Сайт учителя начальных классов
.
Тақырыбы: Ғарыш әлемі.
Мақсаты: а)Білімділік: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір — ғарышкерлер күні туралы
мағлұмат беру.Тұңғыш ғарышкермен және Қазақстан
ғарышкерлерімен таныстыру.
ә)Тәрбиелік:Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.Адамзаттың
ортақ үйі — Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
б)Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын жетілдіріп , тіл байлығын
молайтып,ойлауға,армандауға баулу.
Көрнекілігі:слайд,суреттер,ұшақ ,тікұшақ ,жұлдыздар,
күн ,ай,планеталар,шарлар,сөзжұмбақтар,ребустар,
Әдісі:сұрақ-жауап , баяндау,көрнекілік, ойын, слайд.
Түрі:саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!
Бүгінгі өткелі отырған « Ғарыш әлемі»атты ашық тәрбие сағатымызға
қош келдініздер.
ІІ.Тренинг. «Жылулық шеңбері»
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне әдемі айдың пішінін ұсына
отырып, ғарышкерлерге тән қасиеттерді атайды.
ІІІ.Ой шақыру.
- Балалар, біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?
- Айға ұшу үшін ғарышкерлердің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
ІҮ.Жаңа сабақ.
Бізді айнала қоршаған дүниенің бәрін біз бір сөзбен «бүкіл әлем» немесе «бүкіл ғалам» деп атаймыз.Аспан әлемінің өзі бір ғажайып құбылыс.Онда мыңдаған жұлдыздар ,ғаламшарлар , алыс галактикалар бар.
Жымындаған мың сан жұлдыздардың әрқайсысының өз құпиясы бар.Аспан денелерінің құпиясын ашатын ғалымдарды «астроном» деп атайды.Олар аспан әлемінің бүкіл қыр-сырын зерттейді.

ID: 1313 | Просмотров: 2578