Сайт учителя начальных классов
Тақырыбы: «Бала тәрбиесі - басты міндетіміз»
Мақсаты:
Тақырыптық жиналыс өткізе отырып, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау Оқушылардың оқу-тәрбие сапасын көтеру мақсатында ата-аналар пед. ұжыммен тығыз байланыста болу. Заман талабына сай ұлттық тәлім-тәрбие беруде бірлесе жұмыс жасау.
Ата-аналарды мектеп, сынып өміріне араластыру, сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие шараларының өтілуіне атсалысуын ұйымдастыру.
Оқушылардың оқу үлгерімінің сапасын арттыру мақсатында ата-аналардың сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету.
Міндеті:
Әр тоқсан сайын ата-аналар жиналысын өткізу.
Жиналысқа барлық ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету.
Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға тарту.

Күн тәртібінде:
1. Кіріспе сынып жетекші сөзі.
2. Мадақтау, жазалау сауалнамсы
3. Баяндама: «Бала тәрбиесі - басты міндетіміз»
4. Ата-анамен ынтымақтастығы (тренинг)
5. Көрме «Менің отбасым» тақырыбында балалардың суреттерін тамашалау.«Менің балам» тақырыбында өз жоспары бойынша материал дайындау.
6. «Ата-аналарға 10 өсиет» жадынамасы

Кіріспе сынып жетекші сөзі.
Геометриялық фигуралар таңдау арқылы топтпарға бөліну.
Ұйымдастыру бөлімі
«Жануарлар төлдері» төлдері қимылмен анасына жету керек.
Мадақтау, жазалау сауалнамсын толтырады , тыңдалады.

Қабылданған шешім:
Ата-аналар жиналысының шешімі:
Мектеппен және ата-ана тығыз байланыста болу керек.
Баланың тек асыраушысы ғана емес, баламен әртүрлі жағдайда ақыл- кеңес беру.
Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп, қадағалау дер кезінде көмектесіп отыру.
Ата-ана өзін- өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу. (газет, журнал, теледидар)