Сайт учителя начальных классов
.
Сыныбы: 1 «Б»
Пәні: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Буын. Не деу керек?

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға буын туралы, сөздерді буынға бөліп оқуды үйретіп бару.
ә). Үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
б). Әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Киіз үй жабдықтарының суреттері, қима қағаздар. суретті сөзжұмбақ, сурет
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сәлемдесу.
3. Ой қозғау.

Күн көзін бұлттан ашу. (ол үшін бұлтта жазылған сұрақтарға жауап беру керек)
Күн көзі ашылған соң,
Барлығы: Күннің шуағы жылы.
Ананың құшағы жылы.
Ғ. Мүсірепов атамыз «Адамда не қасиет болса, бәрі күнің көзі мен ана сүтінен
алынған қасиет» деген екен. Балалар, күн нұрынан жылынып алдық, бір-бірімізге қарап күлімдейік.
Қанекей, осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
4. Үй тапсырма сұрау. Жұп дауыстылар. «Көрші атам» өлеңді жатқа айту.
Өткен сабақты бекіту. «Жұбын тап» ойыны .

5. Жаңа сабақ. Буын. (суретті сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақты ашу)
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: от, а-та, ме-ре-ке, бей-біт-ші-лік.
58-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.Дауысты дыбыстарды атаңдар.
Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен.
6. Суретпен жұмыс. Кішіпейілдік – кісілік белгісі.

59-жаттығу. Мақал-мәтелді оқыңдар. Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар.
1. Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
2. Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы.

7. Сергіту сәті.
8. Оқулықпен жұмыс.
Не деу керек?
-Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып, жеу керек?

-Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу, айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?

-Әжең сенің түскі асқа
Қант-кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол.
Жөн еді не айтқаның?

-Добын апар Назардың!-
Деді ағаң, бармадың.
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың.
Сен қай сөзді айтпадың?

Мақалдарды жаттап алыңдар.
Мақалдар
1. «Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген – көмек.
2. Әдепті бала
Ата-анасын мақтатар.
Әдепсіз бала
Ата-анасын қақсатар.

9. Сабақты қорытындылау.
Буындардан сөз құрау.

10. Үйге тапсырма.
«Не деу керек?» өлеңін мәнерлеп оқу.

ID: 2130 | Просмотров: 3128