қызанақ В. құлпынай

8. Жеміс-жидек қайда өседі?
А. мектепте Ә. сыныпта
Б. бақшада В. көлде

9. Көкөністі тап.
А. қарақат Ә. жүзім
Б. таңқұрай В. қызанақ

10. Жемісті тап.
А. картоп Ә. сәбіз
Б. шие В. қызанақ

2.Оқушылармен бірлесіп сабаққа қойылған мақсат бойынша саралау жұмысын
жүргізу
- Балалар, бүгін сабақта қандай жұмыс жүргіздік?
- Сабаққа қойған мақсатқа жеттік пе?

Үй тапсырмасы
«Күз» тақырыбына сурет салу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.


Бағалау
Оқушылардың білімдерін бағалау
loading...

Автор: Қияқбекова Салтанат Талқыбайқызы

Бөлім: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1001 | Жүктеулер: 0 | Пікірлер: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 1
avatar
1 zhamila-1976 • 10:47, 28.11.2015
Сабағыңыз өте жақсы
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 45
Қонақтар: 45
Тіркелгендер: 0