Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды я дыбысы мен әрпімен таныстыру. Оны орыс тілінен енген және де екі дыбыстың й+а қосылуынан пайда болатын дыбыс екендігін түсіндіру. Дауысты дыбыс екендігін аңғартып, сөз арасынан тауып дыбыстың, буындық талдау жасай білуге түсіндіру. Әріптерді байланыстырып көркем сауатты жаза білуге машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, есту қабілетін, зейінін, қиялын дамыту. Тілдің құрылымын дұрыс қалыптастыру. Дыбыстың құрамы күрделі сөздерді қайталап отырып, тілдерін ширатып, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе, әріптер, текшелер.
Пәнаралық байланыс: Математика.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы күн балалар
Қайырлы күн қонақтар.
Сөйлеу ережесін еске түсіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Тақия тастамақ» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау.
Мен буынның басын тастаймын, сендер аяқтайсыңдар. Өткен дыбысқа байланысты сөздер айту керек.
Ша ..... (һар), ай ..... (даһар), жи ..... (һаз).
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, жаңа біз қандай ойын ойнадық.
- Тақия тастамақ.
- Тақия сөзінде соңғы дыбыс қандай дыбыс?
- Я.
Ендеше біз я дыбыс мен әрпімен таныстық.
Я дыбысы дауысты дыбыс. Ол созылып айтылады. Бәріміз айтып көрейікші. Я дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Дауысты дыбыс.
Я Орыс тілінен енген
й+а дыбысының қосарлануынан жасалады.

й+а естілгенімен я әрпі жазылады. Баспа және жазба түрін таныстыру. Оқулық пен жұмыс.
«Буын ұйқас» ойынын ойнау.
Ян-ян-ян секіреді ...... (қоян).
Яр-яр-яр бақшада пісті... (қияр).
Яқ-яқ-яқ тез жүреді..... (аяқ).
а) Сурет бойынша әңгімелеу.
ә) Қоян сөзіне сөйлем құрау.
б) Шаян сөзін талдау. (буындық, дыбыстық).
в) «Саябақ іші» мәтін оқып, мағынасын ашу.
ІV. Сергіту сәті.
Секірейік, секірейік,
Ұзын құлақ қоянмен.
Шаршағанды кетірейік,
Өмір сонда тамаша.
V. Дәптермен жұмыс.
Әріп емлесімен таныстыру. Я я
а) Ауада жаздыру.
ә) Тақтада жаздыру.
б) Дәптерде үлгі бойынша жаздыру.
«Анаграмма» ойынын ойнау.
Берілген геометриялық пішіндерді ретімен оқып, сөз шығару.
И 2 3 Я Я 2 А 2 3 Я

Қ 1 4 Р А 1 3 Қ Т 1 4 Қ

- Геометриялық пішіндерді айту.
- Түстерін ажырату.
Сабақты қорыту.

Сұрақ-жауап арқылы күн күлтелерін жапсыру арқылы қорытындылау.
Егер де жауаптарың дұрыс болса күн күлімсірейді.

- Қандай дыбыспен таныстық?
- Я дыбысы қандай дыбыстардан жасалған.
- Қандай ойындар ойнадық.

Жарайсыңдар! Сендердің жауаптарыңа риза болып, күлімсіреп тұр.
Оқушыларды бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай мадақтау.
Үйге тапсырма беру: «Саябақ іші» мәтінін оқып, әңгімелеу. Үлгі бойынша жазу. Сөздерге сөйлем құрау.

ID: 2129 | Просмотров: 4644