Балықтар

  • Жүктеулер: 662
  • Көрсетілім: 1390
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 08/Ноя/2015
Сабақтың тақырыбы: Балықтар.
Сабақтың мақсаты:а)Білімділік: Оқушыларға жануарлардың топтары балықтар туралы жалпы түсінік беру, тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Атауларын ажырата білуге үйрету.
ә)Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, танымдық қабілеттерін арттыру. Салыстыру, талдау біліктерін арттыруға ықпал жасау.
б)Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық көрсетуге, оларды қорғауға тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: : жаңа материалды игеру, топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

2.Оқушыларды сабаққа дайындау.
3.Сыныпты топқа бөлу.
Біздер жануарлар әлемінің қандай түрлерімен таныстық есімізге түсірейікші.
Сүтқоректілер. Бунақденелілер. Қосмекенділер мен жорғалаушылар. Ендеше 3 топқа бөлініп отырайық.

«Сүтқоректілер» тобы
«Бунақденелілер» тобы
«Қосмекенділер және жорғалаушылар» тобы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардан үйге берілген қосмекенділер мен жорғалаушылар тақырыбын 2-3 оқушыдан түсінгенін сұрау.

«Сұақ-жауап» ойыны арқылы өткенді қайталау.
10-Табиғаттың неше түрі бар?
20- Сүтқоректі жануарды ата?
30- Бунақденелілер қалай аталады?
40-Өлі табиғатты ата?
50- Өсімдікке не қажет?
60- Қосмекенділерді ата?

ІҮ. Жаңа сабақ.
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.
1 слайд
,, ,,, ,, ,



Балықтар – суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар түрі. Олар желбезегі арқылы тыныс алады. Балықтар әртүрлі болады. Олардың өте ірілері де және ұсақтары бар. Балықтардың денесі жылтыр қабыршақпен жабылған. Олар суда жүзбе қанаттары арқылы қозғалады. Балықтар судағы шөптермен, майда жәндіктермен қоректенеді. Балықтың жұмыртқасы уылдырық деп аталады.Олар уылдырық шашу арқылы көбейеді. Үйде балықтарды арнайы ыдыс-аквариумда өсіруге болады. Біздің елімізде кездесетін балықтар – шабақ, сазан, шортан, жыланбалық, бекіре, т.б.

2 слайд. балықтың құрылысы
3 слайд балықтың түрлері

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

1.Әр топтан 2 оқушыдан абзацпен оқыту.
2. Мәтін бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

ҮІІ. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.

ҮІІІ. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген үлгі бойынша аквариум ішіне балықтардың суреттерін салып бояу.

Шығармашылық тапсырма «Балық»

«Сүтқоректілер»тобы – қарындаш салу

«Бунақденелілер»тобы -- жапсыру

«Қосмекенділер және жорғалаушылар» тобы-- Мүсіндеу

Сәйкестендіру тесті: «Кім жылдам?»

Қосмекенділер Жүзеді
Жорғалаушылар Баласын сүтпен қоректендіреді
Сүтқоректілер Бас,кеуде,қарыннан тұрады
Бунақденелілер Суда да, құрлықта да тіршілік етеді
Балықтар Бауырымен жорғалайды

ІХ. Сабақты қорытындылау. «Ия-Жоқ » ойыны

1. Балық желбезегімен тыныс алады +
2. Балықтың бәрі бірдей болады -
3. Олар өзен,көл,теңіз, мұхиттарда тіршілік етеді +
4. Балықтар уылдырық шашады +
5.Балықтың денесі жылтыр қабыршақпен жабылмаған -
6.Алабұға, шортан, таутан ірі балықтар -

Х. Бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып, мазмұнын айту, шиырма жасау.

Автор: Газизова Айнур Кабдрахмановна

Орал қаласы № 20 орта жалпы білім беретін мектеп

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.