Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ суретшілері. Ғани Иляев
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ суретшілерін танып білуге үйрету, ою-өрнек түрлерімен
таныстыру. Қазақстанның суретшісі Ғани Иляевтің шығармашылығы жайын-
білімдерін кеңейту. . Сурет салу жұмысы барысында оқушыны нобай жасау қабілетін дамыту
Балалардың өз жерлестерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету; . . . Ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін шыңдау.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, суреттер көрсету арқылы сипаттап түсіндіру.
Көрнекілігі: Мультимедиалық проектор, сәйкестендіру тесті, слайд.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу:
- Оқу құралдарын түгелдеу:
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару:
ІІ. Өткен сабақты қайталау
- Балалар, біз өткен сабақтарда қандай тақырыпты өттік?
- Қандай қазақ мүсншілерін білесіңдер?
- Олар қандай құрал-жабдықтармен жұмыс жасайды екен?
- Иә, балалар, бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстық. Шымкент қаласында қандай танымал ескерткіштер орнатылған?
- Сұрақтар:
- Мүсіндеу дегеніміз не?
- Живопись деген не?
- Сәулет өнеріне не жатады?
- Графика дегеніміз не?
- Сәндік қолданбалы өнер туындыларына нелер жатады?
- Жақсы, енді өткен тақырптар бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындайық.
Тапсырма: кестенің бір бағанында термин сөздер, ал екінші бағанында сол термин сөздердің сипаттамасы берілген, сол бағандарды бір-бірімен сызықтар арқылы байланыстыру керек.

ID: 1481 | Просмотров: 2302