Сайт учителя начальных классов
.
Дүниетану 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана – Қазақстанның жаңа астанасы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың Астана қаласы туралы ой-пікірлерін, білімдерін арттыру, еліміздің бас қаласы жайында мәлімет беру.
Тәрбиелік: Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, жылдам ойлау, шығармашылық қабілеттерін шындау.
Сабақ түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап,түсіндіру,сөзжұмбақ шешу, қабылдау (хат жолдау), әңгімелеу.
Көрнекілігі: хат үлгісі, сызбалар, сөзжұмбақтар,сандар,суретті бнйнелер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
 Сәлемдесу.
 Назарларын сабаққа аудару, оқушыларды түгелдеу.
 Қызығушыларын ояту.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
1. – Балалар, бізге Астана қаласынан хат келіпті, ол үшін сөзжұмбақты шешуіміз керек.
«Астана» сөзжұмбағын шешу.

А л м а т ы
т і с
и т
қ а р л ы ғ а ш
л и м о Н
а й

1.Апорт алманың отаны.
2.Адамның ас шайнау мүшесі.
3.Адамға серік, күзетке берік. Ол не?
4.Құйрығы айыр,киелі құс.
5.Терісі - сары,еті - дәрі.Ол не?
6.Орақ болып туады, тарақ болып бітеді. Ол не?
- Жарайсыңдар, балалар! Енді хатты оқуымызға болады.

Сәлем хат
Сәлеметсіңдер ме балалар! Сабақ оқуларың қалай? Білімді болуға талпыныңдар, оқыңдар, үйреніңдер!Менің жағдайым өте жақсы.Жылдан жылға өсіп келемін.Мен туралы қолдарыңдағы дүниетану оқулығында да жазылған, ынта қойып оқыңдар.

ID: 1296 | Просмотров: 2008