Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар

Біздің Отанымыз - Қазақстан
[ Сайттан жүктеу (55.5Kb) ] 22.02.2015, 21:47

Материалдың жеке номері 572

Біздің Отанымыз - Қазақстан

загрузка...
Сыныбы: 3 "А" Пәні: Дүниетану Пән мұғалімі: Пернебаева Салтанат
Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: Туған жердің табиғатына, ел тарихына үңіле отырып, оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейту;
ә) дамытушылық: Тілін дамыта отырып, оқушыларды қисынды ойлай білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу;
б) тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ өту әдісі: Көрнекілік, топтық жұмыс, кесте, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, бейнефильм.
Техникалық құрал: Компьютер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Сәлемдесу, Оқушыларды түгелдеу
• Мемлекеттік Әнұранды орындау
1. Оқушыларды топқа бөлу.
1)«Туған жер» тобы
2) «Ана тілі» тобы
3) «Отан» тобы
2. Психологиялық дайындық.
Күнге қолдарыңды созыңдар,
Күннің жомарт сәулелері адамның барлық реніш пен мұңын жібітеді.
Жүрегімізді жылу мен махабатқа толтырайық.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Өткен бөлімді қайталау. «Адам және қоғам».
- Бұл бөлімде нелерді үйрендіңдер?
- Отбасы және ұлттық дәстүрлерді, қонақжайлық ережелерін, кәсіптік, жалпыхалықтық мерекелердің айырмашылықтарын үйрендік.
Сабақты сұрақ - жауап арқылы сұрау.
Әр топқа 2 сұрақтар қойылады. сабақты сұрақ жауап арқылы сұрау.
1. Неке дегеніміз не?
2. Қазыбек биге, айтыңызшы, не жақын, не қымбат дегенде Қазыбек би қалай жауап береді?
3. Қонақ деген кім?
4. Төс пен асықты жілікті қандай қонаққа тартады?
5. Білім күні қай күн?
6. Фермерлер мен шаруа қожалықтар мемлекетке салық төлейді ме?

ІІІ. Өткен тарауды пысықтау үшін мына тест сұрақтарын таратамын.
Өзін-өзі бағалау. Тест.
1. Конституцияның нешінші бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады?» деп көрсетілген?
а) 26 - бабында ә) 27 – бабында б) 28 – бабында
2. Асар жасау дегенді қалай түсінесің?
а) той жасау.
ә) түрлі ойындар ұйымдастыру.
б) туған – туыстар жиналып бір іске көмектесу.
3. Бас пен жамбас кімдерге тартылады?
а) Қыздарға, күйеуге.
ә) құдаға, сыйлы адамдарға.
б) келіндарге, балаларға.
4. Наурыз, Тәуелсіздік күні, 8 – наурыз қандай мерекелер?
а) Жалпыхалықтық мерекелер.
ә) Отбасылық мерекелер.
б) Кәсіптік мерекелер.
5. Қазақ халқы қандай жануарларды көлік ретінде пайдаланады?
а) сиыр, түйе ә) қой, ешкі б) ат, түйе
Тест өзін – өзі бағалау арқылы тексерілді
ІV. Жаңа сабаққа әзірлік.
Мұғалім.
Сақтайық қане тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
Ойлан, ойлан және ойлан,
Үздіктері сыныптың.
Озаттар мен орталар,
Ойланбаған құр қалар.
V. Жаңа сабақ.
Бүгін балалар, «Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты жаңа бөлімді бастаймыз.
Бұл бөлімде сендер:
• Қазақстан аумағының кеңдігі және табиғат жағдайлары алуан түрлі екендігімен;
• мемлекеттік рәміздерімен;
• мемлекеттік басқару ісін және мемлекеттік тілдің маңызымен;
• қарулы күштері және еліміздің тарихымен танысатын боласыңдар.
1. Қазақстан Республикамыздың Президенті кім?
2. Мемлекеттік тіліміз?
3. Мамлекеттік рәміздерімізді атаңдар.
4. Әнұран туралы мәлімет беріңдерші.
5. Мемлекеттік Ту туралы мәлімет беріңдер .
6. Мемлекеттік Елтаңба туралы да мәлімет беріңдер.
7. Еліміздің елордасы қай қала ?
Қане, балалар бойымызды бір сергітіп алайықшы.

Бәйтеректей жайқала,
Тұрайықшы шайқала.
Күн нұрымен таласқан,
Айтыңдаршы қай қала?
Әрине, ол – Астана!
Әрине, ол – Астана!

Жаңа сабақты Қаз.Респ. картасы арқылы баяндау.
Қазақстан сенің туған жерің, атамекенің. Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабам қоныс тапқан жер. Бұдан бірнеше мың жыл бұрын бұл өлкені қазіргі қазақ халқының негізін құраған тайпалар мекен еткен.
Қазақ жері ұлан-байтақ. Бұл жер батыста Каспий маңы ойпатынан, шығыста Алтай тауына дейін 3000 км-ге дейін созылып жатыр. Егер жаяу адам күн сайын 30км-ден ұдайы жүріп отырса, еліміздің батыс шекарасынын шығысына дейін 100 күнде жетер еді.
Күн сәулесі бүкіл жер шарын айнала түсіп, шығуы үшін 1 тәулік уақыт кететіні белгілі. Ал оның қазақ жерін шығыстан батысқа өтуіне 2,5 сағаттан артық уақыт керек. Сондықтан да Республикамыздың батысындағы Атыраудың мектеп оқушылары таңертең сабаққа бара жатқанда шығыстағы Алтайдың тау бөктерінде күн сәске түске айналады.
Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ге созылып жатыр. Оның солтүстігінде Қызылжар (Петропавл) маңында жер беті ақ көрпеге оранып, борын ұйытқып тұрған кезде, оңтүстіктегі Алматыда өрік гүлдейді. Терек жапырағын жайып, жасыл желекке бөленеді.
Жерінің кең байтақ болуына байланысты Қазақстанның табиғаты да алуан түрлі. Қызылжарда пойызға отырған жолаушы Алматыға жеткенге дейін бірнеше табиғат аймақтарын кесіп өтеді. Қиыр солтүстігінде мөлдір көлдерге бай, қайың мен көктерегі сылдыраған орманды дала созылып жатыр. Одан кейін шөбі шүйгін, топырағы құнарлы дала өңірі өтеді. Ал оңтүстігіндегі кең алқапты шөлдер қамтиды.
Физикалық картаға қарасақ еліміздің жер бедерінің де сан қилы екенін байқаймыз. Көп жерін жазықтар алып жатады. Шыңдары бұлтпен таласып, басын қар мен мұз басқан асқар таулар шығысы мен оңтүстігін жиектеп өтеді.
Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға барынша бай. Қазіргі заманғы
өнеркәсіпті өркендетуге қажетті қазба байлықтардың бәрі де бар. Мұнда металл кендері, көмір, мұнай, газ, фосфорит, түрлі тұздар және басқа да қазба байлықтар кездеседі.
Қазақстанның орманды дала және далалы аймақтарында астық көп өндіріледі.
Ал шөлейт пен шөлді алқаптар мал жайылымына кеңінен пайдаланылады. Оңтүстігі
мен шығысындағы тауларға малшылар жазда жайлауға шығады.
Республикамызда 130-дан артық ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Олардың барлығы да қазақтар мен бірдей Қазақстанның тең құқықты азаматы болып саналады.
Қазақстан 5 елмен шектеседі. Біздің еліміз олардың бәрімен де өзара тиімді, достық қарым-қатынас жасауды мақсат етеді.
Қазақстан жайлы бейнефильм көрсету.

Кескін картамен жұмыс.
1. Қазақстанның шекарасын түсір. Онымен көрші мемлекеттердің аттарын жаз.
2. Мәтінде кездесетін қазба байлықтарды картаға қалай белгілейді?
Шығармашылық жұмыс.
Сызба арқылы өлең құрастыр. Әр топқа таратлды.
____________________________ елім,
____________________________ жерім,
____________________________ жайқалған,
____________________________ жасарған,
____________________________ жайған,
____________________________ Қазақстаным!
Оқушылар топтарымен бірлесе отырып орындайды. Құралған өлеңді әр топтан бір оқушыға оқыту.

IV. Сабақты қорытындылау. Кестені толтыр.
Әр оқушы өз ойларын мына кестеге жазып, оқып беруге әрекет жасауы тиіс.
Сенің Отаның? Ол қандай мемлекет? Президенті кім? Еліңнің рәміздері Еліңнің бас қаласы Қазақстан болашақта қандай ел болғанын қалайсың?


Міне балалар, Қазақстанның гүлденген, дамыған ел болуы сендердің қолдарыңда.
Сол үшін сендер жақсы оқып, жақсы білім алыңдар.

Сабағымызды «Қазақстан» әнімен аяқтаймыз.

Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, мазмұндау.
«Менің Елім» тақырыбына эссе жазу.
Оқушыларды бағалау.
loading...

Автор: Пернебаева Салтанат Утаповна

ОҚО. Ордасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" негізгі орта мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Қосты: Пернебаева_Салтанат | Ілмек сөздер: Туған жер, қазақстан, Отан, ана тілі
Көрсетілім: 1193 | Жүктеулер: 634 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 33
Қонақтар: 33
Тіркелгендер: 0