Сайт учителя начальных классов
.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ана-біздің гүліміз
Мақсаты:
1.Білімділігі: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеушіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
2. Дамытушылығы: Балалардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелігі: Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: ойын
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе-дәптер №2, слайдтар, қабырға газеті.
Оқу іс-әрекетінің барысы: I. Ұйымдастыру.
а) Амандасу.
ә) Түгендеу.
б) Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан таңға.
II. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу.
А Л М А
Н А Н
А Н А

1.Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал.
(Алма)
2. Қасиетті тағам.
(Нан)
3. Ең жақын адам.
(Ана)
-Ал, балалар бізге ең жақын адам кім?
-«Ана»
-Ана бізге ең қымбат адам. Адам бойындағы барлық жақсы қаситтердің бәрі ананың сүтінен жаралған. Халық арасында « Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін айтып отыр. Балалар өз аналары туралы әңгімелейді.
III. Сергіту жаттығуы.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Әліппе-дәптердің 16- бетіндегі суреттерге назар аудару. « Ана- біздің гүліміз» өлең шумағының мазмұнын түсіндіру.
«Бәйшешек жинау» ойыны
Ал, балалар бәйшешекті бәріміз білеміз ғой. Ол көктем мезгілінде өседі. Оның түсі қызыл.
Енді осы бәйшешек жинау ойынын ойнайық.
Сұрақтары:
1.Ең қымбат жан кім?
2.Қазір жылдың қай мезгілі?
3.Ана туралы тақпақ айтып бер?
4.Мақал-мәтел.
5. «Ана» сөзін тақтаға жазып бер.
6. Мақал- мәтел (ана туралы).
7.Аналарға қандай сыйлық жасаймыз?
8. Қандай гүлдерді білеміз.
V. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне аналарына арнап гүлдің суретін жапсыру. Көмек керек балаларға көмектесу.
VI. Қорытынды.
-Балалар, бүгін біз не туралы сабақ өттік?
-Сабақ несімен ұнады?
-Ұнаған жерлерін айтқызу.
VII. Бағалау.

ID: 1541 | Просмотров: 2947