Сайт учителя начальных классов
.
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Лебаева Айгүл Жүнісханқызы
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Қамқорлық»
Сабақтың мақсаты: 1.Автор жайлы түсінік беру. Мәтіннің негізгі идеясын ашу,оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.
2.Ойлау қабілеті мен есте сақтауын өз беттерінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3.Мейірімділікке, табиғатты аялай білуге баулу.

Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, СТО стратегиялары, сұрақ-жауаптар т.б.
Сабақтың құрал-жабдығы: Суреттер,слайдтар.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік.

Психологиялық дайындық

2. Үй тапсырмасы

- Үйге қандай тапсырма берілді?
-«Көжек» ертегісінің мазмұнын айтып, сұраққа жауап беру.

Тақтаға үш оқушыны шығарып, ертегі мазмұнын сұрап, оқушыларға сұрақ қойғызу, туған жер туралы мақал-мәтел айтқызып бағалап, қорытындылау.

3. Жаңа сабақ
1. Жазушы Бердібек Соқпақбаев туралы білетіндерін сұрау.

1.Ол кім?
2.Қайда туған?
3.Қай жылдары өмір сүрген?
4.Қандай шығармаларын білесің?
5.Қандай қызмет атқарған?
2. «Жақсыдан үйрен» бөлімінде не өттіңдер?

1.Үлкенді сыйлау
2.Адал достық
3.Әдептілік
4.Мақтаншақ болмау
5.Қамқорлық т.б

3.Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Қамқорлық»
Авторы Б.Соқпақбаев

1-топ.
1. Әңгімені оқып түсінігін айту.
2.Әңгімедегі Жантас пен Қожаға мінездеме беру Венн диаграммасы арқылы

2-топ.
1.Әңгіме мазмұнын оқып, көрініс қою.

4.Орталықтардың жұмысын тыңдау.
5.а) Мұғалім түсіндірмесі.
ә) Суретпен жұмыс.

6. Дәптермен жұмыс.
Қожаның орнында сен болсаң не істер едің?

7. Қорытындылау
«Венн» диаграммасы

Ж.Аймауытов
Б.Соқпақбаев

1.Ж.Аймауытовтың әңгімесі
2.Б.Соқпақбаевтың әңгімесі
3.Жүсіпбектің торғайы неден қорқып еді?
4.Бердібектің торғайы ше?
5.Жүсіпбектің торғайына ара түскен кім?
6.Бердібектің торғайы ше?
8. Бағалау
Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
9. Үйге тапсырма.
«Қамқорлық» тақырыбына шығарма жазу.

ID: 1847 | Просмотров: 2730