Б.Бұлқышев "Ана"

  • Жүктеулер: 682
  • Көрсетілім: 1461
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 28/Авг/2015
Сабақтың тақырыбы: Б.Бұлқышев «Ана»
Сабақтың мақсаттары:Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін,оның адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру,мәтінді дұрыс түсініп,оқи білуге,өз ойларын ортаға салып,айта білуге үйрету.
Дамытушылығы:оқушылардың тіл байлығын,сөздік қорын,шығармашылық ойын,танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту,ананы ардақтап,құрметтей білуге,мейірімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:суреттер,автор еңбектері,интербелсенді тақта т.б.
Әдісі:сыни тұрғысынан ойлау әдісінің элементтері,АКТ,топтық жұмыс,өзіндік жұмыс, ой қозғау,бағалау.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
Балаларды топқа бөлу,назарын сабаққа аудару.
Ендеше балалар тақтаға назар аударайық.
Слайд-шоу.
1.Қазір қай мезгіл?(көктем)
2.Көктем хабаршысы аталатын құстың аты?(көкек)
3.Көктемде келіп,үйімізге үйін салатын құстың аты?(қарлығаш)
Ендеше осы атаулармен топқа бөлу.

1-топ «Көктем»тобы
2-топ «Көкек» тобы
3-топ«Қарлығаш»тобы
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Апамның астауы әңгімесін»кім жазған?
2. Бұл әңгіме кімнің атынан баяндалған?
3. Жазушы кімді еске алып отыр?
4. Автордың балалық шағында ойнаған ойындары қандай?
5. Әңгімедегі әженің қандай өнері бар екен?
(тері илейді,жүн түтіп,арқан еседі,алаша тоқиды,оюлап сырмақ тігеді.)
Жақсы балалар үй тапсырмасын жақсы меңгерген екенсіңдер.
«Ой қозғау»
1.Айқайлап ұрысқаны білінбейтін кім?
2.Бізді күтіп,бағып,аялап,тамақ әзірлеп отыратын кім?
3.Кірімізді жуып,үйіміздің сәнін келтіріп отыратын кім?
4.Түн ұйқысын төрт бөліп, бізді уатқан кім?
5.Осынау жарық әлемді сыйлаған Асыл адам кім?

Балалардың жауабы тыңдалады.
Дұрыс балалар міне бүгін біз осы асыл адам «Ана»туралы мәтінімен танысамыз.
Мәтін авторы Баубек Бұлқышев
ІІІ.Жаңа сабақ.
Автор туралы түсінік беру.
Б.Бұлқышев 1916 –жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған.1944-жылы Украйна,Днепропетровек облысы Софьевск ауданында дүние салған.Ол жазушы,ақын.Шығармаларын қазақ,орыс тілдерінде жазған.Ол көптеген өлеңдер жазған. «Балалық шақ»поэмасын , «Ауылдан Алматыға»атты әңгімесін жазды. «Лениншіл жас»газетінде әдебии қызметкер, «Қазақстан пионері»(Қазіргі Ұлан)газетінде бөлім меңгерушісі болған.1940-жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылады да,Мәскеу әскери училищесінде оқиды.Б.Бұлқышев Ұлы Отан соғысына алғаш күндерден бастап,қатысқан.Оның әкесі де Амангелді Иманов бастаған ұлт- азаттық қозғалысына қатысқан.Ата дәстүріне берік азамат,жалынды көсем сөз шебері,ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау,Украйнаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. 1944-жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты.Ол соғыста жүріп,шығармаларын жазды.Оның «Алматы –Менің туған қалам» деген бітпей қалған романы және «Айсұлу»деген поэмасы бар.Биыл Ұлы Отан соғысына 70 жыл толады яғни жеңіске жетпіс жыл.Осындай күнде ерлікпен қаза тапқан Баубек атамызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп оқыту.
Мазмұнымен таныстыру.
Алғашқы түсінікті тексеру.
1.Біз кімнің шығармасымен таныстық?
2.Біз кімнің шығармасымен таныстық?
3.Мәтінде кім туралы айтылған екен?
4.Ананың бала өмірі үшін қандай маңызы бар?
5.Ананың балаға деген махаббаты жайлы не айтылған?
(Ана баласын әлдилеп асырап,бағады.Ананың балаға деген махаббаты шексіз.

Оқулықпен жұмыс.Мәтінді оқушылар оқиды.
Мәнерлеп дұрыс оқуына мән беріледі.
1-топ 1-2-ши обзацты оқиды.
2-топ 3-обзацты оқиды.
3-топ 4-обзацты оқиды.
Әңгімелесу.
Ана есімін аузына алмайтын адам жоқ.Жердің өзіне де Жер-Ана деп теңеу айтып жүрміз.Аналардың қоғамда алатын орны да ерекше.Себебі ана тек баласының тәрбиелеушісі ғана емес,ол –қызметкер.Ол әртүрлі қызмет жасайды(мұғалім,дәрігер,әнші,биші,үй бикесі,ұшқыш т.б)
-Ана бізге жарық дүние сыйлады.
-Ол түн ұйқысын төрт бөліп,өсірді.
-Барлық жақсыны бізге арнады.
Бір-екі баланың анаға деген түсінігін тыңдау.
Ендеше аналарың сендерді қалай еркелетеді?
(Құлыншағым,айым,күнім,айналайын)
Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Ана күн секілді айналаға мейірімін,жылуын шашып тұрады.Олай болса мына күн суретінің айналасына аналарыңның сендерге айтатын жылы сөздер
жазыңдар.


Шығармашылық тапсырма.
1-топ Ана туралы мақал-мәтел айту,аналарын суреттеп мінездеме беру.
2-топ Аналарына өз тілектерін жазу,өз аналарыңның қандай болғанын қалайсыздар?
3-топ Анаға арнап өлең жазу,мерекелік құттықтау,гүл шоғын құрастыру.
(Өлең оқуға болады.)
Даналық сөздер.
Ана туралы даналық сөздерді интербелсенді тақтадан оқу)
«Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең,адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың»(В.А.Сухомлинский)
«Ана өз баласын жанымен де,қанымен де сүйеді.»(Б.Г.Белинский)
Мухамбет пайғамбарымыз айтқан хадисі
«Жәннат-ананың табанының астында»

Қорытындылау: Өмірдің баспалдағы
1. Сәбидің суреті
2. Бүлдіршін қыздың суреті
3. Бойжеткен қыздың суреті
4. Келіншектің суреті
5. Анамен бесіктегі баланың суреті
6. Әженің немересімен отырған суреті
Бүгінгі сәби қыз ертеңгі бойжеткен,ертеңгі келін,ертеңгі ана,ертеңгі әже.
Міне осыдан не түйдік?
Ананы құрметтеуді сәбиді құрметтеуден,қыз баланы құрметтеуден бастау керек екен.
Бейнекөрініс «Ана жүрегі»
Сабақты қорыту: Кімнің шығармасымен таныстық?
Негізгі ой кімге құрылған?
Кейіпкер кім?
Осы әңгіменің сіздер үшін пайдасы барма?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Мәтінді мәнерлеп оқу,жаттау.



Абишова Алмагуль Алламуратовна
Бастауыш сынып мұғалімі
Жаңаөзен қаласы 17 орта мектеп

Автор: Алмагуль Абишова Алламуратқызы

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.