Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Дыбыс және әріп
[ Сайттан жүктеу (15.0Kb) ] 15.10.2015, 13:42

Материалдың жеке номері 1895

Дыбыс және әріп

загрузка...
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңалық ауылы. С. Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тоқтаубаева Алия Жанабиловна. 2 сынып Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп. 487-493 жаттығулар. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау.Дауысты және дауыссыз У. Дамытушылық: Дұрыс дыбыстау,сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Берілген жаттығулар арқылы елін, жерін, тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс. Көрнекілік: ''Дыбыс, әріптер'' картасы,сөйлем, суреттер, қимақағаздар. Жоспар: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасымен тексеру. III. Жаңа сабақ. IY. Жаңа сабақты бекіту. Y. Қорытындылау, бағалау. YI. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау. Үй тапсырмасымен жұмыс: Білімді жан-жақты тексеру кезеңі. ''Кім білгір?'' ойын ұйымдастыру немесе қатар аралық жарыс. -Дыбыс деген не? -Дыбыс түрлерін ата. -Дауысты дыбыс түрлері.(жуан, жіңішке) -Дауыссыз дыбыс түрлері.(қатаң, ұяң, үнді) -Дыбыс пен әріптің ерекшелігі т.б. Оқушылардың білімді белсенді меңгеру дайындау кезеңі. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті (Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі). 487-жаттығу. 1. Сөздерді оқы. 2. Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар? 3. У дыбыстары бар сөздерді тап. 488-жаттығу. 1. Сөздерді буынға бөліп жаз. 2. У дыбысының алдындағы дыбыстың дауысты не дауыссыз екенін айт. Аула, ауыр, қуаныш, жауыс, тәулік, сауда, сауысқан, сусын, серуен. Сергіту сәті. 489-490 жаттығуды орындау. 1. Жұмбақты жатқа жаз. 2. Шешуін тап. 3. И,й дыбыстары бар сөздерді тап. 4. И мен й-дің қайсысы дауысты? Сөздік диктант. Аспан, отан, қыркүйек, бөлтірік, шешен, үзеңгі, аурухана, өнерпаз, диірмен, жұмысшы, тау, қалампыр, үйірме, уыз, көбелек, оқу, әже, театр. Тапсырма: Сөздерді алфавит ретімен жаз. 1. Сөздерге и, у әріптерінің тиістісін қойып жаз. 2. Қай әріп жазылмайды? Оқы-оқу, көш-көшу, жылы-жылу, тасты-тасу, тоқы-тоқу, қуыр-қуыру, жу-жуу. Тоқы-тоқиды, толқы-толқиды, таны-таниды, шалқы-шалқиды. Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау. Үйге тапсырма: Дыбыс пен әріп. 491-492-жаттығу. 1. Дыбыс және оның түрлері. 2. Дауысты дыбыс және оның түрлері. 3. Дауыссыз дыбыс және оның түрлері. 4. Сөзге дыбыстық талдау жасау. 5. Алфавит ретін жатқа білу. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
loading...

Автор: Тоқтаубаева Алия Жанабиловна

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңалық ауылы. С. Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш

Бөлім: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 1164 | Жүктеулер: 600 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 44
Қонақтар: 44
Тіркелгендер: 0