Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық. Б.Соқпақбаев

Сабақтың мақсаты: 1. Тақырып мазмұнын оқыта меңгерту,сезім
ұшқырлығы мен сөз өнеріне құштарлығын
жетілдіру.
2. Білімге қызығушылығын, шығармашылық
ой талдауға бейімділігін дамыту.Жеке қабілетін
дамыту.
3. Адамгершілікке,үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас,шығармашылық,көрнекілік.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,топтастыру,сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі

Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір сезім – шындық, бірлік, адалдық
Әрбір ісім – тілек, тірлік, тазалық


ІІ. Өткен сабақты қорыту
Үй тапсырмасын тексеру.
«Көжек» ертегісінің мазмұнын сұрау.
Туған жер туралы мақалдар айту.


ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыз бірнеше бөлімдерден тұрады. Әр бөлімнің өзіндік тапсырмалары болады, және мынадай ұпайлармен бағалаймын.Ұпайлары көп оқушы жақсы баға алады.

1-бөлім. Талап
Бұл бөлімде Математика еліне сапар шегеміз.Көбейту кестесімен таныспыз, соған байланысты мынадай тапсырма орындаймыз

20 9 10 20 4 30 15 18 20
қ а м қ о р л ы қ

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
2 о м қ
3 а ы
4 қ
5 л қ р

-Қандай сөз шықты?
-Олай болса, бүгінгі сабақта Б.Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесімен танысамыз.

Тақтаға күннің жадын,тақырыпты жазу.

-Б.Соқпақбаев кім? Білеміз бе?

Алматы облысы Райымбек ауданы
Шал мен бала

Сен ұйықтап жатқанда

Бүгінгі сабақта өтетін «Қамқорлық» әңгімесі осы «Менің атым Қожа» повесінен алынған. Бұл повес жазушының өз өмірінен алынған десек те болады.Кейін балалар киносының атасы атанған режиссер А.Қарсақбаев көркем фильм түсіреді.Бұл фильмді көрмеген бала жоқ шығар,және де көрерменге жол тартқанына 50 жыл болса да ,бұл фильмді көруден еш бала жалыққан емес.

2-бөлім. Еңбек
Бұл бөлімде «Қамқорлық» мәтінімен жұмыс жасаймыз

-Мәтінді түсініп оқу
-Сөздік жұмысын жүргізу. (түртіп алу әдісі)
-Мәтінді сұрақ- жауап арқылы талдау.
-Оқушыларға тізбектеп оқыту.

-Мәтінге түсіндік пе?
-Олай болса, түсінгендеріңді білу үшін тапсырмалар орындайық.
-Ол үшін сабағымыздың келесі бөліміне өтеміз.

3-бөлім.Ой толғау
Бұл бөлімде суретпен жұмыс жасаймыз.Әр топқа тапсырмалар беріледі
1 топ Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
2 топ Мәтінге сүйеніп торғайдың халін сипатта.
3 топ Торғайдың халі сенде қандай көңіл күй туғызды?

Сергіту сәті:
Құстар қалай дыбыстайды?
Қарға қарқылдайды,
Сауысқан саңқылдайды,
Тырна тыраулайды,
Торғай шырылдайды,
Қаз қаңқылдайды,
Бұлбұл сайрайды,
Шағала шаңқылдайды

4-бөлім.Рақым
-Біз осы бөлімде торғай туралы қандай әңгіме оқып едік естеріңізде ме?
-Ендеше осы екі мәтінді салыстырайық.(сызбамен жұмыс)
Оқушылар дәптерлеріне орындайды.

Тақырыбы Авторы Неден қорықты? Арашашы кім?
Торғай Ж.Аймауытов жыланнан Ақбілек
Қамқорлық Б.Соқпақпаев Жантастан Қожа

5-бөлім.Қанағат

-Бұл бөлімнің тапсырмасы бойынша Жантас пен Қожаның біреуін алып,соған мінездеме бересіңдер.

-Сен Қожаның (Жантастың) орнында болсаң не істер едің?
Қожа Жантас


-Енді осы Қожа туралы жазылған «Менің атым Қожа» фильміне көшейік.
-Фильмді бәріміз көрдік солай ма?
-Ендеше кәне естеріңе түсіріп көріңдерші,қай жерінен үзінді айта аласыңдар?
Балалар фильмнен үзінді келтіріп айтады.Суреттер бойынша әңгімелеу.

ІҮ, Қорытынды бөлім
1. -Бүгінгі сабағымыз өздерің көргендей «Талап», «Еңбек», «Ой толғау», «Рақым», «Қанағат» деген бес бөлімнен тұрды. Бұл сөздер нені білдіреді?
-Бұл Абай атамыздың бес асылы еді.Бүгінгі Қожаның ісі қай қасиетке жатады?
-Автордың негізгі ойы неде?

2. Бағалау. Ұпайлармен бағалау
Үйге тапсырма. Мазмұнына дайындалу

ID: 1873 | Просмотров: 2820